6 сыныптардағы математика курсын қайталау. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
6 сыныптардағы математика курсын қайталау
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;
6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;
6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Осы оқу жылы бойы меңгерген материалдары бойынша қорытынды сабақ, сондықтан бір – біріне түсіндіріп, бірін – бірі тыңдап, бағалап, орындалған жұмыстарға кері байланыс беретін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Жыл бойы оқыған оқу материалдарын қайталау мақсатында үлестірмелер дайындаңыз. Оқушылар сұрақты іштей оқып, жауапты дауыстап береді. Қалған оқушылар қандай сұрақ берілгенін анықтайды.
Сыныппен жұмыс.
Жылдық оқу мақсаттары бойынша есептер шығару.
- Тапсырма- 1.
- Цирк алаңының ауданын табыңыз, егер диаметрі 13 м болса. (суретті қараңыз)
- Шешеуі:
- ;
- Жауабы: 133 м2.
Тапсырма – 2.
Суретте бір тәулікте ауа температураның өзгеруі көрсетілген. График бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
а) сағат 4; 14; 22 ауа температурасы қандай болған?
б) сағат нешеде ауа температурасы 0 0С; 5 0С; -3 0С тең болған?
в) ауа температурасы уақыттың қандай аралықтарында төмендеді немесе жоғарлады?
г) ауа температурасы уақыттың қандай аралықтарында оң немесе теріс таңбалы
мәнді болған?
- Тапсырма – 3.
- Егер велосипед дөңгелегі 100 (N) айналым жасаса , онда велосипед 204 метр (L) жолды өтіп шығады (суретке қараңыз) . Велосипед дөңгелегінің ауданын табыңыз.
- Шешуі:
- ; ;
- - велосипетің жүрген жолының ұзындығы.
- (м).
- м32 см
- см2.
- Жауабы: 3215 см2.
- Тапсырма – 4.
- Координаталық жазықтықта берілген нүктелерді салыңыз да, соңында сурет пайда болады:
- (-9; 5); (-7; 5); (-6; 6); (-5; 6); (-4; 7); (-4; 6); (-1; 3); (8; 3); (10; 1); (10; -4); (9; -5); (9; -1); (7; -7); (5; -7); (6; -6); (5; -2); (5; -1); (3; -2); (0; -1); (-3; -2); (-3; -7); (-5; -7); (-4; -6); (-4; -1); (-6; 3); (-9; 4); (-9; 5)/
Тапсырмаларды тақтаға орындап, талдап, талқылаңыздар. Орындалған жұмысқа кері байланыс жасаңыз.
Жұптық жұмыс
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.
- Шеңбер ұзындығы 18,84 см тең болса, оның диаметрін табыңыз.
- Дөңгелектің ауданы 50,24 м2 тең болса, онда оның радиусын табыңыз.
- Егер шеңбер радиусы 3,2 см тең болса, онда оның диаметрін, шеңбер ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңыз.
- Абсцисс өсінен жоғары орналасқан нүктелерді анықтаңыз:
A(-2; -3); B(5; 16); C(-7; -9); D(-5; 1); E(7; 0).
- 5. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
- ; ;
- Дескриптор: Білім алушы:
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі, дұрыс қолданады;
- дөңгелектің ауданының формуласын біледі, дұрыс қолданады;
- координаталары берілген нүктелерді жазықтықта дұрыс бейнелейді;
- теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді.
Дайын дескриптор арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз. Жалпы жылдық мақсаттар бойынша өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- жылдық оқу мақсаттарын шолып өту.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру