Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару
6.2.1.13
сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;
6.5.1.7
мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Сабақта ұсынылған тапсырмаларды оқушылар толық орындауы үшін, біріне – бірі түсіндіріп, білім дағдыларын толықтырып, жетілдіруі үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Сыныппен жұмыс тапсырмалары
Тарау бойынша қайталау тапсырмалары
№1. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, осы санда табыңыздар.
Жауабы: 12; 24; 36; 48.
№2. Әкесі мен қызының жасын бірге алғанда 62 жас болды. 4 жыл бұрын әкесінің жасы қызының жасынан 8 есе үлкен еді. Олардың әрқайсысының жасы нешеге толды?
Жауабы: 10 жас; 52 жас.
№3. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
Жауабы: (-1; 1).
Критерий бойынша біріккен түрде бағалау жүргізіңіздер. Алдымен бағалау критерийін оқушыға айтуға мүмкіндік жасаңыз. Кері байланыс беріңіз.
6.4С бөлім «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері»
Тақырып Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін
қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық
теңдеулер жүйесі арқылы шығару
Оқу мақсаты 6.2.2.18 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
жүйесінің
шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну
6.2.2.19 теңдеулер жүйелесін алмастыру тәсілі және қосу
тәсілі арқылы шешу
6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда
жазуларын қолдану
6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін
құру арқылы шешу
Бағалау критерийі Білім алу
Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін анықтайды
Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешеді
Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді
Сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтінді есепті
шешеді
Ойлау дағдыларыңың деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары:
1. Берілген (8; 1,4), (0; -3), (12; 4), (-10; -2,6) нүктелерінің қайсысы теңдеуінің шешімі болады?
2. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңіз:
3. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңіз:
4. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12 – ге тең. берілген екі таңбалы санның соңына 0 – ді тіркеп жазсақ, алғашқы саннан 837 – ге артық сан болады. Екі таңбалы санды табыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| Балл | ||||||||
Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін анықтайды. | 1 |
|
| ||||||||
Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешеді. | 2 |
|
| ||||||||
Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді. | 3 |
|
| ||||||||
Сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтінді есепті шешеді. | 4 |
|
| ||||||||
Жалпы балл | 15 |
«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатыстыата – аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрикалар
Білім алушының аты – жөні:_______________________________________________
Бағалау критерийлері |
| ||||
Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін анықтайды. | Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін анықтауда қиналады.
| Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімі болатын сандар жұбын табуда қателіктер жібереді.
| Екі айнымалысы бар теңдеудің шешімін дұрыс анықтайды.
| ||
Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешеді. | Сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде, қосу тәсілін қолдануда қиналады.
| Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде қосу тәсілін қолданады, есептеу кезінде қателіктер жібереді.
| Сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде қосу тәсілін дұрыс қолданады.
| ||
Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешеді. | Сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде, алмастыру тәсілін қолдануда қиналады.
| Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін қолданады, есептеу кезінде қателіктер жібереді.
| Сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру тәсілін дұрыс қолданады.
| ||
Сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтінді есепті шешеді. | Сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтінді есепті шығаруда қиналады.
| Есептің шартқа байланысты математикалық моделін дұрыс құрады, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде қателіктер жібереді.
| Есептің шартқа байланысты математикалық моделін дұрыс құрады, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді. |
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың бүгінгі сабақ барысында алған әсерлерін тыңдау
- ұсынылған тапсырмалар туралы оқушылар пікірі;
- тапсырмалардың күрделілігі туралы оқушылардың пікірі;
- тапсырмалардың түсініктілігі туралы оқушылар пікірі.
Үйге тапсырма
Жыл бойы оқылған оқу мақсаттарына шолу жасау, негізгі ұғымдар, формулаларды шолу.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
- М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды