file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Өткен тақырыптарды қайталау сабағында ұйымшылдықпен, белсенді жұмыс жүруі үшін біріккен оқу ортасын құру.

Үй жұмысын тексеріңіз, үй тапсырмасын орындауда қиналған оқушыларға қажет болса көмек ұйымдастырыңыз.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешу алгоритмін қайталап, тағы бір оқушылар есіне түсіріңіз.

Өткен тақырып бойынша білім жүйелерін нақтылау мақсатында, тапсырманы талдап, түсіндіріп орындау үшін жалпы сыныптық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Сыныптық жұмыс

Математикалық қобдиша

Қобдиша тапсырмалары тақтада орындалып талданады. Бір оқушы шақырылады, қобдишадан үлестірме алады, тақтада орындайды, түсіндіреді, борды өзі келесі оқушыға ұсынады, солай жалғасады.

Мысал – 1.

Екі трактор 7 күнде 147 га жер жыртты. Бірінші трактор үш күнде қанша жер жыртса, екінші трактор төрт күнде сонша жер жыртты. Бір күнде бірінші трактор неше гектар жер жыртады, екінші трактор неше гектар жер жыртады?

Жауаптары: 1) 81; 2) 12 га, 9 га.

Мысал – 2.

Мұғалім бақылау жұмысын алу үшін сыныптағы оқушыларға дәптер парақтарын дайындады. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың әрқайсысына 2 парақтан таратса, 12 парақ артық қалады, ал әрқайсысына 3 парақтан тарататын болса, 16 парақ жетпейді. Сыныпта неше оқушы бар? Мұғалім неше парақ дайындаған еді?

Жауабы: 28 оқушы, 68 парақ.

Мысал – 3.

Егер бір жерден бір – біріне қарама –қарсы бағытта шыққан екі пойыз 3,2 сағ жүрсе, бір – бірінен 480 км қашықтықта болады. Ал егер бірінші пойыз 1,4 сағ жүрген соң оған қарсы бағытта екінші пойыз шықса, олар екінші пойыздың шыққан уақытынан 2 сағаттан кейін бір – бірінен 412 км қашықтықта болады. Бірінші және екінші пойыздың жылдамдықтарын табыңдар.

Кері байланыс беру.

Көзге жаттығу

Жеке жұмыс

Сыныптық жұмыстан алған білімді жүйелеу, нақтылау мақсатында жеке жұмыс ұсыну. Әр оқушы өзінің алған білім нәтижелерін бақылайды, түсініктерін теңдеулер жүйесін құруда қолданады, жеке шығармашылығын дамытады.

№1.

Әкесі мен қызының жасын бірге алғанда 62 жас болады. 4 жыл бұрын әкесінің жасы қызының жасынан 8 есе үлкен еді. Олардың әрқайсысының жасы нешеге толды?

Жауабы:10 жас; 52 жас.

№2.

Арақашықтығы 54 км екі елді мекеннен екі велосипедші бір уақытта шығып, бір – біріне қарсы жүрді. Олар 2 сағ жүрген соң бір – бірімен кездесті. Кездескенге дейін бірінші велосипедшінің жүрген жолы екінші велосипедшіге қарағанда 1,25 есе артық болды. Бірінші және екінші велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.

Жауабы: 15 км/сағ; 12 км/сағ.

№3.

Ұзындығы 120м шеңбер бойымен екі бала қарама – қарсы жүгірсе, 3 сек-та кездеседі. Егер осы шеңбер бойымен бірінен соң бірі жүгірсе, 12 сек өткен сайын кездеседі. Балалардың әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 25 м/с, 15 м/с.

Дескриптор: білім алушы:

  • мәтін есептің шартын оқып түсінеді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді;
  • есеп шарты бойынша белгісізді табады.

Дайын жауаптарымен шығарылу жолы көрсетіледі, сол арқыылы оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Математикалық лабиринт.

Оқушылар топпен жұмыстанады, пікір алмасады, бірін – бірі тыңдайды, ұсыныс береді, біреулері түсіндіреді, тыңдайды, біріккен жұмыс жүреді.

1 топ

2 топ

3топ

№1. Катер 3 сағат өзен ағысымен және 5 сағ ағысқа қарсы 76 км жол жүреді.Катер  өзен ағысымен 6 сағатта жүрген жолын ағысқа қарсы 9 сағатта

жүреді. Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті 

жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ; 10 км/сағ.

№2.

Бірінші санның 80%-і мен екінші санның 50 %-інің қосындысы 22 – тең. Бірінші санның - сі екінші санның -інен 5-ке артық. Бірінші және екінші санды табыңдар

№3.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 117 м – ге тең. Бүйір қабырғасы табанынан 13,2 м артық. Табан қабырғасының ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 30,2 м.

№4.

Кітаптың бірінші томының 60 - ының, екінші томының 75 - інің құны 270 мың теңгені құрайды. Ал іс жүзінде осы кітаптарға 237 мың теңге төленді, өйткені кітаптардың бірінші томы 15% - ға, ал екінші томы 10% - ға арзандатылды. Кітаптардың алғашқы бағасы қанша еді?

Жауабы: 2000 тг; 2000 тг.

№5.

Катер 3 сағат өзен ағысымен және 5 сағ ағысқа қарсы 92 км жол жүреді. Катер  өзен ағысымен 5 сағатта ағысқа қарсы 6 сағатта жүрген жолынан 10 км артық жүреді. Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті 

жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 12 км/сағ; 2 км/сағ.

№6.

Велосипедші бірінші күні екінші күнге қарағанда 30 км артық жүрді. Велосипедші екі күнде қандай қашықтықты жүріп өтті, егер ол бірінші күні 20 км/сағ, екінші күні 15 км/сағ жылдамдықпен барлығы 5 сағат жүрсе.

Шешуі:

Жауабы: 90 км.

Мұғалім ұсынған дескриптор, жауап арқылы топтар өзін – өзі бағалайды.

Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақты қорытындылау:

  • мәтін есептерге теңдеулер жүйесін құру алгоритмі;
  • орындалған тапсырмалар бойынша пікір.

Үйге тапсырма

Екі санның қосындысы 45 – ке тең, ал олардың қатынастары қатынасындай. Осы сандарды табыңдар.

Жауабы:21; 24.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
  • М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.


Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу