Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу.

Оқу мақсаттары:

6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

- шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;

- шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;

- сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;

- шынайы құбылыстардың графиктердің көмегімен шамалардың

арасындағы тәуелділіктерді таба алады және зерттей алады.

Психологиялық ахуал

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне

жүректерінің жан жылуын береді.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

«Ыстық орындық » әдісі

Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.

Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысыөз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ.

Нақты процестердегі тәуелділіктің графигі.

График деп екі айнымалы шаманың арасындағы байланысты көрсететін координат жазықтығындағы қисық сызықты айтады.

1-мысал.

Кардиограммадағы қисық сызық жүректің уақытқа тәуелді жиырылу күшін суреттейді.

Кернеудің ток күшіне тәуелділігі

2-мысал:

Келесі суретте 2017 жылдың сәуір айында Астана қаласында болған ауа температурасы кескінделген.

График бойынша:

- ауа температурасының күндерге тәуелді екенін;

- тәуелсіз айнымалының өлшем бірлігі «күндер», тәуелді айнымалының өлшем бірлігі «°С» екенін;

- 6 сәуірден кейін ауа температурасының орта шамасы оң мәндер қабылдағанын;

- сәуір айындағы ең суық температура 2 сәуірде –5°С градустан төмен болғанын, ең жылы температура 26сәуірде 20°С градустан жоғары болғанын көруге болады.

Жұптық жұмыс.

Жауаптары:

№1.

d) 12 км/сағ және 8 км/сағ

№2.

№3.

№4.

c) 9°C

b) 30 м/с

e) сағат 3-те, 9-де және 21.00-де

Сергіту сәті:

Өз бетімен жұмыс.

№2. График бойынша бос орындарды толтыр:

1) Уақыт .тәуелсіз.. шама, ал ауа температурасы .тәуелді.. шама.

2) Сағат ..2., .11.. және .22.. ауа температурасы 0°C болды.

3) Сағат .5-30.. ең төменгі температура .-4,5.. °C көрсетті.

5) Сағат 6-дан 16-ға дейін ауа температурасы .жоғарылады...

№1. График бойынша бос орынды толтыр:

1) Уақыт .тәуелсіз.. шама, ал жүрген жол .тәуелді.. шама.

2) Алғашқы бір сағатта .60.. км жол жүрді.

3) Бірінші аяялдаманы .120.. км жол жүргеннен кейін жасады. Екінші аялдаманы .165.. км жол жүргеннен кейін жасады.

4) Бірінші аялдаманың ұзақтығы - ..1. сағат. Екінші аялдаманың ұзақтығы0,5 сағат.

5) Соңғы жарты сағатта автобус жылдамдығы .90.. км/сағ болды.

6) Олар .2.. рет аялдама жасады.

Үйге тапсырма: №1332 есеп.

Рефлексия:

«Чемодан, ет тартқыш, себет»

Келешекте бәрі керек.

Ақпаратты өңдеймін.

Бәрін лақтырамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу