Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Сабақта ұсынылған тапсырмаларды оқушылар толық орындауы үшін, біріне – бірі түсіндіріп, білім дағдыларын толықтырып, жетілдіруі үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Өткен сабақтағы білімнің актуалдылығы

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз.

Мысалы:

Сандар

Катер

пайыз

үшбұрыш

Көбейтінді

Ағыс

Сатылды

Қабырға

Қосынды

Қарсы

Пайда

Периметр

Есе

Ағыспен

Шығын

аудан

Артық

баға

Осындай сөздерді таратыңыз, мағынасына қарап топқа өздері жиналады.

Топтық жұмыс оқушылардың бірігіп жұмыстану қабілетін жетілдіреді, пікірлерді тыңдау, оның дұрыстығын ажырату, өзгені құрметтеу сынды дағдыларын нығайтады. Пәнге қабілетті оқушыны танып, ол оқушыдан көмек ала алады.

Топтық жұмыс тапсырмалары

№1.

Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан – үш еселенген біріншісінен 8 – ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?

Жауабы: 4 және 5.

№2.

Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40% пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25%, екіншісінен 50% пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша?

Жауабы: 135 мың тг; 90 мың тг

№3.

Үштаңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда 3 еселенген саннан 1-і артық болатын жаңа сан шығады. Санды тап.

Жауабы: 103

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді оқып түсінеді;
  • мәтін бойынша белгісізді белгілейді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін шешіп, шешімін табады;
  • есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.

Топтарға дайын жауап, дескрипторды ұсыныңыз, сол бойынша топтар ішінде өзара бағалауды сұраңыз.

Көзге жаттығу

Оқушыларға ұсыныс беріңіз, жұппен жұмыс жасаймыз. Жұпқа өздерің бірігіңдер. Кімге тақырып бойынша көмек қажет, кімнен көмек алғың келеді; кімге өз еркіңмен көмек жасап, түсіндіргің келеді, сол оқушымен жұпта жұмыстан. Оқушылар жұпқп біріккен соң, үлестірмелерді таратыңыз.

Түсіндірме жұптық жұмыс.

Топпен түсінген білімін екеуара бірігіп пайымдайды, қолданады. Жұптық жұмыста оқушы түсінігін толық пайдаланады.

№4.

Сауыншы бірінші жылы екі сиырдан барлығы 8100л сүт сауып алды. Келесі жылы бірінші сиырдан алынатын сүттің мөлшері 15%, ал екінші сиырдан сауып алынатын сүттің мөлшері 10%-ке артты. Сондықтан сауыншы екінші жылы осы екі сиырдан 9100л сүт сауып алды. Бірінші жылы сауыншы әр сиырдан неше литрден сүт сауып алды?

Жауабы: 3800 л; 4300 л.

№5.

Арақашықтығы 2200 км болатын А және В аэродромдарынан бір уақытта екі ұшақ шығып, олар 2 сағаттан соң кездесті. Біріншісі В пунктіне екіншісі А пунктіне жетуіне қарағанда 4 сағат 35 минут бұрын жетті. Ұшақтардың жылдамдықтарын анықтаңыздар.

Жауабы: 800 км/сағ; 300 км/сағ.

№6.

Қоймадағы ұнның 40%-ін нан зауытына, ал қалғанын 0,3 : 2,5 : 0,8 қатынасымен 3 дүкенге бөлді. Бірінші дүкенге екіншіге қарағанда 40 т ұн кем түсірді. Әуелдегі қоймадағы ұнның массасы қандай?

Жауабы: 480 т.

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді оқып түсінеді;
  • мәтін бойынша белгісізді белгілейді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін шешіп, шешімін табады;
  • есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.

Жауап дескрипторды жұптарға таратыңыз, өзара талдап, бағалау жүргізеді, кері байланыс беріңіз.

Шығармашылық тапсырма

Шығармашылықпен жұмыстану оқушының талаптану, іздену қабілетін ашады, соның нәтижесінде жетілдіреді.

Тапсырма қиындық келтірген оқушыға көмек ұйымдастырыңыз.

1. Бірінші сан екіншісінің 80%-ін құрайды, ал екінші санның үшінші санға қатынасы тең. Бірінші мен үшінші сандардың қосындысы екінші саннан 70-ке артық. Осы үш санды табыңыз.

Шешуі:

Жауабы: 80; 100; 90.

Дескриптор:

  • мәтінді түсінеді, үш белгісізді белгілейді;
  • үш сызықтық теңдеу құруға болатынын түсінеді, құрады;
  • бірі арқылы бірін дұрыс өрнектейді;
  • белгісіз сандарды теңдеуді шешу арқылы табады.

Жеке оқушылар өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, өзіңіз кері байланыс беріңіз.

Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақты қорытындылау:

  • орындалған тапсырмалар түсінікті ме?
  • қайталау керек тұстарың бар ма?
  • шығармашылық жұмыс ұнады ма, түсінікті ме?

Үйге тапсырма

Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық, ал олардың арифметикалық ортасы 37. Үлкен санды табыңыз. Жауабы: 29,6.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
  • М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу