Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 2
Өз бетімен жұмыс.
Тест.
№1. x = –2 болғандағы y = –x + 3 формуласымен берілген y тәуелді айнымалының мәнін тап.
a) 1
b) 2
c) 5
d) –2
e) –5
№2. Ш(x) – баланың шешесі, Ә(x) – баланың әкесі, Ә(Ш(x)) функционалдық тәуелділікпен жазылса, бала үшін қандай туыстық атпен аталатынын тап.
a) атасы
b) әжесі
c) әке-шешесі
d) нағашы апасы
e) нағашы атасы
№3. y = –2x + 3 формуласымен берілген тәуелді айнымалының мәні 7-ге тең болғанда x тәуелсіз айнымалының мәнін тап.
a) –2
b) 4
c) –1
d) 2
e) 1
№4. Кестемен берілген екі шама арасындағы тәуелділіктің формуласын көрсет.
x | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
y | 1 | 4 | 9 | 16 | 25 | 36 | 49 | 64 | 81 | 100 |
a) y = 4 + x
b) y = 2x
c) y = x2
d) y = 4x
e) y = x + 10
Тапсырма. (Тәуелді/тәуелсіз) сәйкес сөзді бос орынға қойыңыз.
1) Жаяу адам тұрақты v жылдамдықпен жүріп келеді. s жүрген жол – ... айнымалы шама, ал t уақыт – ...
айнымалы шама.
2) Квадрат периметрі P = 4a формуласымен анықталады, мұндағы a – квадрат қабырғасы және ... айнымалы шама, ал P – периметр және ... айнымалы шама.
3) S квадрат ауданы – ... айнымалы шама, ал оның a қабырғасы – ... айнымалы шама.
4) D дөңгелектің диаметрі – ... айнымалы шама, ал оның R радиусы – ... айнымалы шама.
5) 3 сағат уақыт аралығында орындалған A жұмыс көлемі – ... айнымалы шама, ал жұмыс өнімділігі – ... айнымалы шама.
6) 5 дәптердің құны – ... айнымалы шама, ал бір дәптердің құны – ... айнымалы шама.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?