Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді

берілу тәсілдері:

аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.

Оқу мақсаттары:

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.

6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу.

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.

6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;

шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;

сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;

формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;

формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап алайық.

«Кім жылдам»

Кестені толтырыңыз:

Жұптық жұмыс.

№1. Өнімділігі 2 бет/мин принтерде мәтінді басып шығару.

№2. Сатып алынған алмалардың массасы мен кұнының арсындағы тәуелділік. Алманың бағасы 400 тг/кг.

№3. Шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын формуланы жазыңыз. Осы тәуелділіктің кестесін және графигін салыңыз. Спортшы 5 м/с жылдамдықпен жүгіреді. Ол t секундта қандай қашықтықты жүгіріп өтеді?

№4. Шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын формуланы жазыңыз. Осы тәуелділіктің кестесін және графигін салыңыз. Компьютерде қолжазбаның бір бетін теру 300 тг тұрады. т бет тергені үшін қанша ақша төлеу керек?

№5. Бассейінге су құйылатын құбырдың өнімділігі 2 м3/мин. Құбыр жұмыс істеу барысында құйылған судың көлемінің жұмсаған t мин уақытына тәуелділіктің формуласын жазыңыз. Кестені толтырыңыз.

№6. Автомобиль жұмсаған бензинның В шығыны S км жүрген жолына тәуелділіктің графигі бойынша кестені толтырыңыз және S –тің B-ға тәуелділігінің формуласын жазыңыз.

Сергіту сәті:

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

Өз бетімен жұмыс.

Үйге тапсырма: №1263 есеп.

Рефлексия:

«Анкета» әдісі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу