Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3D Кеңістіктегі фигуралар

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.4

кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын танып біледі;
  • жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді үйрету.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • стереометрия бөлімін сәтті меңгерді;
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын біледі;
  • жазық және кеңістік фигураларын кескіндейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жазбаларды салуға түсінік береді;
  • фигураны бұру барысында таңдаған кескінді сипаттайды;

- кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- проекция;

- кеңістіктегі фигураның төбесі, қыры, жағы;

- бүйір жағынан, жоғарыдан, алдыңғы жағынан;

- жазба;

- кеңістік фигураны бұру;

- сағат тілінің бағытымен бұру;

- сағат тіліне қарсы бұру.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- жазбаны жинау үшін …;

- берілген фигураның ... жағы;

- үстінгі жағы ... орналасады;

- берілген жазбаға ... фигурасы сәйкес келеді;

- егер фигураны ойша бұруды елестететін болсақ, онда ... көреміз;

  • - егер фигураға жоғарыдан (бүйір жағынан) қарасақ, онда ... .

 Құндылықтарды

  дарыту

Жалпы сыныптық жұмыстағы тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту. Жеке тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік.

 Пәнаралық

  байланыстар

Кеңістіктегі фигураны жоғарыдан, алдыңғы жағынан, сол жағынан қарағанда салған кескіндерін негіздейді, стереометрия бөлімі бойынша алғашқы түсінік қалыптасады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Текшенің, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларын салу дағдылары; симметриялық фигураларды салу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Біріккен оқу ортасын құру

Бұл тараудағы негізгі ерекшеліктерге тоқталу.

НЗМ оқуға қабылдау конкурсының емтиханында осы бөлім бойынша тапсырмалар берілетінін еске салу.

Сабақтың ортасы

3 – 23 мин

23 – 35 мин

35 – 37 мин

Жаңа тақырып.

Біздің айналамыздағы объектілердің кеңістіктік нысаны бар, сондықтан геометрияда жазықтықтың және кеңістіктіктің фигуралары қарастырылады. Кеңістік фигуралар геометриялық денелер деп аталады.

Геометрия

Планиметрия Стереометрия

Геометрияда келесі кеңістіктік фигуралары зерттеледі:

1) тікбұрышты параллелепипед

2) текше

3) цилиндр

4) конус

5) шар

6) пирамида.

Есте сақта!

Кеңістіктік фигураларды бейнелеу ережелері:

1) бақылаушы көзіне көрінетін сызықтар тұтас сызықпен бейнеленген.

2) байқаушы көзге көрінбейтін сызықтар үзік сызықтармен көрсетілген.

Егер көпжақтың бетін кейбір қабырғалар арқылы қиып алатын болсақ, онда оны жазба түрінде қарастыра аламыз.

Есте сақта!

Кескін бойынша фигураның проекциялары

Геометриялық фигура алдынғы жағынан сол жағынан жоғарыдан

Жалпы сыныппен жұмыс

№ 1. Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген, атап шығыңыз. Дәптерге салыңыз.

№2. Суретте 1 санымен фигура алдынғы жағынан көрсетілген, 2 санымен – жоғарыдан көрінісі. Қандай фигура болуы мүмкін?

3. Суреттердің қайсысы текшенің жазбасы болады?

4. Суреттердің қайсысы пирамиданың жазбасы болады?

5. Бос орынға тиісті фигураның проекциясын салыңыз.

фигура алды сол жағы жоғарыдан

Дескриптор: Білім алушы:

  • геометриялық фигураларды ажыратады;
  • сызбаны сауатты орындайды;
  • фигураны кесіні бойынша ажыратады;
  • геометриялық денелер жазбасын біледі;
  • геометриялық денелердің проекциясын біледі, сауатты салады

Тақтада көрсетілген тапсырмалар жауаптары, дескрипторы бойынша өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6 класс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.

Слайд 4

Қосымша 1

Слайд 5

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6

Слайд 6 - 8

Қосымша 2

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2

Қосымша 3

Слайд 9-10

 

Қосымша 4

Қосымша 5

Слайд 11 - 12

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау.

  • кеңістікте ойлау дағдылары қандай?
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын біле ме?
  • жазықтық және кеңістік фигураларын кескіндеуді қалай меңгердім?

Үй тапсырмасы

Мына геометриялық денені қатты қағаздан жасап келуді тапсырыңыз.

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім

Мен не үйрендім

Мен нені түсінбедім

Мен не білуім керек

Слайд 12

Слайд 13 - 14

Қосымша 6

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар фигуралардың түріне қарай біртіндеп күрделенеді. Көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыру, мұғалім бақылайды.

Алдын ала дайындалған дескрипторлар бойынша жалпы сыныптық жұмыста өзін – өзі бағалауды жүргізу.

Сабақ үрдісінде оқушылардың қозғалысына шектеу жасамау, еркін қимылдауға мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу