Аспаптарды безендіру. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аспаптарды безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.2

өңдеудің қарапайым тәсілдерін тани және пайдалана бастау

1.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшеп безендіріп үйрену

 Жетістік критерийлері

-оқушы аспаптың, қалай дыбыс шығаратыны пішіні жайында қарапайым тілмен айтып бере алады

-оқушы өз идеясын қолданып әртүрлі материалдан жасап безендіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар

• Сіздің аспабыңыз неден жасалған?

• Ол қандай дыбыстар шығарады?

• Сіздің аспабыңызда сізге не ұнайды?

• тырнау, дыбыс шығару үшін саусақпен соққылау, екпін, зыңыл, қағу, шіңкілдеу, дірілдеу, үрлеу

• ақырын, қатты, барынша ақырын, барынша қатты, қаттырақ, ақырын

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұлттық аспаптармен таныстыру және бір-бірінің пікіріне деген сыйластықты қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүние тану,

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамымайды себебі , бұл сабақта қолданбайды

Бастапқы білім

Оқушы бейнелеу өнер құралдарымен және түрлі материалмен жұмыс жасай алады, музыкалық аспаптарды таниды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

  • сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

Оқушылармен «Аспаптарды безендіру» атты таныстырылымды қарап бірігіп сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау және оқушылармен бірігіп практикалық тапсырманы орындау критерилерін құрастырады

Сабақ соңында оқушылар; музыкалық аспапты безендіреді

«Аспаптарды безендіру» атты таныстырылым

Сабақтың ортасы

Жасалған аспаптарды дәстүрлі және қазіргі дизайнмен қалай безендіруге болатынын көрсетіңіз. «Сіздің аспабыңыз неге ұқсас болғанын қалайсыз?», «Дәстүр мен қазіргі заманға қалай әсер етеді?», «Өзіңе қалай әсер етеді?» деген сұрақтар қойыңыз.

Оқушылар өз аспаптарын безендіру алдында сурет дәптерлеріне өз аспаптарын қалай безендіретінін көрсетіп нобай жасайды. Бұл жұмысқа оқушыларға 5 минут беріледі

Сергіту сәті:

Содан кейін оқушылар өздерінің нобайларына қарап шабыттанып немесе сол идеяларды пайдаланып өз музыкалық аспаптарын безендіруге кіріседі.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің аспаптарын критерилер бойынша бағалайды

Төмендегідей қолда бар материалдар:

картон қораптар,

картон түтіктер

кішкентай тастар

резиналар

пластмасса контейнері

консерві банкалары

эластикалық мата

таяқтар

жұқалтыр қағаз

Сабақтың соңы

Талқылауға арналған сұрақтар

• Сіз бұл нәтижеге қалай жеттіңіз?

• Сіз қандай материал қолданар едіңіз?

• Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға жасаған жұмыстарына қосымша детальдар қосуды ұсынамын

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу