Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану; 6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - «х - … , у - ... болсын»; - айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз; - жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар арасында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, жұпта / топта тапсырмаларды орындау кезінде өзара әрекеттесу, өзара жауапкершілік және өзара құрметтеу құндылықтарын дарыту | |||||
Пәнаралық байланыстар | Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру. | |||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 – 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі Біріккен оқу ортасын құру. Өткен материалды өзектендіру мақсатында «ыстық орындық» ұйымдастыру. Бір оқушы отырады, қалған оқушылар сұрақ қояды, сұраққа отырған оқушы жылдам жауап беруі керек. Өз еркімен шыққысы келген бірнеше оқушы шығады.
| Қосымша 1 Слайд 4 | ||||
Сабақтың ортасы 5 – 11 мин 11 – 20 мин 20 – 29 мин 29 – 30 мин 30 – 37 мин 37 – 38 мин | Жаңа материалды сыныппен бірігіп оқып, түсіну. Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын баяндау, талдау. Құрамында а жүздік, b ондық және с бірлігі бар үш таңбалы санды түрінде жазады. Бұндай сандарды мына түрде жазуға болады; Екі таңбалы сан: Үш таңбалы сан: . Мысалы: . Есіңе сақта! Санның формуласын қолданып шығарылатын есептердің үлгісі:
у – бірліктер цифры.
Мысал-1 түріндегі үш таңбалы санды көпмүше түрінде жазып, шыққан қосынды мен айырманы ықшамдаңыз: Мысал-2 Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер осы цифрларының орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 1-ге арттырсақ, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Осы екі таңбалы санды табңыңдар. Шешуі:
, . Жауабы: 37 және 74. Мысал-3 үш таңбалы саны мен сандарының жарты қосындысына тең, ос ыүштаңбалы санды табыңыз. Жауабы: 407; 518; 629 ... ( бірнеше шешімі бар). Жұптық жұмыс №1. Есептеңіздер. a) abc-cba b) mnk- nkm c) abc- ac d) mnk- mn №2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9- ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63- ке кем сан шығады. Жауабы: 81 №3. Егер үш орынды санның бірінші цифрын п-ге арттырсақ, ал екінші және үшінші цифрларын п-ге кемітсек, онда берілген саннан п есе үлкен сан аламыз. Берілген үш орынды санды және п-ді анықтаңыздар. Шешуі: 89 жай сан, сондықтан n - 1 саны 1 – ге немесе n саны n – 1 санына бөлінеді. Демек, екі жағдайда да n = 2 болады. Жауабы: 178. Дескриптор: Білім алушы:
Тапсырмалар орындалып болған соң, дайын дескриптор арқылы бірін – бірі бағалауды ұйымдастыру. Жеке жұмыс №4. Үш таңбалы санның бірінші цифрын санның соңына тіркеп жазыса, онда ол сан 441 – ге кемиді. Бұл қандай сан? Жауабы: 506; 617; 728; 839, 950 (506-дан орнын ауыстырғаннан 065 шығады, ол-65). №5. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 16-ға тең. Берілген екі таңбалы санның соңына 1-ді тіркеп жазсақ, алғашқы саннан 874-ке артық сан шығады. Екі таңбалы санды табыңыз. Жауабы: 97. №6. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысының мəні ең кіші екі таңбалы санға тең. Ал оның ондықтарын көрсететін цифр бірліктерін көрсететін цифрдан 4 есе артық. Бұл қандай сан? Жауабы: 82. Дескриптор: Білім алушы:
Тапсырмалар орындалып болған соң, дайын дескриптор арқылы өзін – өзі бағалауды ұйымдастыру. | Слайд 4 Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж. Қосымша 1 Слайд 5 - 6 М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г. Слайд 7 Қосымша 2 Слайд 8 Қосымша 3 | ||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
жазуларын қолдануы туралы. Үйге тапсырма 1) abc + bc; 2) abc – bа. Рефлексия | Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж. Слайд 9 - 10 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында сандармен зерттеу тапсырмаларын орындау ұсынылады. | Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?