5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: 5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау.

Әдістемелік нұсқау.

Оқушыларды:

  • Тура және кері пропорционал шамаларды анықтайды;
  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып пайызға есептер шығарады; Алгебралық өрнектерді тепе –тең түрлендіруді орындайды;
  • түріндегі теңдеулерді шешеді;

І. «Бақытты сәт» іскерлік ойыны.

Керекті құрал –жабдықтар:

  • Нөмерленген бөшкелер
  • Құм сағат
  • Ортақ бағалау парағы
  • Фишкалар
  • Конкурс тапсырмалары
  • Жауап үлгілері

І гейм «Бой сергіту»:

Берілген 10 сұраққа әр топ кезекпен жауап береді.

  • Топ
  • Қатынас дегеніміз ... .
  • Екі қатынастың теңдігі ... .
  • Тура пропорционал шамалар дегеніміз ... .
  • «+» таңбасымен жазылған сандар ... деп аталады
  • Координаталық түзу дегеніміз ... .
  • Қарама- қарсы сандар дегеніміз ... .
  • Екі теріс санды қосу үшін ... .
  • Рационал сандарды азайту үшін ... .
  • Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін ... .
  • Таңбалары бірдей екі санды бөлу үшін ... .
  • Жақша алдында «+» таңбасы болса, онда ... .
  • Ұқсас қосылғаштарды қосу... деп аталады.
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп ... .
  • Мәндес теңдеу дегеніміз ... .
  • Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама –қарсыға өзгертіп, ... (теңдеудің 1- қасиеті).
  • Топ
  • Екі санның бөліндісін ... .
  • Пропорцияның негізгі қасиеті ... .
  • Кері пропорционал шамалар дегеніміз ... .
  • «-» таңбасымен жазылған сандар ... деп аталады
  • Берілген санға координаталық түзу бойында ... нүкте сәцкес келеді.
  • Бүтін сандар дегеніміз ... .
  • Таңбалары әртүрлі екі санды қосу үшін ... .
  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін ... .
  • Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін ... .
  • Таңбалары әр түрлі екі санды бөлу үшін ... .
  • Жақша алдында «-» таңбасы болса, онда ... .
  • Ұқсас қосылғыштарды біріктіру дегеніміз ... .
  • ах= в түріндегі теңдеу ... деп аталады.
  • теңдеуді шешу дегеніміз ... .
  • Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға ... (теңдеудің 2- қасиеті).

Қорытынды. Бағалау парағын толтыру.

ІІ гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

6.5.1.1 тура және кері пропорционал шамаларға байланысты есептерді анықтайды және шешеді;;

1. 2 га жерге қант қызылшасы егіліп, одан 700 ц өнім алынды. 7 га жерден неше т қант қызылщасы алынады?

2. Жылдамдығы 50 км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағат жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді?

3. Ыстық күні 6 орақшы ыдыстағы айранды 8 сағат ішті. Осындай ыдыстағы айранды неше орақшы 3 сағат ішеді?

4.Қарға 3 секундта 45 м қашықтыққа ұшалы, Осы жылдамдықпен қарға 8 секундта неше метр қашықтыққа ұшады?.

Дескриптор

1

Тура пропорционал шамаларды анықтайды.

2

Кері прлпорционал шамаларды анықтайды.

3

Попорцияны дұрыс құрады.

4

Тура пропорционал шамаларды табады.

5

Кері прлпорционал шамаларды табады.

6.5.1.2 пропорцияның көмегімен пайызға есептер шығарады;

5. Токарь 5 айда жылдық жоспардың 47,5 % -ін орындады. Токарь осындай тұрақты жұмыс өнімділігімен 12 айда жылдық жоспарды неше процент орындайды?

6. Дәптерде 24 бет бар. Мадина дәптер беттерінің 25 % -ін жазды. Дәптердің жазылмаған неше беті қалды?

7. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 %-ін жыртқанда , 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?

8. Жерге себілген 300 пияз тұқымының 195-і өнді. Пияз тұқымының өнімділігі неше процент болды?

Дескриптор

1

Пропорцияны дұрыс құрады.

2

Пропорцияның негізгі қасиетін біледі.

3

Пайызды есептей алады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

ІІІ гейм «Жұмбақтас»

6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешеді;, мұндағы а мен в –рационал сандар ;

Теңдеуді шешіңіздер:

1.

2.

Дескриптор

1

Модулдің анықтамасын қолданады.

2

Сызықтық теңдеулерді шешеді.

3

Түбірлерді табады.

6.5.1.6 сызықты теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шешеді;

  • Еділ мен Жайықтың ұзындығын қоса есептегенде 4255 км . Еділ Жайқтан 315 км-ге ұзын. Еділ мен Жайықтың әрбірінің ұзындығын табыңыздар.
  • Үшбұрыштың периметрі 35 см. Үшбұрыштың бір қабырғасы екіншісі қабырғасынан 4 есе ұзын, үшінші қабырғасынан

1 см ұзын. Үшбұрыштың қабырғаларының үзындықтарын табыңыздар.

Дескриптор

1

Негізгі белгісізді анықтайды.

2

Негізгі белгісізді пайдаланып өрнек құрастырады.

3

Теңдеу құрады.

4

Теңдеуді шешеді.

5

Мәтінді есептің жауабын табады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

IV гейм. «Сен - маған, мен - саған»

        • алгебралық өрнектерді тепе тең түрлендіруді орындайды;;
  • топ

Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыздар:

  • 2(а - 3в) + 3а + в мұндағы а = - 2, в = 3
  • -4(7- 0,5х) – (12 - 20х) мұндағы х = - 0,2

2-Топ

Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыздар:

  • 3(2с - 3d) + 2(5c - d) мұндағы c = - 1 , d = 4
  • -5(5a – 0,3) – (3 – 14a) мұндағы a = - 0,5

Дескриптор

1

Жақшаларды ашады.

2

Ұқсас мүшелерді біріктіреді.

3

Өрнектің мәнін табады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.Оқушыларға дене талуын, шаршауын басатын жаттығулардың маңыздылығын айту керек.

V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

6.1.2.22 құрамында рационал сандар бар санды өрнектердің мәнін табады;

1-топ

Өрнектің мәнін табыңыздар:

1. -25 + (- 8) 2. 3. 5,1 + (- 12,3)

4. 5. 6.

7. 8.

2-топ

Өрнектің мәнін табыңыздар:

1. - 96 + (-101) 2. 3. 41, 3 + (-4,6)

4. 5. 6.

7. 8.

Дескриптор

1

Рационал сандарды қосады.

2

Рационал сандарды азайтады.

3

Рационал сандарды көбейтеді.

4

Рационал сандарды бөледі.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

Қорытындылау. Марапаттау.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта ... білдім.
  • … үйрендім.
  • … қиындықтар туындады.
  • … әлі де жұмыстануым керек.
  • … маған қызық болды?

Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU - сергіту сәті.
  • Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.
  • Математикалан мәтіндік есептер. Жанасбаева Ұ.Б.Алматы 2016.
  • Математика. Н.Я.Виленкин. 6 класс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу