Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.

6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу.

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.

6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіреді;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренеді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құрайды;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

- осы бөлімнің терминдерін пайдаланады;

- шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- формула;

- шамалардың арасындағы тәуелділік;

- қашықтық, жылдамдық, уақыт;

- жұмыс, өнімділік, уақыт;

- баға, мөлшер, құны;

- масса, тығыздық, көлем;

- аудан, ұзындық, ені;

- ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы;

- өлшем бірліктері;

- мәндер кестесі;

- тәуелділіктің графигі;

- тура пропорционал шамалар;

- тура пропорционалдықтың формуласы;

 

- пропорционалдықтың коэффициенті;

- кері пропорционал шамалар;

- тура пропорционалдықтың графигі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- ... тәуелділігін формула арқылы береміз;

- … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз;

- … тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз;

- … мен … арасындағы тәуелділіктің графигін саламыз;

- … тәуелділігінің кестесін толтырамыз;

- егер … , онда екі шама тура пропорционал деп аталады;

- егер … , онда екі шама кері пропорционал деп аталады;

- шамалар тура пропорционал болады, себебі …;

- шамалар кері пропорционал болады, себебі … .

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

  • Физика

Бастапқы

білім

  • Формулаларды білу (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.). Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба білу, алгебралық өрнектің мәнін таба білу. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Сабақтың ортасы

4 - 10 мин

11 – 18 мин

19 – 28 мин

29 – 30 мин

31 – 37 мин

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал тудыру.

«Тамаша екен» жаттығуы. Оқушыларды үлкен шеңберге тұрғызады. Әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиетін айтады, мысалы :

-Мен ақкөңілмін

-Мен ақылдымын

Қалғандары «Тамаша екен»! деп бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.

Үй тапсырмасын жұптар бір-бірінің дәптерлерін тексереді.

«Ой-қозғау» .

  • С-1: Шамалар арасындағы тәуелділік дегеніміз не?
  • С-2: Тәуелділіктің берілу тәсілдері?
  • С-3: Формула, кесте және график - тәуелділіктің берілу тәсілдері арқылы өзара байланысты көрсетіңіз.
  • 1) формула: S=5t
  • 2) Кесте:

t cағ

0

1

2

3

4

5

S км

0

5

10

15

20

25

3) График:

С-4: Күнделікті өмірде түрлі шамалар тәуелдігін қайда байқауға болады?

  • С-5: Тәуелділікті сипаттайтын қандай формулаларды білесіз?

Жалпы сыныппен жұмыс.

  • №1. Екі дәптер 30 теңге тұрса, онда 6 дәптер қанша тұрады?
  • Шешуі: Есепте дәптердің бағасы белгісіз, алайда ол тұрақты. Дәптердің бағасын табу үшін 30-ды екіге бөлеміз. 30: 2 = 15 (т)
  • Заттың құны мен саны тура пропорционал болғандықтан К = 15·6 = 90 (т).
  • Егер бір заттың массасы тұрақты болса, онда бірдей заттардың жалпы массасы мен саны тура пропорционал болады. Ал жалпы массасы тұрақты болса, онда бір заттың массасы мен заттардың саны кері пропорционал болады.
  • №2. Дүкенге 10 т ұн әкелінді. Егер әрбір қапқа 50 кг ұннан салынған болса, онда дүкенге неше қап ұн әкелінген?

№3.

Не өзгереді?

Не тұрақты болып тұр?

Заттың бағасы

Заттың саны

Заттың құны

400 теңге

2

800 теңге

400 теңге

4

1600 теңге

400 теңге

8

3200 теңге

 Егер заттың саны артса, құны қалай өзгереді?

Осы кестеге қарап, қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды:

Заттың бағасы тұрақты болғанда саны неше рет артса, құны да сонша рет артады. Заттыңбағасы тұрақты болғанда саны неше рет кемісе, құны сонша рет кемиді.(бірнеше рет қайталату )

Заттың массасы

Заттың саны

Жалпы массасы

2

10

6

30

3

90

Жұптық жұмыс.

№1. Бір дәптердің бағасы 40тг. 3 дәптер сатып алынды. Сатып алған үш дәптердің құны қанша?

Шешуі: 40 х 3 = 120 (тг)

Жауабы: 120 тенге.

  • №2. Жапалақ 4 шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2тг. Жапалақтың сатып алған шарларының құны қанша?

Шешуі: 2 х 4 = 8 (тг)

Жауабы: 8 тенге.

№3. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар. (Ауызша)

s=50t; S=ab; p=2(3+b);

y=3x; y=2x+1; y=1/x.

№4. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?

Ш (Ә(х)); Ш (Ш(х)); 

Ә (Ә(х)); 

Ә(Ш(х)).

№5. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?

№6. Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді?

№7. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

Сергіту сәті.

«Жунглидағы жаңбыр»Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).Тағы да нөсер жауын жауды.Ұсақ жаңбыр сіркіреді.Дауыл соқты.Жел соқты.Жел басылып келеді.

Өз бетімен жұмыс.

Тапсырма 1

Адам орташа есеппен жаяу 1 сағатта 5 км жолды жүріп өтеді.

а) Төменде берілген кестені толтырыңыз:

T сағат

0

2

4

6

8

10

S км

b) Арақашықтықтың уақытқа тәуелділік формуласын жазыңыз;

c) Кестеге қарап тәуелділік графигін салыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- кестені толтырады;

- тәуелділікті жазады;

- тәуелділік графигін салады.

Тапсырма 2

Қоймада массалары бірдей қант, ұн, күріш, тұз бар. Шамалар арасындағы тәуелділікті пайдаланып, кестені толтырыңыз:

Зат

1 қап массасы

Саны

Барлығы

Қант

60 кг

Ұн

50 кг

Күріш

40 кг

Тұз

25 кг

24

Тапсырма 3

Қоймада 180 т зат бар. Барлық жүкті тасу үшін, кестеде көрсетілген жүк машиналарының қайсысын қолданған тиімді?

Зат

Жүк көтергіштігі

Рейс саны

Рейс бағасы

Камаз

9 т

10000 теңге

DAF

10 т

12000 теңге

MAN

7,2 т

9000 теңге

Дескриптор: Білім алушы

- әр сұрақтың тәуелділігінің формуласын табады;

- пропорционалдық формуласын жазады;

- коэффициентін анықтайды.

Тапсырма 4

Жоғарыда көрсетілген координата жазықтығындағы екі түзудің тәуелділік формуласын жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

графиктерін қолданып, тура пропорционалдықтың формуласын жазады.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: №1325

Рефлексия: «Белгілер» әдісі

  • Презентация
  • Қосымша 1
  • Қосымша 2
  • Қосымша 3

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау жұптық және өз беттік жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу