Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдануды үйрету;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешуді үйрету.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолданып біледі:
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешіп біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Оқушылар арасында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, жұпта / топта тапсырмаларды орындау кезінде өзара әрекеттесу, өзара жауапкершілік және өзара құрметтеу құндылықтарын дарыту

 Пәнаралық

  байланыстар

Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Біріккен оқу ортасын құру

Үй тапсырмасын тексеру, қосымша сұрақтар туындаса жауап беру.

Өткен сабақты өзектендіру

  • сандармен байланысты есептер ұғымы;
  • формуласына талдау:
  • осы формуланы қолдану алгоритмі.

Қосымша 1

Слайд 4

Сабақтың ортасы

3 – 15 мин

15 – 24 мин

24 – 25 мин

25 – 27 мин

27 36 мин

36 38 мин

Бүгінгі сабақта

Формуласын сандарға қатысты дәлелдеу есептеріне қолдануды түсінеміз.

Мысал – 1.

Екі таңбалы сан мен сол екі таңбалы санның цифрларын кері тәртіпте жазғанда шыққан санның қосындысы 11-ге бөлінетінін дәлелдеңіздер.

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу: ,

.

Көбейткіштердің біреуі 11 – ге бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 11 – ге бөлінеді.

Дәлелденді.

Мысал – 2.

, a > c, саны 99 – ға бөлінетінін дәлелдеңіздер.

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу: , ,

Көбейткіштердің біреуі 99 – ға бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 99 – ға бөлінеді.

Дәлелденді.

Мысал – 3.

Үш таңбалы сан қатар бірінен кейін бірі жазылған. Шыққан санның 7; 11 және 13 – ке бөлінетінін дәлелдеңіз.

Дәлелдеуі:

Көбейткіштердің біреуі 7; 11; 13 – ке бөлінсе, көбейтіндінің мәні де 7; 11; 13 – ке бөлінеді.

Дәлелденді.

Жұптық жұмыс, бірігіп дәлелдеу тапсырмаларын орындау.

1.

Төрт таңбалы сан мен сол төрт таңбалы санның цифрларын кері тәртіпте жазғанда шыққан санның қосындысы 11-ге бөлінетінін дәлелдеңіздер.

№2.

37 – ге бөлінетін үш таңбалы санның цифрларының орындарын ауыстырып 37 – ге бөлінетін сан жазуға бола ма?

Шешуі:

,

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу:

.

Жауабы: болады.

№3.

Үш таңбалы санның цифрларының қосындысы 9 - ға тең. Ортасындағы цифр 0. Егер бірінші және соңғы цифрларының орындарының ауыстырсақ, онда шыққан сан берілген саннан 99-ға үлкен болады. Берілген санды табыңдар.

Жауабы: 405.

Дескриптор: Білім алушы:

  • берілген сандарды флормула түрінде жазады;
  • есеп шартына сәйкес теңдеу құрады;
  • есептеулерді дұрыс жүргізіп, берілген санды табады.

Тапсырмаларды орындау уақыты болған кезде тақтаға дайын дескриптор, жауапты ашыңыз, жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Көзге жаттығу

Жеке жұмыс

№4.

Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер цифрларының орындарын ауыстырып қойсақ, онда берілген саннан 18-ге үлкен сан шығады. Осы санды табыңдар.

Жауабы: 57.

№5.

санының - ға бөлінетіні белгілі болса, онда дәлелдеңіз.

№6.

саны 13 – ке бөлінсе, онда саны 13 – ке бөлінетінін дәлелдеңіз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • берілген сандарды флормула түрінде жазады;
  • есеп шартына сәйкес теңдеу құрады;
  • есептеулерді дұрыс жүргізіп, берілген санды табады;
  • шарт бойынша дәлелдеулерді орындайды.

Тапсырмаларды орындау уақыты болған кезде тақтаға дайын дескриптор, жауапты ашыңыз, оқушы өін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Түсінбеген тапсырма болса өзге оқушыдан көмек сұрау. Мұғалім түсінік жұмыстарына кері байланыс береді.

Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.

Слайд 5 – 7

Қосымша 1

М .Л. галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.

Қосымша 2

Слайд 8

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • сандармен байланысты дәлелдеулер орындау алгоритмі;
  • формуланы қолдану түсінікті ме?
  • есептеу, дәлелдеу дағдылары жеткілікті дәрежеде ме?

Үйге тапсырма

Берілген екі таңбалы санның сол жағына 2 цифрын жазсақ, онда алынған үш таңбалы сан бастапқы саннан 9 есе артық болады. Берілгені қандай сан?

Рефлексия

  • Бүгін мен білдім-----------------------------------------------
  • Қиын болды-----------------------------------------------------
  • Бүгінгі сабақта не ұнады-------------------------------------
  • Енді мен білемін-----------------------------------------------
  • Менде қалыптасты--------------------------------------------
  • Мен бүгін тапсырманы---------------------------------------
  • Менің енді білгім келеді-------------------------------------

М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.

Қосымша 4

Слайд 11 - 12

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген, дәлелдеуге ұсынылады. Оқушының формуланы қолдану, ойлау қабілетін шыңдау барысында жаттықтыру.

Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау, жеке жұмыста өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, көзге жаттығу орындау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу