Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару; | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара біледі. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады. | ||
Бастапқы білім | Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-5 мин 5-7 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. 8-сынып салу есептерінен топқа бөлінуді жазу 2. Білімді өзектендіру Топпен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру Ой қозғау. Күнделікті тұрмыста, техникада бір шаманың сан мәні екінші шаманың сан мәніне тәуелді бола ма? Мысал келтіріңіз. Есеп. Велосипедтің доңғалағы 1 рет айналғанда 1,8 м қашықтыққа барады.
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады. Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . Қосымша1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-13 мин 13- 19 мин 19-20 мин 20-35 мин | 3. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Мақсаты: тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарын түсіну Тапсырма 1. Сабақта мұғалім Айжан мен Дарханға квадраттың қабырғасы а=2см; 5см; 7см болғанда оның периметрін (Р) табуды және Р айнымалысының а айнымалысына тәуелділігін формула түрінде жазуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. Шешуі: Мұндағы а=2см; 5см; 7см. Егер: а=2 болса, Р = 4*2 =8 (см); а=5 болса, Р = 4*5 =20 (см); а=7 болса, Р = 4*7 =28 (см). Р айнымалысының а айнымалысына тәуелділігін Р = 4а түрінде жазуға болады. Мұндағы а - тәуелсіз айнымалы, ал Р - тәуелді айнымалы. Себебі есептеудің нәтижесі бойынша а айнымалысының әрбір мәніне тәуелді Р айнымалысының жалғаз ғана мәні сәйкес. Шешімдер дұрыс па? Сіз неге олай ойлайсыз? Оқушылардың назарын тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарына аудару керек. Шешімдеріндегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Осы тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға функционалдық тәуелділік анықтамасы беріледі. 4. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Тапсырма 3.
а) s=50t; б) S=ab; в) p=2(3+b); г) y=3x; д) y=2x+1; е) y=1/x.
Оқушыларды мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жұптық жұмыс. Тапсырма 4. а) Кестелердегі тәуелділіктің қайсысы функционалды және функционалды емес. Жауабыңызды негіздеңіз.
ә) Берілген сандар жұбындағы функционалды және функционалды емес тәуелділікті анықтаңыз. Жауабыңызды талдаңыз және тұжырым жасаңыз..
4. (-1;4),(-2;0),(0;4),(-2;8) Тапсырма 5. Төмендегі суреттердің қайсысы A жиыны элеметтерінің B жиыны элементтеріне тәуелділігін көрсетеді. Шешіміңізді түсіндіріңіз.
Тапсырма 6. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?
Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді. | Қосымша2. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил. Қосымша3. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4. Қосымша 5. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-37 мин
| 5.Сабақты қорытындылау. 1.Жаяу адам тұрақты v жылдамдықпен жүріп келеді. s жүрген жол –.............. айнымалы шама, ал t уақыт –....................... айнымалы шама. 2.Квадрат периметрі P = 4a формуласымен анықталады, мұндағы a – квадрат қабырғасы .................... айнымалы шама, ал P – периметр ....................... айнымалы шама. 3.S квадрат ауданы – .................... айнымалы шама, ал оның a қабырғасы – ..................... айнымалы шама. 4.D дөңгелектің диаметрі – ............ айнымалы шама, ал оның R радиусы – ........... айнымалы шама. 5.3 сағат уақыт аралығында орындалған A жұмыс көлемі – ................................... айнымалы шама, ал жұмыс өнімділігі – .......................... айнымалы шама. 6.5 дәптердің құны – ...................... айнымалы шама, ал бір дәптердің құны – ........................ айнымалы шама. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?