Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3D Кеңістіктегі фигуралар | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бухарбекова Б.Т., Каражигитова К.Е. | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.4.1 вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: •вектор анықтамасын біледі; •векторды кескіндейді. | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар осы сабақ кезінде негізі қаланған білімдерді 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар» тақырыптарын өткенде қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кесінді, жол туралы түсініктері, фигураларды салу дағдылары бар. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-8 мин 8-10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2.Білімді өзектендіру: Сыныппен жұмыс: Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру; Ой қозғау. «Футбол ойыны» Досжан футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 15 км жүгіретінін анықтады. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма? Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру. Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады. Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. | Қосымша 1. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 мин 15-25 мин 25-27 мин 27-37 мин | 3.Практикалық жұмыс Мақсаты: вектордың анықтамасын тұжырымдау; векторды кескіндеу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту. Әдіс: инновациялық оқыту әдісі Сыныппен жұмыс. Тапсырма 1. Асан үйінен шығып Мектепке дейін 500 м жол жүрді. Сұрақ:
Оқушы қызметі: өз ойларын ортаға салады. Мұғалім қызметі: оқушылардың ойын толықтырады, вектор туралы мәтінді таратады. Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. Тапсырма 2. Суретте сіз көрсете алатын 10 векторды жазыңыз. Тапсырма 3. Берілген векторға сәйкес белгілеулерді табыңыз.
Тапсырма 4. Екінші қақпаға доп салудың қандай әдістері бар? | Қосымша 2. Қосымша 3. Қосымша 4. com/watch?v=PpqXEjn VO6U Қосымша 5. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | 4. Сабақты қорытындылау. Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз: -Бүгінгі сабақты мен үйрендім -Маған қызықты болған тұсы -Мен үшін қиындық туғызды -Мен түсіндім -Бұл сабақтан мен ой туғыздым -Сабақтың ұнаған жері -Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды) | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||||||||||||||||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. Сабақ ортасында «Дем алу» сергіту сәті жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?