«Дәстүр». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


6 бөлім: «Салт-дәстүр және фольклор»

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

«Дәстүр»

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.3.1.1 ұлттық музыканы және өзге әлем мәдениеті музыкасын тыңдау және сезіну

1.3.1.2 қарапайым тіл, қимыл және қарапайым музыкалық көрсетілімді қолдана отырып өз ойлары мен сезімдерін сипаттау арқылы музыканы сезіну

1.2.1.1 өз дауысы мен музыкалық шулы аспаптарды, дыбыстарды, әуендерді, ырғақтарды қолдана отырып еркін зерттеу жүргізу

1.2.1.2 түрлі дыбыс композицияларды шығармашылық түрде ұсыну және зерттей бастау (қарапайым соқпалы музыкалық аспаптар арқылы)

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

музыкалық дәстүрлер жайлы білімдерін нығайтады

«Қамажай» халық әнін үйренеді

Бағалау критерийлері

Ұлттық музыканы тыңдай отырып, өз сезімдерін сипаттайды

Ұлттық музыкаға байланысты музыкалық көрсетілімдерді жасайды

Пәнаралық баланыс

Қазақ тілі- дәстүрлі әннің сөзін талдап, мағынасын түсінеді

Дүниетану- оқушылар дәстүр туралы білетін мағлұматтарымен бөліседі

Құндылықтар дарыту

Ынтымақтастық - басқа оқушылармен жұмыс жасау, топтарда жұмыс істеу барысында оқушылардың бойында коммуникабельдік белгілер қалыптасады.

Қазақстандық патриотизм- халық өнерімен танысу, өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілікпен қарауға баулу

Меңгерілетін сөздер

Тілдік мақсаттар:

• өз жұмысына түсініктеме беріп өзгертулер енгізу

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Дәстүр

Халық әні

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл ән не туралы?

Әнді қалай орындауға болады?

Қандай дәстүрлерді білесіздер?

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдерден, сабақта және музыка сабағынан тыс уақытта, өз жұмыстарын жасайды, орындайды және түсініктеме береді

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Ортасы

Аяғы

Сәлемдесу «Жылы создер»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілектер айтады. / бұл әрекет оқушыларды сабаққа жақсы көңіл-күймен қатысуын қамтамасыз етеді/

  • Балалар, қараңдаршы біздің сыныптың қабырғаларында түрлі-түсті шашылып жатқан әріптер бар. Бәрін тауып алып сөз құрайық

әріптерден сөз құрау

Д, с, т, р, ә, ү

Оқушылармен әңгімелесу:

  • Суретте не көріп тұрсыңдар?
  • Қазақ халқының дәстүрі деген сөзді естігенде қандай ассоциация пайда болады?
  • Қандай дәстүрлерд білесіздер?

Салт-дәстүр сөзінің мағынасын түсіндіру

Балалар қазақ халқы хаоық өнері мен дәстүрлерге бай халық. Әрбір дәстүрлі мереке әрқашанда халық әндерімен, күйлерімен әрленген.

Мысалы бала уату, бесік жыры әндері нәрестені бесікке салғанда айтылады, жар-жар, беташар әндері үйлену тойында айтылады.

Шығармашылық тапсырма

Қазір сендерге екі топқа бірігу қажет.

/түстер бойынша топқа бөлу/

1 тапсырма.

Әр топқа белгілі бір салт-дәстүрлердің, әрекеттердің суреттері беріледі.

Сендер суреттерді сәйкес атаудың қасына қою керексіңдер.

2 тапсырма

Сонан кейін бір салт-дәстүрді таңдап алып суретте бейнеленген әрекетті актерлер сияқты көрсету қажет.

Презентация

Топтар өз жұмысын таныстырады.

Сахналау тапсырмасынан кейін келесі топ сол оқушыларды мадақтап бас бармақтарын жоғары көтереді.

Музыка тыңдау және талдау

«Қамажай» халық әні

  • әннің сипаты, екпіні, ырғағы қандай?
  • Әнге қандай әрекеттер жасауға болады?

Әнді үйрену және орындау

Оқушылар мұғалімнің айтқан әуенін қайталап әннің әуенін үйренеді

  • Түстер бойынша топтарға бөлу

Оқушылар үш топқа бөлініп, әннің 3 шумағы мен қайырмасын орындауға дайындалады.

Әр топ өз шумағына музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеу ойластырады.

Әр топ мұғалімнің сүйемелдеуімен өз шумақтарын орындайды, қажет уақытта қосылып аспаппен сүймелдеуді орындайды

Би флэш моб қыздар мен ұлдар кезек пен қазақ биінің қимылдарын жасайды.

Рефлексия

  • Мен бүгін не үйрендім?
  • Маған сабақта қай кезең қиын болды?

презентация

Сөйлейтін қабырғаларды әріптер

Дәстүрге байланысты суреттер

Синтезатор, қамажай әнінің сөздері

Музыкалық аспаптар, қазақ халық ұрмалы және шулы аспаптары- асатаяқтар, тоқылдақ, дауылпаз, тұяқтас

Қамажай жадо музыка

Қосымша ақпарат

Дифференциация көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

• шығармашылық тапсырма орындау кезінде саралау жүргізу

бақылау, тыңдау

оқушылар уақытында тоқтап, қосыла ала ма?

Өз жұмысын қалай бағалайды?

бағалау критерийі бойынша

Би қимылдарын жасау уақытында оқушылар қозғалады, дене мүшелерімен қимылдар жасайды.

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу