Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы НЗМ ХББ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • мәтін есептерді шешуде жазуларын қолданып үйрену;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешуді үйрену.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • мәтін есептерді шешуде жазуларын қолданады;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Әлемдік білім саласындағы бәсекеге қабылетті терең академиялық білім беру. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Слайд 4

Сабақтың ортасы

3 – 16 мин

16 – 18 мин

18 – 20 мин

20 30 мин

30 32 мин

32 - 37 мин

37 – 38 мин

Өткен сабақтағы білімнің актуалдылығы

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз.

Мысалы:

Сандар

Катер

пайыз

үшбұрыш

Көбейтінді

Ағыс

Сатылды

Қабырға

Қосынды

Қарсы

Пайда

Периметр

Есе

Ағыспен

Шығын

аудан

Артық

баға

Осындай сөздерді таратыңыз, мағынасына қарап топқа өздері жиналады.

Топтық жұмыс тапсырмалары

№1.

Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан – үш еселенген біріншісінен 8 – ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?

Жауабы: 4 және 5.

№2.

Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40% пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25%, екіншісінен 50% пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша?

Жауабы: 135 мың тг; 90 мың тг

№3.

Үштаңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда 3 еселенген саннан 1-і артық болатын жаңа сан шығады. Санды тап.

Жауабы: 103

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді оқып түсінеді;
  • мәтін бойынша белгісізді белгілейді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін шешіп, шешімін табады;
  • есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.

Топтарға дайын жауап, дескрипторды ұсыныңыз, сол бойынша топтар ішінде өзара бағалауды сұраңыз.

Көзге жаттығу

Оқушыларға ұсыныс беріңіз, жұппен жұмыс жасаймыз. Жұпқа өздерің бірігіңдер. Кімге тақырып бойынша көмек қажет, кімнен көмек алғың келеді; кімге өз еркіңмен көмек жасап, түсіндіргің келеді, сол оқушымен жұпта жұмыстан. Оқушылар жұпқп біріккен соң, үлестірмелерді таратыңыз.

Түсіндірме жұптық жұмыс.

№4.

Сауыншы бірінші жылы екі сиырдан барлығы 8100л сүт сауып алды. Келесі жылы бірінші сиырдан алынатын сүттің мөлшері 15%, ал екінші сиырдан сауып алынатын сүттің мөлшері 10%-ке артты. Сондықтан сауыншы екінші жылы осы екі сиырдан 9100л сүт сауып алды. Бірінші жылы сауыншы әр сиырдан неше литрден сүт сауып алды?

Жауабы: 3800 л; 4300 л.

№5.

Арақашықтығы 2200 км болатын А және В аэродромдарынан бір уақытта екі ұшақ шығып, олар 2 сағаттан соң кездесті. Біріншісі В пунктіне екіншісі А пунктіне жетуіне қарағанда 4 сағат 35 минут бұрын жетті. Ұшақтардың жылдамдықтарын анықтаңыздар.

Жауабы: 800 км/сағ; 300 км/сағ.

№6.

Қоймадағы ұнның 40%-ін нан зауытына, ал қалғанын 0,3 : 2,5 : 0,8 қатынасымен 3 дүкенге бөлді. Бірінші дүкенге екіншіге қарағанда 40 т ұн кем түсірді. Әуелдегі қоймадағы ұнның массасы қандай?

Жауабы: 480 т.

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді оқып түсінеді;
  • мәтін бойынша белгісізді белгілейді;
  • есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;
  • теңдеулер жүйесін шешіп, шешімін табады;
  • есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.

Жауап дескрипторды жұптарға таратыңыз, өзара талдап, бағалау жүргізеді, кері байланыс беріңіз.

Шығармашылық тапсырма

Тапсырма қиындық келтірген оқушыға көмек ұйымдастырыңыз.

1. Бірінші сан екіншісінің 80%-ін құрайды, ал екінші санның үшінші санға қатынасы тең. Бірінші мен үшінші сандардың қосындысы екінші саннан 70-ке артық. Осы үш санды табыңыз.

Шешуі:

Жауабы: 80; 100; 90.

Дескриптор:

  • мәтінді түсінеді, үш белгісізді белгілейді;
  • үш сызықтық теңдеу құруға болатынын түсінеді, құрады;
  • бірі арқылы бірін дұрыс өрнектейді;
  • белгісіз сандарды теңдеуді шешу арқылы табады.

Жеке оқушылар өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, өзіңіз кері байланыс беріңіз.

Қосымша 2

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 1

Слайд 5

Слайд 6

Қосымша 2

Слайд 7

Қосымша 3

Слайд 8

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • орындалған тапсырмалар түсінікті ме?
  • қайталау керек тұстарың бар ма?
  • шығармашылық жұмыс ұнады ма, түсінікті ме?

Үйге тапсырма

Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық, ал олардың арифметикалық ортасы 37. Үлкен санды табыңыз. Жауабы: 29,6.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 4

Слайд 9 - 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Түсіндірме жұптық жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Шығармашылық тапсырма ойланып, өзін дамытуға бағытталған.

Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау, топтық жұмыста өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Көзге жаттығу жасауды ұйымдастырыңыз. Еркін отыруға назар аударыңыз, бір – бірінен көмек сұрап түсінуге мүмкіндік жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу