Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Шамалар арасындағы тәуелділіктерді
берілу тәсілдері:
аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.
Оқу мақсаттары:
6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.
6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу.
6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.
6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.
6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;
шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;
сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;
формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;
формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.
Психологиялық ахуал
«Тамаша екен» жаттығуы.
Оқушыларды үлкен шеңберге тұрғызады. Әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиетін айтады, мысалы :
-Мен ақкөңілмін
-Мен ақылдымын
Қалғандары «Тамаша екен»! деп бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.
«Ой-қозғау» .
С-1: Шамалар арасындағы тәуелділік дегеніміз не?
С-2: Тәуелділіктің берілу тәсілдері?
С-3: Формула, кесте және график - тәуелділіктің берілу тәсілдері арқылы өзара байланысты көрсетіңіз.
1) формула: S=5t
2) Кесте:
3) График:
Жалпы сыныппен жұмыс.
№1. Екі дәптер 30 теңге тұрса, онда 6 дәптер қанша тұрады?
№2. Дүкенге 10 т ұн әкелінді. Егер әрбір қапқа 50 кг ұннан салынған болса, онда дүкенге неше қап ұн әкелінген?
№3.
Не өзгереді?
Не тұрақты болып тұр?
Егер заттың саны артса, құны қалай өзгереді?
Осы кестеге қарап, қандай қорытынды шығаруға болады?
Жұптық жұмыс.
№1. Бір дәптердің бағасы 40тг. 3 дәптер сатып алынды. Сатып алған үш дәптердің құны қанша?
№2. Жапалақ 4 шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2тг. Жапалақтың сатып алған шарларының құны қанша?
№3. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар.
s=50t; S=ab; p=2(3+b);
y=3x; y=2x+1; y=1/x.
№4. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?
Ш (Ә(х)); Ш (Ш(х)); Ә (Ә(х)); Ә(Ш(х)).
№5. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?
№6. Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді?
№7. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?
Сергіту сәті:
«Жунглидағы жаңбыр»
-Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді.Дауыл соқты.Жел соқты.Жел басылып келеді.Өз бетімен жұмыс.
Тапсырма 1
Дескриптор: Білім алушы
- кестені толтырады;
- тәуелділікті жазады;
- тәуелділік графигін салады.
Тапсырма 2 - 3
Дескриптор: Білім алушы
- әр сұрақтың тәуелділігінің формуласын табады;
- пропорционалдық формуласын жазады;
- коэффициентін анықтайды.
Дескриптор: Білім алушы
графиктерін қолданып, тура пропорционалдықтың формуласын жазады.
Тапсырма 4
Үйге тапсырма: №1325 есеп.
Рефлексия:
«Белгілер» әдісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?