Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Жеке жұмыс.
Тапсырма 3.
№1.
4-суретте 14 тәулік бойы белгілі бір уақыттағы ауа температурасының өзгерісі кескінделген. Графиктен төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
4-сурет.
а) Берілген график бойынша ауа температурасы неге тәуелді?
b) Неше күн бойы ауа температурасы нөлден төмен болды?
c) Неше күн бойы ауа температурасы нөлден жоғары болды?
Дескриптор: Білім алушы
- тәуелсіз айнымалыны жазады;
- ауа температурасы нөлден төмен болған күнді жазады;
- ауа температурасы нөлден жоғары болған күнді жазады.
№2.
5-суретте қалтқының су толқынымен қозғалыс графигі кескінделген. h - қалтқының су толқынымен қалыпты деңгейден ығысу биіктігі (сантиметр есебімен), t – уақыт (секунд есебімен).
5-сурет
Графиктен мыналарды анықтаңыз:
- Су толқынымен қалтқы неше сантиметр (ең биік) жоғары көтерілді?
- Су толқынымен қалтқы неше сантиметр (ең төмен) төмен түсті?
- Қалтқы қандай уақыт аралықтарында су толқынымен жоғары көтеріле бастады?
- Қалтқы қандай уақыт аралықтарында төмен (ең жоғары көтерілуінен) түсе бастады?
Дескриптор: Білім алушы
- қалтқының ең биік көтерілген биіктігін табады;
- қалтқының ең төмен түскен биіктігін табады;
- жоғары көтерілген уақыт аралығын табады;
- төмен түскен уақыт аралығын табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?