Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...; | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал тудыру. Бір, екі, үш, Сыныптың іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз. Сабақты біз бастаймыз. | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин | Проблемалық ситуация: Оқушыларға кез келген сандар қатарын құрастырту. Осы қатардың ең кіші санын және ең үлкен санын анықтап, олардың айырмасын; осы қатарда жиі кездесетін санды; осы қатардың ортасында орналасқан санды табу керек. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу керек. Осыдан келіп бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын шығару. | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||
9 – 18 мин | Жаңа сабақ Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода және медиана. Арифметикалық орта дегеніміз не? Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Өзгеріс ауқымы дегеніміз не? Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мәні мен ең кіші мәннің айырмасы. Мода дегеніміз не? Мода деп – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі. Қайсыбір жағдайларда берілген шаманың модасы болмауы да мүмкін немесе біреуден артық болуы да мүмкін. Қызыл түс-мода .Саны -3. Халықтың тұрмыстық қажетін өтеудегі, коммерциялық жұмыстардағы моданың бірі – халықтың көп сұрайтын сұраныс заты. Медиана дегеніміз не? Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипттама. Шамалардың мәндері көбінесе сандар қатарымен өрнектеледі. Сондықтан шамалардың мәндерінің өзгерістері оның медианасымен сипатталады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:
Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады. Мысал-1: Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы: 140С; 150С; 160С; 140С; 170С; 170С; 200С болды. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасын табайық. Ол үшін апта ішіндегі ауа температурасын өсу ретімен жазып щығайық: 140С; 140С; 150С; 160С; 170С; 170С; 200С. Демек, 14; 14; 15; 16; 17; 17; 20 – сандар қатары алынды. Осы сандардың қақ ортасындағы санды табайық. Ол сан – 16. Олай болса, осы сандар қатарының медианасы – 16. Мысал-2: Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6. Мүз айдынында қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табайық. Ол үшін ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық: 5,7; 5,6; 5,6; 5,5; 5,4; 5,3; 5,2; 5,2. Ортасындағы сан екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады: 5,45. Берілген сандар қатарының медианасы – 5,45 саны. Қорытынды: Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан. Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады. Жаңа сабақты меңгергендеріңді тексеру үшін мына тапсырмаларды ауызша орындап жіберейік: 1.Сандардың арифметикалақ ортасын тап: 5 пен 3 3)30 бен 50 3пен 10 4) 0,6 мен 0,4 2.Сандардың ішінен мода санды тап: «5», «4», «5», «5», «4», «4», «5», «5», «5», «3»,«3» 3.Өзгеріс ауқымын тап: Спорт жарысында Абай – 12 ұпай, Жарас – 8 ұпай, Айдана – 17 ұпай және Асем – 9 ұпай жинады. Ұпайлардың өзгеріс ауқымын табыңдар? 4. Медиананы табыңдар: Арман мен Айша мәнерлеп сырғанаудан: 12; 11,5; 10; 18; 14,7 ұпайларын жинады. Мәнерлеп сырғанаудан алған ұпайларының медианасын табайық? 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; Оқушыларға бірнеше қолданбалы сипаттағы есептерді шығаруды ұсыну. Оларды бірлесе отырып талдап шығару. Мысалы: 1. Тоқсан барысында Еңлік математикадан бес «екілік», төрт «төрттік» және екі «бестік» бағаларын алды. Оның анасы Еңлікке тоқсандық бағаға «екілікті», әкесі «үштікті», ал Еңліктің өзі «төрттікті» қою керек деп ойлайды. Әрқайсысының көзқарасына қатысты аргументтер келтіріп қөріңіз ( отбасының әрбір мүшесі қандай статистикалық сипаттамаларды есептейді?). Сіз Еңлікке қандай баға қояр едіңіз? 2. Тоқсан барысында Берік математикадан бір «бестік», бес «төрттік» және төрт «үштік» бағаларды алды. Беріктің бағаларының арифметикалық ортасы осы сандар қатарының медианасынан айырмашылығы қандай болады? | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы. | |||||||||||||||||||||||||||
19 – 28 мин | Жалпы сыныппен жұмыс №1. Базарда 7 сатушы қызанақтар сатады және 1 кг үшін бағалары (теңге есебімен) сәйкесінше: 63, 60, 59, 64, 65, 64, 63 . Базарда қызанақтардың 1 килограмының орташа бағасы қандай? Қызанақтардың кеңінен тараған бағасы қандай? Қызанақтардың ең қымбат және ең арзан бағаларының арасындағы айырмашылығы неге тең? №2. Кестеде метеостанцияда ауа температурасының (градус Цельсия есебімен) наурыз айының бірінші он күндігі барысында күнделікті өлшеулері жазылған:
Осы он күндіктегі түскі орташа температураны табыңыз. | Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті: «Көңілді қалпақ» ойыны. Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табады. Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||
31 – 37 мин | Жұптық жұмыс № 1. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5, 7, 10, 12, 16; Ш: . 2) 14, 18, 17, 23; Ш: . 3) 45, 58, 76, 81; Ш: . 4) 3, 6, 12, 10, 9; Ш: . 5) 20, 32, 43, 49; Ш: . 6) 100, 150, 180, 170. Ш: . № 2. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 1; 2; 5; 7; Ш: 7 – 1 = 6. 2) ;; ; ;Ш: . 3) 6,3; 0,6; 7; 15,9; Ш: 15,9 – 0,6 = 15,3. 4) 0,4; 2,5; 9; 20; Ш: 20 – 0,4 = 19,6. № 3. Сандардың модасын табыңдар: 1) 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; Ш: мода – 2,1. 2) ;; ; ; 1; ; Ш: мода – . 3) 5,1; 7,5; 8,3; 10,2; 20; Ш: мода – жоқ. 4) 6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1; Ш: мода – 6,1 және 7,5. 5) 0,6; 0,5; 0,3; 0,6; 0,1; Ш: мода – 0,6. 6) 7; 9; 10; 8; 6; Ш: мода – жоқ. Дескриптор: Білім алушы:
| Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма «Статистикалық шамаларға есептер құрастыру» Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныптық және жұптық жұмыста көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылар жалпы және жұптық жұмыста бір-біріне көмек жұмыстарын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың әр бөлімінде жүреді. Оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау. | Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды