Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы НЗМ ХББ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдануды үйрету;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешуді үйрету.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолданып біледі:
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешіп біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. Академиялық әділдікті сақтау және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру.

 Пәнаралық

  байланыстар

Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақта көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін, біріккен оқу ортасын құру.

Өткен сабақта алған білімді актуалдандыру.

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде жаңа айнымалы енгізу.

Өзара ауызша бағалау жүргізу.

Слайд 4

Сабақтың ортасы

3 – 15 мин

15 – 17 мин

17 – 27 мин

27 – 28 мин

28 – 30 мин

30 – 37 мин

37 – 38 мин

Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бұл тақырыпты түсіну үшін оқушыларды үш топқа біріктіріңіз. Топтық жұмыс арқылы түсіндіре отырып оқытуды ұйымдастырыңыз.

Сынып бөлмесін ойша үш бөлікке бөліңіз, әр бөлікке деңгейлік тапсырмаларды бекітіңіз. Әр топ тек бір деңгейдің тапсырмасын алып орындайды. Уақыты келгенде бір оқушы топ жұмысын тақтада қорғайды. Егер топ һз жұмысын ерте бітірсе, келесі деңгей тапсырмасын ұсынуға болады. Үш топ өз жұмыстарын қорғап болған соң, қосымша сұрақтар қою арқылы екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі көмегімен мәтін есептерді шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.

Деңгей – 1.

Екі санның арифметикалық ортасы 19 – ға тең болса, айырмасы 4 – ке тең. Осы сандарды табыңдар.

; Жауабы: 21 және 17

Деңгей – 2.

Екі балада 15 алма бар. Егер бірінші бала екінші балаға 4 алма берсе, оның өзінде екінші баладағыдан 2 есе кем алма қалады. Балалардың әрқайсысында неше алма бар?

; Жауабы: 9 алма, 6 алма.

Деңгей – 3.

Қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы мен ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығының қосындысы 23 км/сағ; қайық ағыспен 4,5 сағ жүзіп қанша қашықтыққа барса, 7 сағ ағысқа қарсы жүзіп, сонша қашықтыққа барады. Қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығын, ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

; Жауабы:14 км/сағ, 9 км/сағ.

Әр топтың жұмысына кері байланыс беріңіз.

Қорытынды:

  • айнымалылар енгізу;
  • есептің бір шартына байланысты бір теңдеуді құру;
  • екінші шартына байланысты екінші теңдеуді құру;
  • теңдеулерді бір жүйеге біріктіру;
  • теңдеулер жүйесін шешу;
  • жүйе айнымалылары есептің ізделінді шамалары ретінде алынса, жүйе шешімін есептің шешімі ретінде алуға болады, кері жағдайда, қосымша амалдар орындау керек.

Топпен жүмыс, деңгейлік тапсырмалар

Теңдеулер жүйесін құрып, шешіңіз.

Негізгі деңгей:

1. Екі санның қосындысы 58 – ге тең. Бірінші сан екінші саннан 8 –ге артық. Осы сандарды табыңыздар.

Жауабы: 33 және 25.

2. Баласы әкесінен 24 жас кіші. 5 жылдан соң әкесінің жасы баласының жасынан 4 есе үлкен болады. Әкесі неше жаста? Баласы неше жаста?

Жауабы; Әкесі 27 жаста, баласы 3 жаста

Дамытушылық деңгей:

1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9 – ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63- ке кем сан шығады. Алғашқы сан қандай сан?

2. Автобустың 3 сағатта жүрген жолын поезд 2 сағатта жүреді. Саяхатшылар 4 сағ автобуспен және 3 сағ поезбен жүргенде барлығы 408 км жүрді. Поездың және автобустың жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 48 км/сағ, 72 км/сағ.

Шығармашылық деңгей:

1. Жоспар бойынша жұмысшылардың екі бригадасы бір айда 680 деталь жасамақшы болған. Бірінші бригада айлық тапсырмасын 20%, ал екіншісі 15% асыра орындаған, осының нәтижесінде екі бригада жоспардан тыс 118 деталь жасаған. Әр бригада жоспар бойынша бір айда қанша деталь жасауға тиісті болған?

Жауабы: 320 деталь; 360 деталь.

2. Колхоз егістігінде күздік дақыл, жаздық дақылға қарағанда 480 га артық егілген. 80% күздік және 25% жаздық дақыл жинап алынған соң қалған күздік дақылдың ауданы жаздықтың ауданынан 300 га кем болды. Колхозда жаздық және күздік дақылдарға арналған егістіктің аудандары қандай?

Жауабы: 720 га; 1200 га.

Дескриптор: Білім алушы:

  • айнымалыларды дұрыс белгілейді;
  • есеп шарты бойынша бірінші теңдеу бұрыс құрылған;
  • есеп шарты бойынша екінші теңдеу бұрыс құрылған;
  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;
  • есеп шарты бойынша ізделінді шамаларды дұрыс табады.

Дайын дескрипторды тақтада көрсетіңіз, сол арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.

Көзге жаттығу

Жұптық жұмыс

1. Тік төртбұрыштың ені ұзындығынан 6 см қысқа, ал ұзындығы енінен 1,4 есе ұзын. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр? Ені неше сантиметр?

Жауабы: 15см, 21 см.

2. Велосипедші бірінші күні екінші күнге қарағанда 30 км артық жүрді. Велосипедші екі күнде қандай қашықтықты жүріп өтті, егер ол бірінші күні 20 км/сағ, екінші күні 15 км/сағ жылдамдықпен барлығы 5 сағат жүрсе.

Шешуі: ; Жауабы: 90 км.

3. 30 ерлер көйлегі мен 25 әйелдер көйлегіне 14750 теңге төлеу керек. Ерлер көйлегі 20 % - ке, ал әйелдер көйлегі 10 %-ке арзандатылғаннан кейін әйелдер көйлегі мен ерлер көйлегі үшін төленетін ақшаның айырмашылығы 3075 тг болады. Әйелдер мен ерлер көйлегінің бағасын анықтаңыз.

Жауабы: 350 тг; 200 тг.

Дескриптор: Білім алушы:

  • айнымалыларды дұрыс белгілейді;
  • есеп шарты бойынша бірінші теңдеу бұрыс құрылған;
  • есеп шарты бойынша екінші теңдеу бұрыс құрылған;
  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;
  • есеп шарты бойынша ізделінді шамаларды дұрыс табады.

Дайын жауап, дескрипторды жұптарға таратыңыз, сол арқылы өзін – өзі бірігіп бағалауды тапсырыңыз. Мұғалім кері байланыс береді.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 1

Слайд 5

 

Слайд 6

Қосымша 2

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • мәтіндік есептерге теңдеулер жүйесін құру алгоритмін қайталау;
  • сабақта орындалған тапсырмаларға қатысты ой, пікір.

Үй тапсырмасы №1227.

Дымбілмес бірінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 41 болды. Дымбілмес екінші рет сыныптағы қыздардың мұрындарын және ұлдардың құлақтарын санағанда барлығы 43 болды.сыныпта неше қыз, неше ұл бар?

Рефлексия

Оқушыларға жеке парақшалар беріледі. Олар үш бағыт бойынша өз жұмыстары бойынша қажет сөздердің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

қызық

жұмыс істедім

материалды түсіндім

қызықсыз

демалдым

білетінімнен де көп білдім

енжарлық басым

басқаларға көмектестім

онша түсінбедім

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп, күрделеген, деңгейлеп ұсынылды. Топпен, жұппен бір – біріне түсіндіре отырып орындау мақсатында берілді. Деңгейі жоғары оқушы түсінік беру арқылы өзін – өзі дамытады, өзгеге көмектеседі

Топтық жұмыста өзара бағалау, жұптық жұмыста өзін - өзі бірігіп бағалау мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, топпен жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, көзге жаттығу орындау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу