Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3D Кеңістіктегі фигуралар

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бухарбекова Б.Т., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1

вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

вектор ұғымымен танысады;

векторды кескіндеуді үйренеді.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • векторды кескіндей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жол мен орын ауыстырудың арасындағы айырмашылықты талқылайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • вектор;
  • бағыттаушы вектор;
  • орын ауыстыру;
  • вектордың басы;
  • вектордың аяғы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • векторды кескіндеу үшін …;
  • АВ векторының басы .... , соңы ... .

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар осы сабақ кезінде негізі қаланған білімдерді 7-сыныпта физика пәнінен өтетін « түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар» тақырыптарын өткенде қолдана алады.

Бастапқы білім

Кесінді, жол туралы түсініктері, фигураларды салу дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-8 мин

8-10 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру:

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау. «Мен қайда, қалай барам?»

Мұғалім оқушыларға Жамбыл облысының картасын таратып береді. Ойын шарты:

1) Картадан Жамбыл облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Мойынқұм ауданына дейінгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп, сызып қойыңыз;

2) Картадан Жанатас қаласына дейінгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп, сызып сызып қойыңыз;

3) Мен қайда бара жатқанымды қалай білемін?

4)Алынған осы екі сызықтың бір-бірінен қандай айырмашылығы және қандай ұқсастығы бар?

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз бағыттарын көрсету керек.

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-25 мин

25-27 мин

27-37 мин

3.Практикалық жұмыс

Мақсаты: вектор ұғымымен танысу; векторды кескіндеу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сыныппен жұмыс.

Тапсырма 1.

Жол мен орын ауыстырудың арасындағы айырмашылықты талқылаңыз.

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 2.

  • Вектор туралы қысқаша мәтінді оқыңыз;
  • Мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз;
  • Сызбада көрсетілген векторларды жазыңыз.

Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Оқушы қызметі: сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау:мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді.

Сергіту сәті.

Тапсырма 3.

1.Маша әжесінің үйінен өзенге дейін, содан соң өзен бойымен, өзенді көпір арқылы өтіп, көпірден анасының үйіне дейін жүріп барды. Машаның жолын және оның орын ауысуын (вектор түрінде) кескіндеңіз.

2.Алдар Көсе досы Арманға ауылы Есенгірге қонақ болып келуін ұсынды: «Қане біздің үйге барайық. Бірақ сен өзіңнің есегіңмен тіке қырды жағалап барасың. Ал мен атпен Береке ауылы арқылы Жақсылық ауылына соғамын, содан соң үйге барамын». Досы әрине Алдар Көсеге сенбеді, бірақ келісті. Алдар Көсе мен оның досының орын ауысуын салыңыз. Алдар Көсе бұл жолы алдамады ма немесе әдеттегідей алдады ма?

3.Ара ұясынан бал іздеуге ұшып шықты. Ұясынан сол жақта орналасқан жайылымға қарай ұшты. Содан соң солтүстік бағыттағы қарақұмық жайылымына ұшты. Араның ұшу жолы мен орын ауыстыруын салыңыз. және т.с.с.

Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды.

Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау.

Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Сабақтың соңы

37-40 мин

4. Сабақты қорытындылау.

Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз:

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Мен түсіндім

-Бұл сабақтан мен ой туғыздым

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)

Үй тапсырмасы: 1. Өзіңіздің үйіңізбен мектепке дейінгі жолды вектор түрінде кескіндеп келіңіз.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Дем алу» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу