Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.16

екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін білу.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын және оның қасиеттерін тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;

- жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;

 Құндылықтарды

  дарыту

Бір-бірін сыйлауға, бір – бірінің пікірін тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен бірікен түрде жұмыс жасай білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Күнделікті өмірден мысалдар алып екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру, осы түсінігін жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқығанда пайдалану.

 АКТ қолдану

 дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, бағыттау.

Сабақтың сапалылығын арттыру мақсатында біріккен оқу ортасын құру.

Сабақтың басы

2 – 10 мин

Оқушыларды 3-4 оқушыдан құралған топтарға біріктіріңіз. Әр топқа түрлі теңдеулер жазылған үлестірмелер жинағын беріңіз. Мысалы:

және т.б.

Оқушыларға теңдеулерді топтастыруға нұсқау беріңіз. Әр топ топтау негіздемесін айта отырып, өз топтамасын көрсетеді. Оқушылармен бірге «екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» топтамасын талқылаңыз, оларға анықтама беруді сұраңыз.

Анықтаманы өзіңіз тұжырымдаңыз:

 ах+ву=с  түріндегі теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады.  Мұндағы х пен у  -айнымалылар, ал а, в және с -қандай да бір сандар. Сызықтық теңдеудегі а, в коэффициенттер, ал с бос мүше деп аталады.

Шешімдер  жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар  теңдеулер  мәндес теңдеулер деп аталады. Шешімдері болмайтын  екі айнымалысы бар  теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:

1-қасиет.

Теңдеудегі қосылғыштың табасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына  көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

2-қасиет.

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек немесе  бөлсек, берілген   теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді    тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбы   осы теңдеудің шешімі деп аталады.

Слайд 4

Қосымша 1

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 5

Сабақтың ортасы

10 – 14 мин

14 – 22 мин

22 – 23 мин

23 – 25 мин

25 – 35 мин

35 – 37 мин

6x + 5y =10

y- ті x арқылы өрнектейік: 5y =- 6x+10, y= -1,2x+2.

Мәндес теңдеулерге назар аудартыңыз.

Шыққан теңдеу шешімдерін табайық: х – ке кез келген мән беріп, у – тің мәнін табамыз.

x =1 y = 0,8; x =2 y = - 0,4; x = 3 y = -1,6.

Екі айнымалысы бар теңдеу шешімін жазуды түсіндіріңіз.

Жауабы: (1; 0,8); (2; -0,4); (3; -1,6).

Топта жұмысты жалғастыру

(біртіндеп күрделенеді)

№1. Төмендегі теңдеулерден шешімі x = 3, y = 2 болатындарын теріп жазыңдар:

1) 6x - 2,5y – 13 = 0; 2) 0,3x - 4y = 10,8;

3) x +3,5y – 8 = 0; 4) 0,6x - y +0,2=0.

Жауабы: 1); 3); 4).

№2. Теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңыз:

1) x + y = 3; 2) 2,5x + y = 4; 3) x +y = 1,5;

4)1,75x + y = 3; 5) 1,4x + y - 2= 0; 6) x +y -1 = 0.

№3.

1) x=-3 пен y=4 мәндер жұбы –ax+3y= 6 теңдеуінің;

2) x=0,5 пен y=2 мәндер жұбы –ax+y=1 теңдеуінің;

3) x=2 пен y=4,5 мәндер жұбы –ax-2y=11 теңдеуінің шешімі болады. Теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін табыңдар.

Жауабы:1) 2; 2) 1,5; 3) -10.

№4. Екі қаланың арасы 54 км. Велосипедші алғашқы сағаттарда 12 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, келесі сағаттарда 10 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді? 10 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді?

Жауабы: 2 сағ; 3 сағ.

Дескриптор: Білім алушы:

  • шешіміне байланысты теңдеуді таба алады;
  • теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектейді;
  • теңдеудің қандай да бір екі шешімін табады;
  • теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін дұрыс табады;
  • есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді.

Дайын жауап, дескриптор арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Көзге жаттығу

Жеке жұмыс тапсырмалары

№1. Берілген теңдеулердің ішінен екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді табыңыз:

1 ) 3х + 6у = 5; 2) ху = 11; 3) х – 2у = 5

4) х + у = 7; 5) ; 6) ху + 7у = 12.

Жауабы: 1); 3); 4); 5).

№2. Берілген сандар жұбы теңдеудің шешімі бола ма?

1) х + 3у = -5 (-5;0), (-4;3), (4; -3).

2) 2х + у = -5 (-4;3), (-1;-3), (0;5).

Жауабы:1) +; -; +. 2) +;+;-.

3. Өрнектеңіз:

4х – 3у = 12 а) х –ті у арқылы; б) у –ті х арқылы;

2х = 2у = 4 а) у-ті х арқылы; б) х -ті у арқылы.

4. Балалар бақшасына 3700 теңгеге қонжықтар, қуыршақтар, доптар, барлығы 12 ойыншық сатып алынды. Қонжықтың бағасы 500 тг, қуыршақтың бағасы 300 тг, доптың бағасы 200тг. Балалар бақшасына неше қонжық, неше қуыршақ, неше доп сатып алынды? Кестені толтырыңыздар:

қонжық

3

қуыршақ

6

доп

2

Дескриптор: Білім алушы:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі;
  • теңдеудің шешімін табады;
  • теңдеудегі айнымалыларды бірі арқылы бірін өрнектейді;
  • мәтінді есеп шарты бойынша ойланып, кестені дұрыс толтырады.

Дайын жауапты тақтада көрсетіп, оқушылардан өзін – өзі бағалауды талап етіңіз.

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г

Слайд 6

Қосымша 2

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын тұжырымдау;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттеріне шолу.

Үйге тапсырма № 1443.

Дамирдің үйінің ауласында оның қояндары мен тауықтары жайылып жүрді. Қояндар мен тауықтардың барлығы аулаға кірген иттен қашып, ауладан шығып кетті. Дамир қояндардың әрқайсысын 2 мин қуса, тауықтардың әрқайсысын 3 мин қуып, барлығын 0,5 сағатта аулаға қайта кіргізді. Дамирде неше тауық, неше қоян бар?

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 4

Слайд 9-10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Оқушылар сабақ бойы жеке және топта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған.

Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғаліммен бірігіп жүзеге асады.

Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. Көзге жаттығу жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу