Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Татиева Л.Б., Мамырай А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.19

теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілмен шешу.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
  • мәтін есептің мазмұнына сәйкес сызықтық теңдеулер жүйесін құру барысын сипаттайды;
  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің анықтамасын айтады
  • шығару алгоритмін тұжырымдау

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;
  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;
  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;

- ... болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз;

- теңдеудің екі жағын ... көбейтеміз;

- ... мүшелеп қосамыз;

  • «х - , у - ... болсын»;
  • айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;
  • жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарды дарыту

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Есептер шығару арқылы жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/tengdeuler-men-tengsizdikter/tengdeuler-zhui-eleri/lesson/tengdeuler-zhui-eleri-arqyly-esepterdi-shyharu. Презентация

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

5 мин

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын қадағалау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу

Өзіндік жұмыс

Стартер:

теңдеуімен теңдеулер жүйесін құратын және оның:

  • бір ғана шешімі болатын
  • шешімдері болмайтын
  • шексіз көп шешімдері болатын екінші теңдеуді жаз.

Бағалау дескрипторын қолданып, бағалау.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

20 мин

10 мин

Топтық жұмыс: (Зерттеу жұмысы)

Шағын топтарға бөліп, үш жағдайға есеп беру. Әр топ өз есебін шығару алгоритмін құрастыру керек.

  • коэффициенттері қарама – қарсы сандар
  • коэффициентері тең сандар
  • коэффициенттері әртүрлі

Әр топ өз есептерін шығарады, мұғалім бақылап, қажетінше бағдар береді. Әр топтың құрастырған алгоритмін басқа топқа таныстыру.

Кері байланыс беру.

Жеке жұмыс. Оқу мақсатына сәйкес қарапайым деңгейдегі есептерді шығарту

«Бутербродтар мен сусындар», «Хайуанаттар бағына билет» есептерін bilimland.kz сайтынан беру

Оқулықтан: №1534 (1,2), 1535 (1,2)

«Бос орынды толтыр» әдісі

Жеке тапсырма/ тест

Қосымша 2.

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

4 мин

Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа қорытынды жасайды.

Тақырып сіздерге қиын болды ма?

Сабақ кезінде сіздерге не қиын болды?

Сіздерге сабақта не есіңізде көбірек сақталды?Үйге тапсырма:№ 1534 (3,4), 1535 (3,4)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Өзіндік жұмыста қиындатылған тапсырма дайындап жеке оқушыларға беремін

ҚБ қолданып ӨЖ бағалаймын.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу