Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4В бөлім: Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы

Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • сәйкес терминалогияны (аргумент, функция, функцияның мәні, анықталу аймағы, мәндерінің аймағы) біледі;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табады және керісінше, функцияның берілген мәніне сәйкес аргументтің мәнін табады;
  • функцияның анықталу аймағын және мәндерінің аймағын табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • шамалар арасындағы тәуелділіктерге түсіндірме жасайды ;
  • шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін сипаттайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • шамалардың арасындағы тәуелділік;
  • қашықтық, жылдамдық, уақыт;
  • жұмыс, өнімділік, уақыт;
  • баға, мөлшер, құны;
  • масса, тығыздық, көлем;
  • аудан, ұзындық, ені;
  • ерітіндідегі заттың массасы, концентрация, ерітіндінің массасы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • ... тәуелділігін формула арқылы береміз;
  • … шамасын тәуелділіктің формуласынан … арқылы өрнектейміз;
  • … тәуелділігін көрсететін формуланы жазамыз;

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті орнату біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физикада және химияда прибормен өлшеуге келмейтін жағдайларда тәуелділіктердің формулалары арқылы шамалардың мәндерін табуға болады.

Бастапқы білім

Формулаларды (қашықтық, жылдамдық, уақыт, тіктөртбұрыштың ауданы және т.б.) біледі. Теңдеудің белгісіз компоненттерін таба алады, алгебралық өрнектің мәнін таба алады. Координаталары бойынша нүктені координаталық жүйеде сала біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

5-7 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

2. Білімді өзектендіру

Топпен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру

Ой қозғау.

Функция y = 2x + 1 формуласымен берілген, мұндағы

-3 х 3. х-тің бүтін мәндеріне сәйкес келетін у-тің мәндерін табыңыз.

Оқушыларға функция туралы анықтаманы қайталап, функцияның берілген анықталу аймағында мәндерінің аймағын тапқандары жөнінде айтылады.

3. Сабақ мақсатын қою

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar

Сабақтың ортасы

7-12 мин

12- 17 мин

17-20 мин

20-21 мин

21-25 мин

25-35 мин

4. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Мақсаты: функцияның анықталу аймағын және мәндерінің аймағын табуды үйрену

Тапсырма 1.

а) б) формуласымен берілген функциялардың -1 х 3 аралығында х-тің бүтін мәндеріне сәйкес келетін функцияның мәндерін табыңыз. Осы функциялардың -1 х 3 аралығында х-тің бүтін мәндеріне сәйкес келетін функцияның мәндерін есептеудегі проблеманы анықтаңыз.

Проблема: біз х=2 болғанда екінші функцияны есептей алмаймыз.

Тапсырма 2.

  • функцияның анықталу аймағы және мәндерінің аймағы туралы қысқаша мәтінді оқыңыз;
  • мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз;
  • өз ойларыңыздың барысын түсіндіріңіз.

Оқушылар басқа жұптарға сұрақтар қояды, басқа жұптардың сұрағына жауап береді. Өз ойларының барысын сендіруге тырысу керек.

Оқушыларға функцияның анықталу аймағы және функцияның мәндерінің аймағы туралы мәтін таратылады.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

5. Жаңа сабақты меңгеру

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 3

№1.

Машинаның v жылдамдығының t уақытқа тәуелділігінің графигі берілген.

  • Графиктен машинаның көрсетілген уақыттағы жылдамдығын табыңыз.
  • T қандай мәндер қабылдайды ( график бойынша)?
  • v қандай мәндер қабылдайды ( график бойынша)

№2.

Машина бір қалыпты жылдамдықпен 70 км/сағ жолда жүріп келеді. Машина t сағ уақыт ішінде жолды өтті. S = 70 · t км.

  • t қандай мәндерді қабылдайды?
  • S қандай мәндерді қабылдайды ?
  • Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерін жазыңыз.
  • Тәуелді айнымалының қабылдайтын мәндерін жазыңыз.

Тапсырманы орындау барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік үста,

Емін еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

Тапсырма 4

  • у = формуласымен берілген функцияның анықталу аймағын табаңыз.
  • у = х2 +3 формуласымен берілген функцияның анықталу облысы мен мәндері жиынын табыңыз.

Тапсырма 5

у = формуласымен берілген

  • функцияның 2 ≤ х ≤ 9 аралығындағы мәндерінің аймағын табыңыз.
  • егер анықталу аймағы берілмесе берілген функцияның анықталу аймағын қалай табуға болады?

Оқушылар дайын жауап арқылы өзін-өзі бағалайды.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 5.

1 )f(x) = формуласымен берілген функцияның анықталу аймағын табыңыз.

А) 0 санынан басқа сандар;

В) 6-дан басқа сандар;

С) барлық сандар;

Д) 15-тен басқа сандар.

2) f(x) = х2 + 1 формуласымен берілген функцияның анықталу аймағын табыңыз.

А) 0 санынан басқа сандар;

В) натурал сандар;

С) барлық сандар;

Д) 1-ден үлкен сандар.

3) f(x) = х2 + 1 формуласымен берілген функцияның мәндерінің аймағын табыңыз.

А) 0 санынан басқа сандар;

В) натурал сандар;

С) барлық сандар;

Д) 1-ден үлкен сандар.

4) y= +1 функциясының анықталу аймағы -2<x<7 болғанда функцияның мәндер аймағын табыңыз.

А) -2<у<7 В) -1<у<4,5 С) 0<у<4,5 Д) 4<у<7.

Тапсырма 6.

Тігін шеберханасында 200 м мата бар еді. Одан әрбір көйлекке 2,5 м-ден х көйлекке мата кесіліп алынғанда шеберханада у м мата қалды.

  • f(x) функциясын формуламен жазыңыз;
  • f(30) және f(50)-дің мәндерін табыңыз;
  • берілген функцияның анықталу аймағын сан аралығымен жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады;
  • аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табады;
  • функцияның анықталу аймағын сан аралығымен жазады.

Тапсырма 7.

Берілген функциялардың формуласы мен анықталу аймағын сәйкестендіріңіз.

Формуласы

Анықталу аймағы

  • f(x) =

А) 0 санынан басқа сандар

  • f(x) =

Б) -1 және 1 сандарынан басқа сандар

  • f(x) =

С) 5 санынан басқа сандар

  • f(x) =

D) барлық сандар

Дескриптор: Білім алушы

  • өлшектің бөліміндегі өрнектің нөлін табады;
  • функцияның анықталу аймағын және мәндерінің аймағын табады.

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

Қосымша1.

Қосымша2.

Қосымша3.

Қосымша 4.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

35-36 мин

36-40 мин

6. Сабақты қорытындылау.

Сөйлемді толықтырыңыз:

  • Тәуелсіз айнымалының бір мәніне тәуелді айнымалының ... мәні сәйкес келетін тәуелдікті функция деп атаймыз».
  • Сөйлемді толықтырыңыз: «... айнымалының қабылдайтын барлық мәндері функцияның анықталу облысын құрайды».
  • Сөйлемді толықтырыңыз. «... айнымалының қабылдайтын барлық мәндері функцияның мәндерінің облысын құрайды».

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Үйдегі электр қуатының төлемақысын есептеуге пайдаланатын формуланы табыңыз.

Қосымша 6.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу