Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару
6.2.1.13
сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;
6.5.1.7
мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Бүгінгі тапсырмалар толық орындалуы үшін, оқушылар сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Өткен сабақты өзектендіру мақсатында:
- сандармен байланысты есептер ұғымы;
- формуласына талдау:
- осы формуланы қолдану алгоритмі.
Бүгінгі сабақ мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру. формуласын дәлелдеу есептеріне қолдану.
Бүгінгі сабақта
Формуласын сандарға қатысты дәлелдеу есептеріне қолдануды түсінеміз.
Мысал – 1.
Екі таңбалы сан мен сол екі таңбалы санның цифрларын кері тәртіпте жазғанда шыққан санның қосындысы 11-ге бөлінетінін дәлелдеңіздер.
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу: ,
.
Көбейткіштердің біреуі 11 – ге бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 11 – ге бөлінеді.
Дәлелденді.
Мысал – 2.
, a > c, саны 99 – ға бөлінетінін дәлелдеңіздер.
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу: , ,
Көбейткіштердің біреуі 99 – ға бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 99 – ға бөлінеді.
Дәлелденді.
Мысал – 3.
Үш таңбалы сан қатар бірінен кейін бірі жазылған. Шыққан санның 7; 11 және 13 – ке бөлінетінін дәлелдеңіз.
Дәлелдеуі:
Көбейткіштердің біреуі 7; 11; 13 – ке бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 7; 11; 13 – ке бөлінеді.
Дәлелденді.
Жұптық жұмыс, бірігіп дәлелдеу тапсырмаларын орындау.
№1.
Төрт таңбалы сан мен сол төрт таңбалы санның цифрларын кері тәртіпте жазғанда шыққан санның қосындысы 11-ге бөлінетінін дәлелдеңіздер.
№2.
37 – ге бөлінетін үш таңбалы санның цифрларының орындарын ауыстырып 37 – ге бөлінетін сан жазуға бола ма?
Шешуі:
,
Дәлелдеу керек:
Дәлелдеу:
.
Жауабы: болады.
№3.
Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 9 - ға тең. Ортасындағы цифр 0. Егер бірінші және соңғы цифрларының орындарының ауыстырсақ, онда шыққан сан берілген саннан 99-ға үлкен болады. Берілген санды табыңдар.
Жауабы: 405.
Дескриптор: Білім алушы:
- берілген сандарды флормула түрінде жазады;
- есеп шартына сәйкес теңдеу құрады;
- есептеулерді дұрыс жүргізіп, берілген санды табады.
Тапсырмаларды орындау уақыты болған кезде тақтаға дайын дескриптор, жауапты ашыңыз, жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.
Көзге жаттығу
Жеке жұмыс
№4.
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер цифрларының орындарын ауыстырып қойсақ, онда берілген саннан 18-ге үлкен сан шығады. Осы санды табыңдар.
Жауабы: 57.
№5.
санының - ға бөлінетіні белгілі болса, онда дәлелдеңіз.
№6.
саны 13 – ке бөлінсе, онда саны 13 – ке бөлінетінін дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы:
- берілген сандарды флормула түрінде жазады;
- есеп шартына сәйкес теңдеу құрады;
- есептеулерді дұрыс жүргізіп, берілген санды табады;
- шарт бойынша дәлелдеулерді орындайды.
Тапсырмаларды орындау уақыты болған кезде тақтаға дайын дескриптор, жауапты ашыңыз, оқушы өін – өзі бағалауды ұсыныңыз.
Түсінбеген тапсырма болса өзге оқушыдан көмек сұрау. Мұғалім түсінік жұмыстарына кері байланыс береді.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- сандармен байланысты дәлелдеулер орындау алгоритмі;
- формуланы қолдану түсінікті ме?
- есептеу, дәлелдеу дағдылары жеткілікті дәрежеде ме?
Үйге тапсырма
Берілген екі таңбалы санның сол жағына 2 цифрын жазсақ, онда алынған үш таңбалы сан бастапқы саннан 9 есе артық болады. Берілгені қандай сан?
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
- Бүгін мен білдім-----------------------------------------------
- Қиын болды-----------------------------------------------------
- Бүгінгі сабақта не ұнады-------------------------------------
- Енді мен білемін-----------------------------------------------
- Менде қалыптасты--------------------------------------------
- Мен бүгін тапсырманы---------------------------------------
- Менің енді білгім келеді-------------------------------------
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
- М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды