Центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы:
Центрлік және осьтік
симметриясы бар фигуралар
6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың
-Центрлік және осьтік симметриялары бар фигураларды анықтау;
-Фигуралардың симметрия осьтерін салу;
-Фигуралардың симметрия осьтерінің санын табу бейімділіктерін қалыптастыру.
Оқу мақсаты:
6.3.1.6 центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар
туралы ұғымды түсінеді;
центрлік және осьтік симметриялы фигураларды анықтай алады;
Жұпқа бөлу:
Қайталау: «Жұптас.Ойлан.Орында»
Мақсаты: Оқушылардың түзуге және нүктеге қарағанда симметриялы фигураларды
салу туралы білімдерін пысықтау.
Дискрипторлар:
1.Симметриялы фигураларды салу алгоритмін дұрыс қолдану
2.Салуды қатесіз орындау, тұжырымдай білу
2.Уақытты үнемді пайдалану
3.1.Практикалық тапсырма
Орындалуы:-Оқушы партасының шетіне қойылған парақты алыңыз.
-Парақты қақ ортасынан бүктеңіз.
-Парақтың бүктеуін ашыңыз және пайда болған бүктеу сызығына сызғышты қойыңыз.
-Осы сызықты түсті қарандашпен немесе фломастермен бастырыңыз.
Зерттеу сұрақтары:1.Ұсынылған парақ қандай геометриялық фигура?
2.Бүктеу сызығы қандай геометриялық фигура болып табылады? 3.Бұл сызық қандай функция атқарады?Дескриптор:
-Сызбыны қатесіз салған;
-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.
4.1.Практикалық тапсырма-2
-Бірінші тапсырмадағы тік төртбұрышқа оралайық.
Зерттеу сұрақтары:
- Тік төртбұрышты тең екі бөлікке бөлетін басқа да бүктеу сызығы(симметрия осі) бар ма?
- Қанша симметрия осьтері бар екен? - Тағы да симметрия осі анықтала ма?-Тіктөртбұрыштың симметрия центрі бар ма? Болса қайда орналасады?
Нұсқаулар:
-Тік төртбұрышты тең бөлікке бөлетіндей бүктеу сызығын табу үшін зерттеу жұмысын жүргізіңіз.
-Пайда болған бүктеу сызықтарын түсті қарандашпен немесе фломастермен сызып шығыңыз.
Дескрипторлар:
-Сызбыны қатесіз салған;
-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.
4.2. Практикалық тапсырма-3
Орындалуы:
- Қалташадан дөңгелекті алыңыз.-Оны қақ бүктеңіз.
Зерттеу сұрақтары:
- Дөңгелектің симметрия центрі тек біреу-ақ па?- Дөңгелекте қанша симметрия ось болады? (шексіз көп)- Дөңгелектің симметрия осьтері қалай және неден өтеді?( центр)-Дөңгелектің симметрия осі ретінде қандай кесінді алынады? (диаметр)
-Дөңгелектің симметрия центрі бар ма? (Бар, ол дөңгелектің центрі)
Дескриптор:-Сызбыны қатесіз салаған;
-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.
Дағдылар : түсіну, сыни ойлау, талдау
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Диктант
Мақсаты: Оқушылардың жаға алынған білімдері бойынша білік икемділіктерін
саралау.Өз ойларын тұжырымдауға үйрету.Зерттеу қабілеттерін шыңдау
Жұмыс түрі: жұптық жұмыс
Нұсқау: көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазу.
Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады. Нүктені симметрия центрі деп атайды.
Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симмметриялы фигура деп аталады. Ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Тік төртбұрыштың екі симметрия осьтері бар.
Квадраттың төрт симметрия осьтері бар.
Шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп.
Тік төртбұрыш , квадрат, шеңбер - центрлік және осьтік симметриялы фигуралар.
Білімдерін бекіту
5.1.Тапсырма-1:
https://learningapps.org/1680079
Тапсырма-2:
http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/geometricheskie-figury-i-tela-simmetriia-na-ploskosti-13781/osevaia-i-tcentralnaia-simmetriia-14716/re-35394a76-ede3-4127-9b47-43d19db311
Дескрипторы:
-Симметрия центрі, симметрия осі ұғымдарын қолдана алады;
-Тапсырманы қатесіз орындаған.
Көз жаттығуы
Төменде ұсынылған фигуралдардың қайсысының
симметрия осі бар?
Симметрия осі екеу не одан көп?
Симметрия осі?
Симметрия центрі және симметрия осі бар?
Үйге тапсырма:
Шағын жобалар:
1 жұп:Адам денесіндегі симметрия
2 жұп: жануарлар әлеміндегі симметрия
3 жұп: Өсімдіктер әлеміндегі симметрия
4 жұп: Архитектурадағы симметрия
5 жұп: Қазақ тілдегі симметрия
Шыныбеков Ә.Н : №1174, 1197, 1230
https://www.everydaymathonline.com/family_letters/english/grade_4/EM3MM_G4_U10_Family_Letters_english.pdf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?