Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.

6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу.

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.

6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіреді;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренеді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құрайды;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

- осы бөлімнің терминдерін пайдаланады;

- шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- формула;

- шамалардың арасындағы тәуелділік;

- қашықтық, жылдамдық, уақыт;

- жұмыс, өнімділік, уақыт;

- баға, мөлшер, құны;

- масса, тығыздық, көлем;

- аудан, ұзындық, ені;

- ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы;

- өлшем бірліктері;

- мәндер кестесі;

- тәуелділіктің графигі;

- тура пропорционал шамалар;

- тура пропорционалдықтың формуласы;

 

- пропорционалдықтың коэффициенті;

- кері пропорционал шамалар;

- тура пропорционалдықтың графигі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- ... тәуелділігін формула арқылы береміз;

- … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз;

- … тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз;

- … мен … арасындағы тәуелділіктің графигін саламыз;

- … тәуелділігінің кестесін толтырамыз;

- егер … , онда екі шама тура пропорционал деп аталады;

- егер … , онда екі шама кері пропорционал деп аталады;

- шамалар тура пропорционал болады, себебі …;

- шамалар кері пропорционал болады, себебі … .

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Физика

Бастапқы

білім

  • Формулаларды білу (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.). Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба білу, алгебралық өрнектің мәнін таба білу. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Сабақтың ортасы

4 - 10 мин

11 18 мин

19 – 28 мин

29 – 30 мин

31 – 37 мин

Сабақтың соңы

38 40 мин

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал тудыру.

Біздің күлкіміз көңілді,

Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсы ғой өмірде,

Қуаныш мейірім бақытты.

Шеңбер құрғызып: Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір-бірімен тос қағыстырып амандастырамын. Бүгінгі сабағымды сондай жылылықпен бастаймыз.

Үй тапсырмасын жұпта қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерлерінен тексеріп, бағалайды.

 «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.

“ Өрмекші торы” ойын-әдісі - оқушылардың білімін бақылауға және бағалауға арналған әдістердің бірі.

Мұнда оқушы әрбір айтқан жауабы үшін жіптің бір ұшын қолына орауы тиіс. Соңынан әр оқушының қолына жинап ораған жіптің санын анықтау арқылы оқушының қай деңгейде жауап бергенін де білуге болады. Сонымен бірге бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

«Кім жылдам?» - оқушылардың есеп шығару қабілеттерін байқау.

Тапсырма 1. Тік төртбұрыштың ауданы мен қабырғасының ұзындығы арасындағы байланысты анықтаңыз.

Тапсырма 2. Формуланы толықтырыңыз:

S=?·tкездесу

V=a·b·?

Тапсырма 3. Келесі тәуелділікті сипаттайтын формуланы құрастырыңыз:

1) текшенің көлемі V мен қабырға ұзындығы a.

2) тікбұрышты үшбұрыштың ауданы S мен катеттер a және b.

3) шеңбердің диаметрі D мен радиусы R.

4) тік төртбұрыштың ұзындығы a мен оның периметрі P және ауданы S.

5) текшенің толық ауданы S мен қабырға ұзындығы a.

6) тік төртбұрышты параллелепипедтің толық ауданыS мен үш өлшемдер a, b және c.

Жұптық жұмыс.

А деңгейі

№1. y=5x-4 формуласымен берілген тәуелді айнымалының мәні 5,5-ке тең. Тәуелсіз айнымалының мәнін табыңыз.

№2. Функция y=3x + 1 формуласымен берілген. Кестені толтырыңдар:

х

-2

-1

0

1

2

3

4

у

х – тің қандай мәнінде у 1-ге; -5-ке және 13-ке тең?

В деңгейі

№1. Ауданы S см2 тік төртбұрыштың ені 5см тең, ұзындығы одан x см-ге артық. S(2) мәнін табыңыз.

№2. Функция y=2(x + 1) формуласымен берілген. Аргументтің

-3 мәндерінде қадамы 1-ге тең кестесін құрыңдар.

Кесте бойынша:

1)аргументтің -2; 2-ге және 0-ге тең мәндеріндегі функцияның мәндерін табыңдар;

2) функцияның 4-ке; 8-ге; 6-ға тең мәндеріне сәйкес аргумент х-тің мәндерін табыңдар.

С деңгейі

№1. y=2x+5 формуласымен берілген тәуелділіктің аралығындағы тәуелді айнымалының мәндер жиынын табыңыз.

№2. y = f(x) функциясы кестемен берілген. х пен у тура пропорционал шамалар:

х

-3

-2

-1

0

1

2

3

у

3

0

-1,5

Функцияны формуламен жазыңдар.

Сергіту сәті.

Жаза, жаза қолымыз,Талып кетті көзіміз.1, 2, 3Бойға жинап күш,Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты ұғып аламыз.

Өз бетімен жұмыс.

№1. y=3x+5 формуласымен берілген тәуелділіктің y(-4) мәнін табыңыз.

№2. y=49-x формуласымен тәуелділік берілген. y=-4 болса, онда x-ті табыңыз.

№3. y=3x-1 формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар, мұндағы -3. Графиктен мыналарды анықтаңдар:

  • Функцияның 8-ге тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін табыңдар;
  • А(2;5); В(1;6); С(-1;4) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигіне жатады?

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №1322

Рефлексия:

«Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тəсілі. Оқушыларға қызыл, сары жəне жасыл түсті карточкалар беріледі. Сары, қызыл түсті көтерген оқушыларға түсіндіріп,талдауға белсенді оқушылардың көмегіне сүйенемін.

Оқушылар:

ЖАСЫЛ ТҮСТІ көтерсе, толық шығардым.

САРЫ ТҮСТІ көтерсе, жартылай шығарды.

ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көтерсе, шығара алмадым.

  • Презентация
  • Қосымша 1
  • Қосымша 2

Математика,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2011, үшінші басылымы.

  • Қосымша 3

Математика,

Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2011, үшінші басылымы.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау жұптық және өз беттік жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу