Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару; 6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу; 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу | ||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: • шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін біледі; • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады. | ||
Бастапқы білім | Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-5 мин 5-7 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. 2. Білімді өзектендіру Топпен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру Ой қозғау.
а) аргументтің берілген мәні бойынша функцияның сәйкес мәнін қалай табады? б) функцияның көрсетілген мәніне сәйкес келетін аргумент мәнін қалай табады?
Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады. Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . Қосымша 1. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-13 мин 13- 19 мин 19-20 мин 20-37 мин | 3. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Мақсаты: шамалар арасындағы тәуелділіктер: кестемен, графикпен және формуламен берілетінін білу Тапсырма 1. Кестемен, графикпен және формуламен берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді сипаттамасы бойынша сәйкестендіріп, кестені толтырыңыз.
Шешімдеріндегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Қорытынды: шамалар арасындағы тәуелділіктер формуламен, кестемен немесе графикпен беріледі. 4. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Мақсаты: сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады Оқушыларға әртүрлі тәсілдермен берілген шамалардың арасындағы тәуелділіктер жазылған үлестірмелер ұсынылады. Тапсырма 2.
Әрбір оқушы берілген екі есепке тәуелділіктің формуласын жазады, содан кейін 3 пунктегі өзі ойлап тапқан тәуелділікті сипаттайды. Жұптар үлестірмелермен алмасады. Алғашқы екі есеп үлгі бойынша тексеріледі және 3-тапсырма орындалады. Содан кейін жұптағы оқушылар тағы да үлестірмелермен алмасады және оқушы өзі құрастырған тапсырмаға сәйкес тәуелділіктің формуласын тексереді, өзінің жұбына кері байланыс береді. Тапсырма 3. Квадраттың ауданы қабырғасының ұзындығына тәуелділігінің формуласын жазыңыз. Берілген квадраттардың ауданын табыңыз. Функцияның берілуінің ең көп таралған тәсілі – формула арқылы берілуі. Формула аргументтің кез келген мәніне сәйкес функцияның мәнін есептеу арқылы табуға мүмкіндік береді. Функцияны беретін формуланың көмегімен функцияның берілген мәніне сәйкес келетін аргумент мәндерін табу есебін шешуге болады. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 4. Мына тұжырымдарды функционалдық тәуелділік түрінде жазыңыздар:
Тапсырма 5. f(x)=3x+5 функциясы үшін: а) f(2); f(0); f(-4); мәндерін табыңыз. б) аргументтің мәні 0,3-ке тең f(x)=3x+5 функциясының мәні 6-ға тең деген тұжырым дұрыс па ? в) y=0,5x+6 функцияның мәні 3,5-ке тең, аргументтің мәнін табыңыз. Тапсырма 6. №1. Қабырғасы 9 см және х см тік төртбұрыштың ауданы S тең болады. S-тің х-ке тәуелділігін формула арқылы өрнектеңіз. Аргументтің х = 4; 6,5; 15 мәндері үшін S функциясының сәйкес мәндерін табыңыз. №2. Поезд 70 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, t cағатта s км арақашықтықты жүріп өтеді. s-тің t-ға тәуелділігін формуламен беріңіз. Аргументтің 2,4; 3,8 тең мәндеріне сәйкес келетін функция мәндерін табыңыз. №3. Кубтың көлемі оның қырының ұзындығына тәуелді. Куб қырының ұзындығы а см, ал оның көлемі V болсын дейік. V-нің а –ға тәуелділігін формуламен беріңіз. Аргументтің қандай да бір екі мәнін алыңыз және оларға сәйкес келетін функция мәндерін есептеп табыңыз. Оқушылар өз жұмысын дайын жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Қосымша тапсырма. y(x) = + x формуласымен функция берілген. х = - 2; х = 5; х = а; х = 3а болғандағы функцияның мәнін табыңыз. | Қосымша 2. Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил. Қосымша 3. Алгебра -7, Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» Қосымша 4. Қосымша 5. Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 6. Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?