5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ № 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Изтелеуова Г.Д.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.1 тура және кері пропорционал шамаларға байланысты есептерді анықтайды және шешеді;

6.5.1.2 пропорцияның көмегімен пайызға есептер шығарады;

6.1.2.22 құрамында рационал сандар бар санды өрнектердің мәнін табады;

6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе –тең түрлендіруді орындайды;;

6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешеді;, мұндағы а мен в –рационал сандар;

 6.5.1.6 сызықты теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шешеді.

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Тура және кері пропорционал шамаларды анықтайды;
  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып пайызға есептер шығарады; Алгебралық өрнектерді тепе –тең түрлендіруді орындайды;
  • түріндегі теңдеулерді шешеді;
  • Сызықты теңдеулердің көмегімен мәтенді есептерді шешеді.

 Бағалау

критерийлері

Білу және түсіну

Тура және кері пропорционал шамаларды анықтайды;

Пропорцияның негізгі қасиетін біледі;

Амалдардың орындалу ретін анықтайды;

Модульдің анықтамасын біледі;

Білімін қолдану

Тура және кері пропорционал шамаларды табады;

Рационал сандарға амалдар қолданады;

Алгебралық өрнектерді тепе –тең түрлендіруді орындайды;

түріндегі теңдеулерді шешеді;

Сызықты теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шешеді;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тура және кері пропорционал шамаларды анықтайды; рационал сандарға амалдар қолданады; белгісіз модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулердіжәне сызықтық теңдеулерді шешеді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тура және кері пропорционал шамалар , пропорция, пропорцияның шеткі мүшесі, ортаңғы мүшесі;

Рационал сандар, қосу, азайту, көбейту, бөлу;

Модуль, сызықты теңдеу, түбірлері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде) , екінші шама ... .

Пропорцияның белгісіз мүшесін табу үшін ... .

Оң санның модулі .... , теріс санның модулі ... .

Оң, теріс сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу.

Сызықтық теңдеу, математикалық моделі

 Құндылықтарды дарыту

 

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

Тәрбиелік мағына

«Мәңгілік ел»

Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

География

 АКТ-ны қолдану дағдылары

Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту

Бастапқы білім

Амалдардың орындалу ретін білу, өрнектің мәнін таба білу, сызықтық теңдеуді шешу, санның модулін табу.

 Сабақ түрі

Білім жүйелеу, қайталау сабағы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

  • сабақ.

Сабақтың басы

3 мин

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

Сурет қиындылары арқылы сынып оқушыларын 2- топқа бөлу , топ басшысын сайлау, бағалау парағын үлестіру.

Ресурстар

3 мин

3 мин

1 мин

10 мин

1 мин

6 мин

1 мин

3 мин

1 мин

4 мин

1 мин

1 мин

І. «Бақытты сәт» іскерлік ойыны.

Керекті құрал –жабдықтар:

  • Нөмерленген бөшкелер
  • Құм сағат
  • Ортақ бағалау парағы
  • Фишкалар
  • Конкурс тапсырмалары
  • Жауап үлгілері

І гейм «Бой сергіту»:

Берілген 10 сұраққа әр топ кезекпен жауап береді.

  • Топ
  • Қатынас дегеніміз ... .
  • Екі қатынастың теңдігі ... .
  • Тура пропорционал шамалар дегеніміз ... .
  • «+» таңбасымен жазылған сандар ... деп аталады
  • Координаталық түзу дегеніміз ... .
  • Қарама- қарсы сандар дегеніміз ... .
  • Екі теріс санды қосу үшін ... .
  • Рационал сандарды азайту үшін ... .
  • Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін ... .
  • Таңбалары бірдей екі санды бөлу үшін ... .
  • Жақша алдында «+» таңбасы болса, онда ... .
  • Ұқсас қосылғаштарды қосу... деп аталады.
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп ... .
  • Мәндес теңдеу дегеніміз ... .
  • Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама –қарсыға өзгертіп, ... (теңдеудің 1- қасиеті).
  • Топ
  • Екі санның бөліндісін ... .
  • Пропорцияның негізгі қасиеті ... .
  • Кері пропорционал шамалар дегеніміз ... .
  • «-» таңбасымен жазылған сандар ... деп аталады
  • Берілген санға координаталық түзу бойында ... нүкте сәцкес келеді.
  • Бүтін сандар дегеніміз ... .
  • Таңбалары әртүрлі екі санды қосу үшін ... .
  • Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін ... .
  • Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін ... .
  • Таңбалары әр түрлі екі санды бөлу үшін ... .
  • Жақша алдында «-» таңбасы болса, онда ... .
  • Ұқсас қосылғыштарды біріктіру дегеніміз ... .
  • ах= в түріндегі теңдеу ... деп аталады.
  • теңдеуді шешу дегеніміз ... .
  • Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға ... (теңдеудің 2- қасиеті).

Қорытынды. Бағалау парағын толтыру.

ІІ гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

6.5.1.1 тура және кері пропорционал шамаларға байланысты есептерді анықтайды және шешеді;;

1. 2 га жерге қант қызылшасы егіліп, одан 700 ц өнім алынды. 7 га жерден неше т қант қызылщасы алынады?

2. Жылдамдығы 50 км/сағ жүк пойызы екі қала арасын 6 сағат жүрді. Осы аралықты жолаушылар пойызы 75 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүреді?

3. Ыстық күні 6 орақшы ыдыстағы айранды 8 сағат ішті. Осындай ыдыстағы айранды неше орақшы 3 сағат ішеді?

4.Қарға 3 секундта 45 м қашықтыққа ұшалы, Осы жылдамдықпен қарға 8 секундта неше метр қашықтыққа ұшады?.

Дескриптор

1

Тура пропорционал шамаларды анықтайды.

2

Кері прлпорционал шамаларды анықтайды.

3

Попорцияны дұрыс құрады.

4

Тура пропорционал шамаларды табады.

5

Кері прлпорционал шамаларды табады.

6.5.1.2 пропорцияның көмегімен пайызға есептер шығарады;

5. Токарь 5 айда жылдық жоспардың 47,5 % -ін орындады. Токарь осындай тұрақты жұмыс өнімділігімен 12 айда жылдық жоспарды неше процент орындайды?

6. Дәптерде 24 бет бар. Мадина дәптер беттерінің 25 % -ін жазды. Дәптердің жазылмаған неше беті қалды?

7. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 %-ін жыртқанда , 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?

8. Жерге себілген 300 пияз тұқымының 195-і өнді. Пияз тұқымының өнімділігі неше процент болды?

Дескриптор

1

Пропорцияны дұрыс құрады.

2

Пропорцияның негізгі қасиетін біледі.

3

Пайызды есептей алады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

ІІІ гейм «Жұмбақтас»

6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешеді;, мұндағы а мен в –рационал сандар ;

Теңдеуді шешіңіздер:

1.

2.

Дескриптор

1

Модулдің анықтамасын қолданады.

2

Сызықтық теңдеулерді шешеді.

3

Түбірлерді табады.

6.5.1.6 сызықты теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шешеді;

  • Еділ мен Жайықтың ұзындығын қоса есептегенде 4255 км . Еділ Жайқтан 315 км-ге ұзын. Еділ мен Жайықтың әрбірінің ұзындығын табыңыздар.
  • Үшбұрыштың периметрі 35 см. Үшбұрыштың бір қабырғасы екіншісі қабырғасынан 4 есе ұзын, үшінші қабырғасынан

1 см ұзын. Үшбұрыштың қабырғаларының үзындықтарын табыңыздар.

Дескриптор

1

Негізгі белгісізді анықтайды.

2

Негізгі белгісізді пайдаланып өрнек құрастырады.

3

Теңдеу құрады.

4

Теңдеуді шешеді.

5

Мәтінді есептің жауабын табады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

IV гейм. «Сен - маған, мен - саған»

        • алгебралық өрнектерді тепе тең түрлендіруді орындайды;;
  • топ

Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыздар:

  • 2(а - 3в) + 3а + в мұндағы а = - 2, в = 3
  • -4(7- 0,5х) – (12 - 20х) мұндағы х = - 0,2

2-Топ

Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыздар:

  • 3(2с - 3d) + 2(5c - d) мұндағы c = - 1 , d = 4
  • -5(5a – 0,3) – (3 – 14a) мұндағы a = - 0,5

Дескриптор

1

Жақшаларды ашады.

2

Ұқсас мүшелерді біріктіреді.

3

Өрнектің мәнін табады.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.Оқушыларға дене талуын, шаршауын басатын жаттығулардың маңыздылығын айту керек.

V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

6.1.2.22 құрамында рационал сандар бар санды өрнектердің мәнін табады;

1-топ

Өрнектің мәнін табыңыздар:

1. -25 + (- 8) 2. 3. 5,1 + (- 12,3)

4. 5. 6.

7. 8.

2-топ

Өрнектің мәнін табыңыздар:

1. - 96 + (-101) 2. 3. 41, 3 + (-4,6)

4. 5. 6.

7. 8.

Дескриптор

1

Рационал сандарды қосады.

2

Рационал сандарды азайтады.

3

Рационал сандарды көбейтеді.

4

Рационал сандарды бөледі.

Дескриптор бойынша бағалау. Бағалау парағын толтыру.

Қорытындылау. Марапаттау.

Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.

Математикалан мәтіндік есептер. Жанасбаева Ұ.Б.

Алматы 2016

Математика. Н.Я.Виленкин.

6 класс.

Математика. Н.Я.Виленкин.

6 класс.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU - сергіту сәті.

Математика. Н.Я.Виленкин.

6 класс.

2 мин

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта ... білдім.
  • … үйрендім.
  • … қиындықтар туындады.
  • … әлі де жұмыстануым керек.
  • … маған қызық болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.

Өзін-өзі бағалау.

Мұғалімнің бағалауы.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу