Картинадағы халық музыкасы. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С бөлім Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кенесарина Д.С.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Картинадағы халық музыкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Материалдар және олардың қасиеттері

1.6 Дереккөздер және зерттеулер

1.1.5.1

  • формалар мен бұйымдардың жасалу жолын және олардың қалай жұмыс істейтінін түсіне бастау

1.1.6.1

  • өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде, қарапайым тәсілдер арқылы шығармашылық идеяларын шығару және дамыту

 Сабақ мақсаттары

• оқушыларды өздері жасаған аспаптарының дыбыстарын шығарып, бастаған жұмыстарын аяқтауды үйрету;

• қолда бар материалдан музыкалық аспап жасау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды жалғастыру;

 Жетістік критерийлері

Идеясының өзіндік ерекшелігі;

Орындалу қарапайымдылығы;

Дыбысының дұрыс шығуы.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

қолда бар материал – подручные материалы – materials at hand

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Музыка. Ән айту және аспаптардан дыбыс шығару.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен таныстыру барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Аспаптарды безендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Сабақ басында өткен сабақта өздері жасаған музыкалық аспаптан дыбыс шығарып,қандай дыбыс шыққанын анықтауды ұсыну. Аспаптың дыбысы шығу үшін не істеу керек екенін сұрау.

Сабақтың ортасы

Қайталама немесе қолда бар материалдан жасалған аспаптан қандай дыбыс шығатыны туралы ойлануды сұрау. Мысалы, түтікшелер, түрлі тастар, жұқалтыр қағаз қолданылып, қораптан немесе темір құтыдан жасаған аспаптар қандай дыбыс шығарады?

Аспаптың дыбысы шығу үшін материалды дұрыс таңдау керек екеніне назар аудару. Оны дұрыс өлшеу, белгілеу және бөлшектерді біріктіру керек.

Оқушыларды қазақтың тағы бір музыкалық аспабы сыбызғымен таныстыру. Сыбызғы – қазақ халқының үрмелі музыкалық аспабы. Алғашқы сыбызғы қамыстан жасалған. Оқулықтағы суретті қарап шығуды ұсынып, ол туралы әңгімелеп беру. Мүмкіндік болса, дыбысын есту үшін сыбызғы туралы бейнематериалды көрсетіңіз.

Бұл сабақта оқушылар қолда бар материалды пайдаланып, басқа музыкалық аспап жасайды. Бұл оқушылар үйлерінен әкелген қаламның, фломастердің тысы, пішіні әр түрлі түймелер, жіптер, сүттен немесе йогурттан босаған пластикалық ыдыстар, пластикалық қақпақтар, түтікшелер және басқа да заттар болуы мүмкін. Оқушылар аспап жасау үшін өлшейді, белгілейді және жекелеген бөлшектерді біріктіреді. Халық әнін, биін сүйемелдеу үшін өздері жасаған аспаппен дыбыстар шығарып үйренеді.

Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар қайталама немесе қолда бар материалды пайдаланып, музыкалық аспап жасаулары керек. Аспап жасауды бастамай тұрып, одан қандай дыбыс шығарғылары келетінін анықтап алу керек. Оқушыларға ой тастау үшін презентациядағы қолдан жасалған аспаптардың суретін көрсету.

Презентацияның екінші бетін және бейнежазбаны көрсету.

Презентацияның үшінші беті

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің жұмыстары жайында қысқаша мәлімет береді. Яғни, тапсырманың қай бөлігінде қиыншылықтармен кездесіп, қай бөлігінің ұнағаны жайында да айтып өтеді.

Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмысына алғыс білдіріп,олар келесі сабақта өз бұйымдарын әшекейлеуді жалғастыратынын айтып өту.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырманы уақыттан бұрын орындаған оқушыларға, тарату материалында берілген қосымша апсырманы орындауды ұсыну.

Аспаптарды келесі критерийлер бойынша бағалау керек:

• идеясының өзіндік ерекшелігі;

• орындалу қарапайымдылығы; • дыбысының дұрыс шығуы.

Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушылар мұқият әрі ұқыпты жұмыс атқарады. Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін әрдайым ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу