Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады. | ||
Бастапқы білім | Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-2 мин 2-6 мин 6-8 мин | Ұйымдастыру кезеңі а) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ә) Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Жұптар үйден салып келген қозғалыс графиктерін бір-бірімен салыстырады. График бойынша дайындап келген бір-бірінің сұрақтарына жауап жазады.Әр оқушы жұбының жазған жауабы мен өз жауабын салыстырады. Қателіктер мен дәлсіздіктер талқыланады. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Сыныпты жұпқа бөлу. -«Кездесу» жұптық оқыту әдісі Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады. | . https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar |
Сабақтың ортасы 8-11 мин 13- 18 мин 18-22 мин 22-24 мин 24-30 мин 30-37 мин | Мақсат: оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, шынайы құбылыстардың графиктердің көмегімен шамалардың арасындағы тәуелділіктерді табуды және зерттейді меңгерулеріне жағдай жасау. Жұптық жұмыс. Барлық жұпқа бірдей тапсырма беріледі. 1-ші сағат 12-де кездесетін оқушылар бір –бірінің жанына барып отырады. Оларға 1-тапсырма: 1-суретте хауызды сумен толтырғанда ондағы су көлемінің V() насостың жұмыс істеу уақытына t (мин) тәуелділік графигі сызылған. 1-сурет 1) Насос алғашқы және соңғы жұмыс аралықтарында неше минут тоқтады? Не себепті f(4) = f(10)? 2) Насос тоқтағанға дейін әрбір 1 минутына хауызға қанша () су құйылды? 3) Насос жұмысқа қайта қосылған соң әрбір 1 минутына хауызға қанша () су құйылды? 2-ші сағат 3-те кездесетін оқушылар бір–бірінің жанына барып отырады. Оларға 2-тапсырма: 2-суретте арақашықтығы 300 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы шыққан жүрдек пойыздың және жүк пойызының кездескенге дейінгі қозғалыс графиктері берілген. График пойыздардың әрқайсысының жүрген жолдарының уақытқа тәуелділік функцияларын кескіндейді. Графиктен мыналарды анықтаңыздар:
2-сурет. 3-ші сағат 6-да кездесетін оқушылар бір-бірінің жанына барып отырады. Оларға берілетін 3-тапсырма: 3-суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген. 3-сурет. График арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:
4-ші сағат 9-да кездесетін оқушылар бір–бірінің жанына барып отырады. Оларға берілетін 4-тапсырма: 4-суретте бір тәулік бойындағы ауа температурасының өзгерісі көрсетілген. Көлденеңінен тәулік уақыты көрсетілген, ал тігінен – температура мәні Цельсий градусымен көрсетілген. Тәуліктің бірінші жартысында неше сағат бойы температура С–дан аспады? Тәуліктің бірінші жартысы сағат 12:00-де аяқталады. 4-сурет. Сосын оқушылар соңғы жұптарымен 3 топқа бөлініп, берілген 4 тапсырманы қалай орындағаны жайлы ой бөліседі. Топта талқылауға келесі тапсырма-5 ұсынылады. 5-суретте А және В пунктінен шыққан жолаушының қозғалыс графигі кескінделген. Берілген график бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.
5-сурет. Тапсырманы орындап болғаннан кейін топтар сұрақтарымен алмасады және басқа топтың дайындаған сұрағын алып жауап береді. Әр топ басқа топтың жазған жауабымен өз жауаптарын салыстырады.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады. Жеке жұмыс. Тапсырма 6. №1. 6-суретте катердің А айлағынан В айлағына барып қайту графигі кескінделген. 6-сурет. График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
№2. 3-суретте жаяу адамның (АВ) және велосипедшінің (СД) қозғалыстарының графиктері көрсетілген. 7-сурет. График арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:
Велосипедші ше?
Велосипедші ше?
Велосипедші ше?
Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. Қосымша тапсырма. Балықшы үйінен шығып, көлге барып балық аулаған. Сонан соң үйіне қайтып келген. 8-суретте балықшының қозғалыс графигі көрсетілген. 8-сурет. График бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
| Қосымша 1. Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил. Қосымша 2. Қосымша 3. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. Қосымша 4. Қосымша 5. Қосымша 6. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. Қосымша 7. |
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Берілген график бойынша мәтін құрастырыңыз. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?