Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Сынып: 6 | |
Сабақ тақырыбы | Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілімен комбинаторикалық есептерді шығара алады. | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Статистика бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б. Осы сабақта алған түсініктер 7 сынып материалын оқып-білуге негіз болады. | ||
Бастапқы білім | Реттелген және реттелмеген ішкі жиындар туралы білімдерді пайдаланып, комбинаторлық есептерді шешеді |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-2 мин 2-4 мин 4-8 мин 8-10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Тобыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.. Сандарының қосындысы 10-ға, 15-ке, 5-ке тең оқушылар бірге топтасады. Мысалы: 1 топ –25-13+3-10=5 29-18+6-12=5 20-14+4-5=5 2 топ – 28-15-7+4=10 21+5-16=10 14+9-18+5=10 13+9-16+4=10 3 топ – 12+15-3-9=15 29-16+9-7=15 5+9+13-12=15 13-10+12=15 2. Білімді өзектендіру Топпен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; Ой қозғау. 1) 2 таңбалы неше сан бар? 2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар? 3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар? Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады. Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | . https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar |
Сабақтың ортасы 10-16 мин 16- 24 мин 24-25 мин 25-35 мин | 3. Жаңа сабақты түсіну Жұптық жұмыс: Тапсырма 1. №1.Дүкеннің сөресінде екі қонжық жатыр – сары және қоңыр, екі машина – қара және ақ және үш доп – қызыл, жасыл және көгілдір. Бекжанға 3 ойыншық сатып алу керек: бір қонжық, бір машина және бір доп. «Ағаштың» көмегімен Бекжан оны қанша тәсілмен сатып алатынын анықтаңыз. №2. Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. Дескриптор: Білім алушы - нұсқалар ағашының деңгейінің санын анықтайды - нұсқалар ағашын салады - киім кию нұсқаларының санын табады Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау 4. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Оқушыларға комбинаторикалық есептер шешімінің барлық мүмкін нұсқаларын табуға қатысты есептер ұсынылады. Бұл есептерді шығару барысында оқушылар толық іріктеуді орындайды. Тапсырма 2. №1. Сыныпта 6 үздік оқушы бар. Осы оқушылардың ішінен неше тәсілмен 4 оқушыны математикадан олимпиадаға жібере алады? №2. Би үйірмесіне 7 оқушы қатысады. Олардың 4-еуі қыз, 3-еуі ұл. Вальс биін билеу үшін, оқушылар қанша тәсілмен жұптаса алады? Есептердегі кейбір дәлсіздіктер мен қателіктер талқыланады. Сергіту сәті. 5. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 3. Осы кезеңде есеп шығару барысында толық іріктеумен қатар қысқаша іріктеу де жүргізілуі мүмкін. №1. 3, 4, 5, 6 цифрларынан ондықтар саны бірліктер санынан артық болатындай барлық екітаңбалы сандарды жазыңыз. №2. 4 фигура бар: үлкен және кіші үшбұрыштар, үлкен және кіші дөңгелектер. Бірінші орынға үлкен үшбұрышты және пішіні бірдей фигуралар қатар тұрмайтындай қанша тәсілмен осы фигураларды бір қатарға орналастыруға болады? №3. 3, 4, 5, 6 цифрларынан барлық жұп екітаңбалы сандарды құрастырыңыз. Дескриптор: Білім алушы - бірінші жартысында жүрген жолды табады; - екінші жартысында жүрген жолдың жылдамдығын табады; - барлық жолдың ұзындығы мен уақытын есептейді; - орташа жылдамдықты табады; - жылдамдықтардың өзгеріс ауқымын есептейді. Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді. | Қосымша 1. Қосымша 2. Қосымша3. |
Сабақтың соңы 35-37 мин 37-40 мин | 6. Сабақты қорытындылау. Жаздың ыстық күнінде данышпан қария келе жатса ауыр құрылыс тастарын тасып алып келе жатқан үш адамды кездестіреді. Данышпан олардың әрқайсысына «бүгін немен айналыстың» деп сұрақ қояды? 1-шісі былай деп жауап береді: «Күні бойы тастарды тасумен болдым» депті, 2-шісі: «Мен тек өз міндетімді адал атқардым» деп күрсініпті, ал 3-шісі: «Мен мешіттің тастарының қалануына ат салыстым» деп күлімсіреп өзінің атқарған жұмысына баға берген екен . Балалар, сіздерде өздеріңіздің бүгінгі жұмыстарыңызға баға беріңіздер. 1-ші адам сияқты жұмыс атқарғандарымыз стикерлерімізді қызыл түске апарамыз; - жұмыстарын адал атқарғандар– сарыға; - тастардың қалануына ат салысқандар– жасыл түске стикерлерімізді жапсырамыз. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | Қосымша 4. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар |
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?