Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы НЗМ ХББ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдануды үйрету;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешуді үйрету.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолданып біледі:
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешіп біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Өз ойымен бөлісу, пікірін көпшілік алдында математикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы құндылықтарды дарыту, іске асыру.

 Пәнаралық

  байланыстар

Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен тақырыптарды қайталау сабағында ұйымшылдықпен, белсенді жұмыс жүруі үшін біріккен оқу ортасын құру.

Үй жұмысын тексеру, қажет болса көмек ұйымдастыру.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешу алгоритмін қайталау.

Сабақтың ортасы

4 – 19 мин

19 – 21 мин

21 – 29 мин

29 – 30 мин

30 – 37 мин

37 – 38 мин

Сыныптық жұмыс

Математикалық қобдиша

Қобдиша тапсырмалары тақтада орындалып талданады. Бір оқушы шақырылады, қобдишадан үлестірме алады, тақтада орындайды, түсіндіреді, борды өзі келесі оқушыға ұсынады, солай жалғасады.

Мысал – 1.

Екі трактор 7 күнде 147 га жер жыртты. Бірінші трактор үш күнде қанша жер жыртса, екінші трактор төрт күнде сонша жер жыртты. Бір күнде бірінші трактор неше гектар жер жыртады, екінші трактор неше гектар жер жыртады?

Жауаптары: 1) 81; 2) 12 га, 9 га.

Мысал – 2.

Мұғалім бақылау жұмысын алу үшін сыныптағы оқушыларға дәптер парақтарын дайындады. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың әрқайсысына 2 парақтан таратса, 12 парақ артық қалады, ал әрқайсысына 3 парақтан тарататын болса, 16 парақ жетпейді. Сыныпта неше оқушы бар? Мұғалім неше парақ дайындаған еді?

Жауабы: 28 оқушы, 68 парақ.

Мысал – 3.

Егер бір жерден бір – біріне қарама –қарсы бағытта шыққан екі пойыз 3,2 сағ жүрсе, бір – бірінен 480 км қашықтықта болады. Ал егер бірінші пойыз 1,4 сағ жүрген соң оған қарсы бағытта екінші пойыз шықса, олар екінші пойыздың шыққан уақытынан 2 сағаттан кейін бір – бірінен 412 км қашықтықта болады. Бірінші және екінші пойыздың жылдамдықтарын табыңдар.

Кері байланыс беру.

Көзге жаттығу

Сыныптық жұмыстан алған білімді жүйелеу, нақтылау мақсатында жеке жұмыс ұсыну

№1.

Әкесі мен қызының жасын бірге алғанда 62 жас болады. 4 жыл бұрын әкесінің жасы қызының жасынан 8 есе үлкен еді. Олардың әрқайсысының жасы нешеге толды?

Жауабы:10 жас; 52 жас.

№2.

Арақашықтығы 54 км екі елді мекеннен екі велосипедші бір уақытта шығып, бір – біріне қарсы жүрді. Олар 2 сағ жүрген соң бір – бірімен кездесті. Кездескенге дейін бірінші велосипедшінің жүрген жолы екінші велосипедшіге қарағанда 1,25 есе артық болды. Бірінші және екінші велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.

Жауабы: 15 км/сағ; 12 км/сағ.

№3.

Ұзындығы 120м шеңбер бойымен екі бала қарама – қарсы жүгірсе, 3 сек-та кездеседі. Егер осы шеңбер бойымен бірінен соң бірі жүгірсе, 12 сек өткен сайын кездеседі. Балалардың әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 25 м/с, 15 м/с.

Дескриптор: білім алушы:

  • мәтін есептің шартын оқып түсінеді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді;
  • есеп шарты бойынша белгісізді табады.

Дайын жауаптарымен шығарылу жолы көрсетіледі, сол арқыылы оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Математикалық лабиринт.

1 топ

2 топ

3топ

№1. Катер 3 сағат өзен ағысымен және 5 сағ ағысқа қарсы 76 км жол жүреді.Катер  өзен ағысымен 6 сағатта жүрген жолын ағысқа қарсы 9 сағатта

жүреді. Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті 

жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 2 км/сағ; 10 км/сағ.

2.

Бірінші санның 80%-і мен екінші санның 50 %-інің қосындысы 22 – тең. Бірінші санның - сі екінші санның -інен 5-ке артық. Бірінші және екінші санды табыңдар

3.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 117 м – ге тең. Бүйір қабырғасы табанынан 13,2 м артық. Табан қабырғасының ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 30,2 м.

4.

Кітаптың бірінші томының 60 - ының, екінші томының 75 - інің құны 270 мың теңгені құрайды. Ал іс жүзінде осы кітаптарға 237 мың теңге төленді, өйткені кітаптардың бірінші томы 15% - ға, ал екінші томы 10% - ға арзандатылды. Кітаптардың алғашқы бағасы қанша еді?

Жауабы: 2000 тг; 2000 тг.

5.

Катер 3 сағат өзен ағысымен және 5 сағ ағысқа қарсы 92 км жол жүреді. Катер  өзен ағысымен 5 сағатта ағысқа қарсы 6 сағатта жүрген жолынан 10 км артық жүреді. Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті 

жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 12 км/сағ; 2 км/сағ.

6.

Велосипедші бірінші күні екінші күнге қарағанда 30 км артық жүрді. Велосипедші екі күнде қандай қашықтықты жүріп өтті, егер ол бірінші күні 20 км/сағ, екінші күні 15 км/сағ жылдамдықпен барлығы 5 сағат жүрсе.

Шешуі:

Жауабы: 90 км.

Мұғалім ұсынған дескриптор, жауап арқылы топтар өзін – өзі бағалайды.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 1

Слайд 4

Слайд 5

Қосымша 2

Слайд 6

Слайд 7

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • мәтін есептерге теңдеулер жүйесін құру алгоритмі;
  • орындалған тапсырмалар бойынша пікір.

Үйге тапсырма

Екі санның қосындысы 45 – ке тең, ал олардың қатынастары қатынасындай. Осы сандарды табыңдар.

Жауабы:21; 24.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 8 - 9

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Тапсырмалар дайындауда оқушының қабілеті ескеріледі. Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау, мәтін есептің мағынасын түсіну қабілетін шыңдау барысында бірнеше тапсырмалар ұсынылады.

Жеке жұмыста бірін-бірі бағалау, математикалық лабиринтте өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Көзге жаттығу орындау, математикалық лабиринт кезінде тәәртіпке назар аударыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу