Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийі | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады. | ||
Бастапқы білім | Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-4 мин 4-6 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұпқа бөлу. 2. Білімді өзектендіру Топпен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру Ой қозғау.
3. Сабақ мақсатын қою Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . Қосымша1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-13 мин 13- 18 мин 18-20 мин 20-23 мин 23-24 мин 24-36 мин | 4. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Тапсырма 1. №1. y = формуласымен берілген функцияның графигін -1х4 аралығында салу үшін: 1) y = формуласымен берілген функциясы үшін -1х4 аралығында кесте құрыңыз. Кесте қадамын 1 деп алыңыз. 2) Тік бұрышты координаталар жүйесінде кестедегі х-тің сәйкес мәндерін абсциссалары, ал у-тің сәйкес мәндерін ординаталары деп алып, оларды нүктелермен кескіндеңіз. 3) Нүктелерді жатық сызықпен қосыңыз. Сонда y = функциясының координаталық жазықтықтағы графигі салынады. Функцияның графигі – координаталық жазықтықтағы абсцисалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелер жиынынан тұратын сызбаны айтады. №2.
1) Берілген кесте бойынша функцияның графигін салыңыз. 2) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз. 3) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз. Оқушылар формуламен берілген тәуелділіктің графигін салуын түсіндіреді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді. 5. Жаңа сабақты меңгеру Тапсырма 2. №1. Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз: 1) функцияның х = 3 болғандағы мәнін; 2) у = 4 болғандағы аргументтің мәнін. №2. Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз: 1) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз. 2) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз. Оқушылар берілген тәуелділіктің графигінің анықталу аймағын және мәндер аймағын қалай тапқанын түсіндіреді. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 3. №1. Адам орташа есеппен жаяу 1 сағатта 5 км жолды жүріп өтеді.
а) Төменде берілген кестені толтырыңыз: b) Арақашықтықтың уақытқа тәуелділік формуласын жазыңыз; c) Кестеге қарап тәуелділік графигін салыңыз. Дескриптор: Білім алушы - кестені толтырады; - тәуелділікті жазады; - тәуелділік графигін салады. №2. y = 2x + 5 функциясының мәндерінің қадамы 2-ге тең кестесін құрып, графигін салыңыз. Мұндағы -4 х 2.
Дескриптор: Білім алушы - кестені толтырады; - тәуелділік графигін салады; - функцияның мәні 0-ге тең аргументтің мәнін табады; - Оу осімен қиылысатын нүктесін координаталармен жазады. №3. Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз: 1) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз. 2) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз. Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі. | Қосымша2. Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил. Қосымша3. Қосымша 4. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | 6. Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: Ертеңгі ауа температурасының тәулік ішіндегі уақытқа тәуелділік функциясының графигін салыңыз. Функцияның анықталу аймағы мен мәндер аймағын анықтаңыз. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?