Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Оқу мақсаты
6.2.2.16 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасы мен оның қасиеттерін білу
Сабақ мақсаты
Екі айнымалысы бар теңдеу құрады;
Екі айнымалысы бар теңдеудің түбірлерін табады;
Екі айнымалысы бар теңдеудің қасиетін қолданады және есептің жауабын анықтайды.
Сергіту сәті:
«Шаттық шеңбері»
«Ой шақыру»
Сұрақ: Қосындысы 5-ке тең екі оң сандар жұбын атаңыз. Осы сөйлемнің математикалық моделін қалай жазар едіңіз?
Сұрақ: төмендегі теңдеулерді қанағаттандыратын оң сандар жұбын табыңыз. Қанша жауап болуы мүмкін?
y=x-2
x=4y
2x=y-3
Анықтама:
ax+by+c=0 түріндегі теңдеуді, мұндағы a,b,c – қандай да бір сандар (a,b – коэффициенттер, ал с- бос мүше деп аталады) екі айнымалысы х және у бар сызықтық теңдеу деп атайды.
Шешімдер жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Шешімдері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:
1-қасиеті. Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
2-қасиеті. Егер теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек не бөлсек, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
«Миға шабуыл»
Түбірлері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер бола ма?
«Кім жылдам?» ауызша есептеу (тест жауаптары дәптерге жазылып, тақтадағы жауаппен тексеріледі)
Топтық жұмыс.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақта... білдім
… үйрендім
… қиындықтар туындады
… әлі де жұмыс жасауым керек
… маған қызық болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?