Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 2
Жұптық жұмыс.
№1. Бір дәптердің бағасы 40тг. 3 дәптер сатып алынды. Сатып алған үш дәптердің құны қанша?
- №2. Жапалақ 4 шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2тг. Жапалақтың сатып алған шарларының құны қанша?
№3. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар. (Ауызша)
№4. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?
Ш (Ә(х)); Ш (Ш(х));
Ә (Ә(х));
Ә(Ш(х)).
№5. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?
№6. Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді?
№7. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?