Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Қозғалыстың орташа жылдамдығын

табуға есептер шығару.

Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық

есептер шығару

Оқу мақсаттары:

6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;

6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы ұғымдарын біледі;

арифметикалық ортаны таба алады;

сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.

Психологиялық ахуал

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар орындарына отырып, алақандарын біріктіріп, бір-біріне жүректерінің

жан жылуын береді.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге, міне, тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

«Миға шабуыл»

С-1: Қандай статистикалық сипаттамаларды біілесіңдер?

С-2: Бірнеше сандардың арифметикалық ортасы дегеніміз не? Мысал келтір.

С-3: Мода дегеніміз не? Мысал келтір.

С-4: Өзгеріс ауқымы дегеніміз не? Мысал келтір.

С-5: Медиана нені анықтайтын статистикалық сипаттама?

С-6: Берілген сандардың саны тақ болса, медиана қалай табылады?

С-7: Берілген сандардың саны жұп болса, медиана қалай табылады?

«Жасырын сөзді тап!»

Жаңа сабақ

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табу

6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;

Есеп: Автомобиль 2 сағатта 61,3 км/сағ, 3 сағатта 73,4 км/сағ және 1 сағатта 65,8 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын табыңыз.

Егер дене жолдын жартысын v1, ал қалған жартысын v2 жылдамдықпен жүрсе:

Егер дене уақыттың жартысын v1, ал қалған жартысын v2 жылдамдықпен жүрсе:

6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

Есеп-1: Тік төртбұрышты тең үш бөлікке бөліп, оның бөліктерінің «рқайсысын қызыл, жасыл және сары түсті фломастермен неше нұсқада бояуға болатынын көрсетейік.

Шешуі:

қызыл – Қ, жасыл – Ж, сары – С.

Мүмкін нұсқалардың іріктеу схемасы бұтақтары жайылған ағаш тәрізді кескінделеді. Схемадағы ағаштың неше бұтағы болса, есептің шешуінің сонша нұсқасы болады, ал ағаштың түбі жұлдызшамен (*) белгіленіп, негізгі обьектіні кесіндейді.

Мысалы, есептегі тік төрбұрыш схемада жұлдызшамен (*) кескінделген.

Есептің шешуінің мүмкін нұсқалары: ҚЖС; ҚСЖ; ЖСҚ; ЖҚС; СҚЖ; СЖҚ.

Есеп шешуінің 6 нұсқасы бар.

Жұптық жұмыс

А деңгейі

№1. Автомобиль 2 сағатта 59,5 км/сағ, 3 сағатта 72,2 км/сағ және 1 сағатта 54,3 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын табыңыз.

№2. 1,2 және 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?

В деңгейі

№1. Ұшақ 480 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ, 600 км/сағ жылдамдықпен 0,3 сағ ұшты. Оның орташа жылдамдығына сағатына неше километр?

2. Қызыл, көк, сары және жасыл түсті шарлардан тізбе дайындаудың неше нұсқасы бар? Тізбеде бір түсті шар бір рет қана болу керек.

С деңгейі

№1. Велосипедші 13,6 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ тас жолмен жүріп, 0,2 сағ демалған соң, 9,8 км/сағ жылдамдықпен 0,5 сағ қара жолмен жүрді. Велосипедшінің орташа қозғалыс жылдамдығын табыңдар.

2. Орал, Қостанай, Павлодар, Ақтау және Тараз қалалары екі-екіден тікелей ұшатын әуе жолдарымен байланысқан болса, осы қалалардан ұшақтар бір-біріне тікелей ұшатын неше әуе жолы болуы мүмкін?

Сергіту сәті:

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.

Жеке жұмыс

Дескриптор: Білім алушы

- жолдың әр бөлігінің жүру уақытын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады.

Дескриптор: Білім алушы

- жолдың әр бөлігінің жүру уақытын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады.

Үйге тапсырма: №665.

Рефлексия:

«Парталас көршіңе бір сөз таңда»

- Сен жарайсың.

- Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

- Сенің мүмкіндігің оданда зор



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу