Жемістер маршы. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.
Бекітемін: | |||||
Бөлім: Тағамдар және сусындар | Сабақ: Жемістер маршы | ||||
Күні: 29.04.2016 | Мұғалімнің аты жөні: Шындаулетова Нұрлы Жомартовна | ||||
Сыныбы: 1в | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: | ||||
Оқыту мақсаттары. | 1.1.2.1 Өзге орындаушыларға тосыннан қосылу 1.4.2.1 Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтау | ||||
Сабақ мақсаттары. | Барлық оқушылар: Бұл бөлім музыка мен өнердің түрлі құрылымдарын және олардың арасындағы байланысты зерттейді. Бұдан бұрынғы бөлімдердегідей музыкалық-ырғақтық дағдыларды және дыбыстық естуді дамыту жалғастырылады. Музыкалық сауатын дамытады. Жұптасып жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылардың көпшілігі: Әндер мен музыкалардың жаңа репертуарын үйренеді. Белгілі бір тональділікті анықтау үшін регистрге (жоғары, төмен) қатысты кинестетикалық (дене) қимыл-қозғалыстармен байланыстыратын ойындар қолданылады. Кейбір оқушылар: Жоғары және төмен дыбыстарды ажырату дағдыларын және регистрді (жоғары, төмен) анықтау іскерлігін дамытуды жалғастырады. | ||||
Тілдік мақсаттар. | Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету). Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Пән лексикасы мен терминологиясы: Ән әуені Дыбыс биіктігі Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады … Мен әнді былай жалғастырар едім ... Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: – Сен дыбысты қалай сипаттар едің? – Қандай сезімде боласың? – … неліктен екендігін айта аласың ба? – … осы дыбысты неліктен таңдадың? | ||||
Бастапқы білімдер. | Оқушылар алдыңғы бөлімдерде, музыка сабақтарында алған білімдерін көрсетуді, орындауды, жасаған жұмыстарына пікір айтуды, өз шығармаларын таныстыруды үйренді. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ сатылары. | Сабақтағы жоспарланған әрекет | Ресурстар | |||
1 мин 5 мин 3 мин
2 мин |
Оқушыларға сұрақ:
Марш дегеніміз әуен ырғағы,өлшемі жігерлі музыкалық шығарма. Марш екпініндегі жүрістер салтанатты шерулерде, ұлы жеңіс мерекесінде,отан қорғаушылар мерекесінде тәуелсіздік мейрамында жүргізіледі. Видео көрсетем сіздерде өскенде әскер қатарына алынасыздар сол кезде сіздер де осы ағаларыңыздай отан алдындағы борышыңызды өтейсіз.Сол кезде түрлі патриоттық шараларда еліміздің көк туын желбіретіп әскери шерулерде жүрсеңіздер біз үшін ол үлкен мақтаныш. | «Сәлем! Привет! Hello” Музыкалық шулы аспаптар Алма және түрлі жемістер мен көкөніс суреттері | |||
Сабақтың ортасы. 20 мин 2 минут | Бүгінгі сабағымызда «Апорт деген тәтті алма» әнін үйренеміз. Әнді бірінші жаттап аламыз. Оқушылармен бірге көрсетіп, дұрыс орындалуын қадағалаңыз, көмектесіңіз. Енді ән жолдарын Curwen қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіп қысқа ән айтқызыңыз (бұл тапсырманы топқа бөліп жүргізуге де болады).з. Енді аспаптар қосамыз. Музыкада салмақты үлес, әлсіз үлес деген болады Ол акцент деп аталады. Ережені оқып, түсіндіріңіз. Ән ырғағында бастапқы буын үнемі салмақты болып келеді. Ән қайырмасын орындай отырып дәлелдеп көрсетіңіз. Оқушылармен бірге қайталап, пысықтаңыз. Акцент – акцент – accent сөздерін қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйретіңіз. | Аудиожазба «Апорт деген тәтті алма» (Д. Ботбаев) Шулы аспаптар | |||
Сабақтың соңы 5 минут. | Бағалау. Кері байланыс. Сұрақ жауап
| Аудиожазба, түрлі түсті суреттер Curwen қолдың жүйелік белгілер кестесі | |||
Қосымша ақпарат | |||||
Диференциация – көбірек қодау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ – мен байланыстар. Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент) | |||
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді диференциациялау . Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар. | Бақылау, тыңдау, оқушыларға ойлануға берілген сұрақтар: -Биік төмен дыбыстың айырмашылығы қандай? -Музыкалық дыбыстан не шығады? - Curwen қолдың жүйелік белгілерін балалар қалай түсініп қабылдады? | Дүниетанумен байланыс. Басқалармен жұмыс істеу,түрлі пікірлерді құрметтеу. | |||
Рефлексия Сабақтың мақсаттары, оқу мақсаттары шынайы болдыма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақтағы көңіл күй қандай болды? Менің диференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме? Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім? | Сол жақ бағанадан өз сабағымның туралы сұрақтарға жауап беремін. | ||||
Қорытынды баға7 Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті(сабақ беру туралы, үйрету туралы) 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді 1 2 Мен сабақ барысында сынып және жекешелеген оқушылар туралы келесісабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?