Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Қозғалыстың орташа жылдамдығын
табуға есептер шығару.
Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық
есептер шығару
Оқу мақсаттары:
6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;
6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы ұғымдарын біледі;
арифметикалық ортаны таба алады;
сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.
Психологиялық ахуал
«Аялы алақан»
«Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» —
сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу.
Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды.
Солай жалғасып оқушылар шеңбер бойына тұрады.
Топтарға бөлу
«Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Топқа арналған ереже:
белсенді болу;
шыдамдылық таныту;
достық қарым-қатынаста болу;
бір-бірінің ойын сыйлау;
басқа адамды тыңдай білу;
барлығын бірге жасау;
ынтымақтастықта жұмыс жасау.
Топтық жұмыс
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Басқа топ мүшелеріне де ойын осылай жалғасады.
І топ
1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады ?
2. Жылдамдықтың 45 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Велосипедші 250 м жолды 2,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы арақашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?
4. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын
30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.
5. 0, 1, 2 және 4 цифрларымен неше екі таңбалы жұп сандарды жазуға болады?
Топтық жұмыс
ІІ топ
1. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?
2. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Автомобильдің 3 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.
4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.
5. Туристер Қазақстанның Түркістан, Алматы және Семей қалаларына саяхат жасаулары керек.
Туристер осы қалаларға неше нұсқада саяхат жасай алады?
ІІІ топ
1. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?
2. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.
3. Велосипедші 20 минут ішінде 8 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын табу керек.
4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.
5. 4 бөлменің 4 кілті бар. Қай кілт қай бөлменікі екені белгісіз. Осы 4 бөлмені ашу үшін ең қиын
жағдайда кілттерді неше рет тексеру керек?
Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.«Есепті жалғастыр ...»
Әр топ өмірмен байланысты қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға және іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді құрастырып, өздері орындарында шығарады және сол есептерін келесі басқа топқа беріп, нәтижесін өздері тексереді. Уақыт аяқталғаннан соң топ мүшелері өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды және бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма: №673.
Рефлексия:
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?