Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару

Оқу мақсаттары: 6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

қозғалыстың орташа жылдамдығын табу анықтамасын есеп шығаруда қолданады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

Орташа жылдамдық – бұл өткен арақашықтықтың кеткен уақытқа қатынасы. =

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Білімді өзектендіру

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау.

Тапсырма 1.

  • Берілген сипаттама мен формуланы сәйкестендіріңіз.

Арақашықты табу формуласы

Жақындау жылдамдығын табу формуласы

Уақытты табудың формуласы

Жылдамдықты

табу формуласы

  • Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
  • Қашықтық пен қозғалу уақыты белгілі болған жағдайда жылдамдықты қалай табуға болады?
  • Қозғалыс жылдамдығы артатын болса, белгілі қашықтықты жүріп өту барысында уақыт қалай өзгереді?
  • Қозғалу жылдамдығы тұрақты, ал қозғалыс уақыты артатын болса, жүріп өткен жол қалай ауысатын болады?

Жауабы:

Жылдамдықты табу формуласына назар аударылады.

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2.

№1. Автомобиль 2 сағатта 61,3 км/сағ, 3 сағатта 73,4 км/сағ және 1 сағатта 65,8 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын табыңыз. Қозғалыстың орташа жылдамдығы қалай есептеледі?

Мұғалім оқушыларға жолдың формуласын еске түсіріп, талдау барысында орташа жылдамдықты табуды ұсынады.

Жауабы: Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы 68,1 км/сағ.

Орташа жылдамдық – бұл өткен арақашықтықтың кеткен уақытқа қатынасы. =

№2. Жайнар мектепке дейін 5 км/сағ жылдамдықпен 30 минут жаяу, сосын көлікпен 60 км/сағ жылдамдықпен 10 минут жүрсе, орташа жылдамдығы қандай?

Жауабы: Орташа жылдамдығы 18,75 км/сағ.

Оқушылар тапсырманы өздері орындайды, сосын шығарылу жолын жұбына түсіндіреді. ал қажеттілігіне қарай кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

4. Жаңа сабақты меңгеру.

Топтық жұмыс.

Топта орташа жылдамдықты табуға қатысты есептерді құрастыру ұсынылады.

Тапсырма 3.

Бұл тапсырма ашық сипаттағы тапсырма оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Жылдамдықты табу формуласына назар аударылады.

км/мин

км/с

км/сағ

м/мин

м/сағ

  • Берілген суреттердегі заттардың сәйкес келетін жылдамдықтарын сәйкестендіріңіз.
  • Берілген суреттердегі заттардың біреуін қолданып, орташа жылдамдықты табуға қатысты есептерді құрастырып, оны шығарыңыз.
  • Құрастырған есептеріңізді басқа топқа ұсынып, басқа топтың құрастырған есептерін шығарыңыз.

Берілген іс-әрекетті жүзеге асыруда саралап оқытудың "Креативтілік" қағидасы қолданылады, сонымен бірге оқушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алады.

Жауабы:

Сергіту сәті.

«Көз жаттығуын» жасалады.

Көзді оң жаққа, төменге, кеңсірікке, оң жаққа, төменге, мұрынның ұшына айналдыру.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 4.

№1.

Поезд жолдың бірінші жартысын 72,75 км/сағ жылдамдықпен 2,4 сағат, ал екінші жартысын 3,6 сағат жүрді.

  • Поезд жолдың екінші жартысын қандай жылдамдықпен жүрді.
  • Поездың бүкіл жол бойындағы орташа жылдамдығын табыңыз.
  • Жылдамдықтардың өзгеріс ауқымы неге тең?

Жауабы:

  • Поезд жолдың екінші жартысын 48,5 км/сағ жылдамдықпен жүрді.
  • Поездың бүкіл жол бойындағы орташа жылдамдығы 58,2 км/сағ.
  • Жылдамдықтардың өзгеріс ауқымы 24,25 км/сағ.

Дескриптор: Білім алушы

- бірінші жартысында жүрген жолды табады;

- екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады;

- жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді.

№2.

Автобус жолдың 270 км-ін 90 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 120 км-ді 80 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі автобустың орташа жылдамдығы қанша?

Жауабы: км/сағ.

Дескриптор: Білім алушы

- жолдың әр бөлігінің жүру уақытын табады;

- барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді;

- орташа жылдамдықты табады.

 Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

6. Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Пойыз алғашқы 200 км жолды 100 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті, ал сосын 3 сағат бойы 150 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Кестеде қалып қойған мәндерді, содан кейін барлық жолдағы пойыздың орташа жылдамдығын есептеңіз.

х

t

AB

200 км

сағ

BC

км

3 сағ

V

100 км/сағ

150 км/сағ

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу