Центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жазықтықтағы координаталар

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Балгалиева Жанаргул Халыковна

 Сынып: 6 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақ тақырыбы

Центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар

 Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты бекіту

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.6 центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар туралы ұғымды түсінеді;

центрлік және осьтік симметриялы фигураларды анықтай алады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың:

-Центрлік және осьтік симметриялары бар фигураларды анықтау;

-Фигуралардың симметрия осьтерін салу;

-Фигуралардың симметрия осьтерінің санын табу бейімділіктерін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Оқушы:

Білу

Центрлік және осьтік симметрия ұғымдарын біледі;

Түсіну

Нүктеге және түзуге қарағанда симметриялы фигураларды салу алгоритмін тұжырымдай алады;

Сыни ойлау

Симметрия қасиеттерін біле отырып, симметриялы фигураларды анықтай алады;

Қолдану

Фигуралардың осьтік және центрлік симметриясын салу әдістерін қолданады;

Талдау

Симметриялы фигуралар туралы зерттеулер жүргізе отырып, нақты тұжырымдар жасай алады.

 Тілдік

  мақсаттар

 

Оқушылар:

- «симметрия», «фигуралардың симметрия центрі», «фигуралардың симметрия осьтері» ұғымдарын түсінеді;

-фигуралардың симметрия осьтерін салуды біледі;

-түзудің симметрия осі болатындығын анықтай алады;

-симметриялы фигураларды анықтайды;

Ауызша:

Симметрия қасиеттерін қолдана отырып, тапсырмалардың орындалуын баяндап, түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

-симметрия

-центрлік және осьтік симметрия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

...түзуге қарағанда симметриялы.

...нүктеге қарағанда симетриялы.

Симметриялы фигуралар өзара тең болады.

Кесінді –центрлік симметриялы фигура.

Шеңбердің симметрия осьтері....

Төртбұрыштың симметрия осьтері....

Үшбұрыштың симметрия осьтері....

Сөздік:

Симметрия центрі- центр симметрии

Симмертия осі- ось симметрии

Центрлік симметриялы фигура- центрально-симметричная фигура

Симметриялы фигуралар-симметричные фигуры

Симметрия- «summetria»

 Құндылықтарды

  дарыту

 

 

Оқушылардың:

- белсенділігін арттыру;

-мәселе қоя білу және оларды шеше алу қабілеттерін жетілдіру;

- уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиелеу;

-жұпта, ұжымда жұмыстануды ұйымдастыру;

- өзгені тыңдау және сыйлау;

- өз ойын нақты жеткізе алу;

- сыни тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Пәнішілік байланыс, информатика, жаратылыстану

 АКТ

қолдану дағдылары

Оқушылардың: қауіпсіздік ережелерін сақтау, ақпараттық технологиялармен жұмыстана алу дағдыларын жетілдіру.

 Бастапқы білім

Симметрия, нүктеге қарағанда симметриялы, түзуге қарағанда симметриялы, симметрия центрі, симметрия ось, биссектрисса, кесінді, бұрыш, үшбұрыш,төртбұрыш, квадрат,шеңбер т.б

Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 2 минут

 

 

 2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

І .Ұйымдастыру:

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

1.2.Берілген терминдерді (сөз тіркестерін) жүйелеу арқылы

оқушылар жұпқа бөлінеді. /Қосымша №1/

1.3. Оқушыларға бағалау парағы беріледі./Қосымша №2/

ІІ. 2.1.Қайталау:«БІТ» бойынша Блок-сызбаны толтыру

Қосымша №3

Мақсаты: «Нүктеге қарағанда симметрия», «Түзуге қарағанда симметрия» тақырыптарына сәйкес БІТ (бірліктерді ірілендіру технологиясы) бойынша өтілген ұғымдарды саралай отырып, оқушылардың ақпараттарды шоғырландыруға үйрету.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Мұғалімнің қызметі: тапсырманың орындалу қадағалау, қажет уақытта жетелеуші сұрақтар бере отырып, жұмысты үйымдастыру.

Оқушының қызметі:оқушылар шағын топта қажетті симметриялы фигураларды салу алгоритмдерін саралай отырып, блок-сызбаны толтырады.

Тексерілетін дағды: түсіну, білу

Бағалау: М-О

2.2. Қайталау: «Жұптас.Ойлан.Орында» /Қосымша №4

Мақсаты: Оқушылардың түзуге және нүктеге қарағанда симметриялы

фигураларды салу туралы білімдерін пысықтау

Жұмыс түрі:жұптық жұмыс

Тексерілетін дағдылар: білу, қолдану, сыни ойлау

Мұғалімнің қызметі: Тапсырманы орындау нұсқаулығын дұрыс беру.

Оқушының қызметі:Әр жұп өз қалаулары бойынша бес тапсырмадан жинақталған қалташаны таңдайды.Қалтада берілген тапсырмалар бір мезгілде жұпқа беріледі. Оқушылар партадағы постерлерге маркерлер арқылы жауапты жазады. Басқа оқушылар ұсынылған дискриптор арқылы тапсырманың дұрыс орындалғандығын қадағалайды. Әр жұптың мүшесі өз тапсырмасының баңалау нәтижесін бағалау парағына тіркеп отырады.

Құралдары: постер, маркерлер,қалташа

Дискрипторлар:

1.Симметриялы фигураларды салу алгоритмін дұрыс қолдану

2.Салуды қатесіз орындау, тұжырымдай білу

2.Уақытты үнемді пайдалану

Бағалау: О-О бағалауы жүргізіледі.

2.3. Үй тапсырмасын тексеру.

Орындалуы: Әр жұп бір-бірімен дәптерлерін алмастыра отырып, тапсырмалардың орындалуын тексереді.

Мұғалімнің қызметі: Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексере отырып, тапсырманы дұрыс орындалғанын тексеріп, үлгі ретінде сканерлеп интербелсенді тақтадан ұсынады.

Оқушы қызметі: өз жұптарының үй тапсырмасын дұрыс орындауын

қадағалау, шынайы бағалау

Бағалау: өзара бағалау

Презентация,

интербелсенді тақта,

кеспе карточкалар

Сабақтың ортасы

2 минут

2 минут

2 минут

3 минут

3 минут

3 минут

3 минут

1 минут

2 минут

2 минут

ІІІ. Мәселе қою: 3.1.Практикалық тапсырма

Жұмыс түрі: жеке жұмысОрындалуы:

-Оқушы партасының шетіне қойылған парақты алыңыз.

-Парақты қақ ортасынан бүктеңіз.

-Парақтың бүктеуін ашыңыз және пайда болған бүктеу сызығына сызғышты қойыңыз.

-Осы сызықты түсті қарандашпен немесе фломастермен бастырыңыз.Зерттеу сұрақтары:

1.Ұсынылған парақ қандай геометриялық фигура?

(тік төртбұрыш)2.Бүктеу сызығы қандай геометриялық фигура болып табылады?

(түзу) 3.Бұл сызық қандай функция атқарады?

(Бұл түзу сызық фигураны тең екі бөлікке бөледі)

Қорытынды:

Тапсырмаға байланысты оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.

Бүктеу сызығы фигураны бірі- бірінің бейнесі болатындай екі бөлікке бөледі. Бұл сызықты «Симметрия осі» деп атаймыз.

Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру.Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.

Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.

Дескрипторлар:

-Сызбыны қатесіз салған;

-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.

* Сонымен бүгінгі сабағымызда біздер әртүрлі фигуралардың симметрия осьтерін салуды, симметрия центрін анықтауды қарастырамыз.

Сабақтың тақырыбы:

Центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар

Оқыту мақсаты: Оқушылар-6.3.1.6 центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар туралы ұғымды түсінеді;

центрлік және осьтік симметриялы фигураларды анықтай алады;

Бағалау критерийлері:

Білу: Центрлік және осьтік симметрия ұғымын біледі;

Түсіну: Нүктеге және түзуге қарағанда симметриялы фигураларды

салу алгоритмін тұжырымдай алады;

Сыни ойлау: Симметрия қасиеттерін біле отырып, симметриялы

фигураларды анықтай алады;

Қолдану: Фигуралардың осьтік және центрлік симметриясын салу

әдістерін қолданады;

Талдау: Симметриялы фигуралар туралы зерттеулер жүргізе отырып,

нақты тұжырымдар жасай алады.

IV.Мағынаны тану:

Анықтама: Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады. Нүктені симметрия центрі деп атайды.

Анықтама:Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симмметриялы фигура деп аталады. Ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.

Зерттеу сұрақтары:

-Кез келген фигурада симметрия центрі бар ма?

-Фигураның симметрия центрі қайда орналасады, қалай анықталады?

-Фигураның симметрия осін қалай табылады?

-Бір мезгілде симметрия центрі де, симметрия осьтері бар болатын фигуралар бола ма?

4.1.Практикалық тапсырма-2

-Бірінші тапсырмадағы тік төртбұрышқа оралайық.

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс

Зерттеу сұрақтары:- Тік төртбұрышты тең екі бөлікке бөлетін басқа да бүктеу сызығы

(симметрия осі) бар ма?- Қанша симметрия осьтері бар екен? (екеу)- Тағы да симметрия осі анықтала ма? (жоқ)

-Тіктөртбұрыштың симметрия центрі бар ма? Болса қайда орналасады?

Нұсқаулар:

-Тік төртбұрышты тең бөлікке бөлетіндей бүктеу сызығын табу үшін зерттеу жұмысын жүргізіңіз.

-Пайда болған бүктеу сызықтарын түсті қарандашпен немесе фломастермен сызып шығыңыз.

Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру.Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.

Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.

Қорытынды: Басқалай симметрия осьтері тағы екеу ғана табылады. Симметрия центрі бар.

Дескрипторлар:

-Сызбыны қатесіз салған;

-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.

Қосымша білім: Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесіндіні диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдар-ының қиылысу нүктесі- оның симметрия центрі болады.

Дағдылар: түсіну, сыни ойлау, талдау

Бағалау: өзара бағалау (жұптар)

4.2. Практикалық тапсырма-3

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс

Орындалуы:- Қалташадан дөңгелекті алыңыз.

-Оны қақ бүктеңіз.

Зерттеу сұрақтары:- Дөңгелектің симметрия центрі тек біреу-ақ па?- Дөңгелекте қанша симметрия ось болады? (шексіз көп)- Дөңгелектің симметрия осьтері қалай және неден өтеді?( центр)

-Дөңгелектің симметрия осі ретінде қандай кесінді алынады? (диаметр)

-Дөңгелектің симметрия центрі бар ма? (Бар, ол дөңгелектің центрі)Зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Қажет уақытта жетелеу. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау.

Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау.

Қорытынды: Бірнеше симметрия осьтері табылады. Симметрия центрі бар.

Дескрипторы:

-Сызбыны қатесіз салаған;

-Зерттеу жұмысын дұрыс тұжырымдай білді.

 Дағдылар : түсіну, сыни ойлау, талдау

 Бағалау: жұптар өзара бір-бірін бағалайды.

4.3. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Диктант

Мақсаты:Оқушылардың жаға алынған білімдері бойынша білік икемділіктерін саралау.Өз ойларын тұжырымдауға үйрету.Зерттеу қабілеттерін шыңдау

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс

Нұсқау: көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазу.

Мұғалімнің қызметі: Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындай алуын қадағалау. Тұжырымдарды нақты жазуға, айтуға үйрету.

Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырмадағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоя отырып, зертттеу жұмысының қорытындысын тұжырымдайды .Тапсырманы дәптерге орындайды.

Қорытынды: Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады. Нүктені симметрия центрі деп атайды.Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симмметриялы фигура деп аталады. Ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.Тік төртбұрыштың екі симметрия осьтері бар.Квадраттың төрт симметрия осьтері бар. Шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп. Тік төртбұрыш , квадрат, шеңбер- центрлік және осьтік симметриялы фигуралар.

Дағдылар: білу,саралау, тұжырымдауБағалау: өзара бағалау

(оқушылар интербелсенді тақтада ұсынылған жауап арқылы көршісімен дәптерлерін алмастыра отырып жұмыстың орындалуын тексереді, бағалайды)

V.Білімдерін бекіту

Мақсаты: Зерттеу жұмыстары бойынша алған білім икемділіктерін саралау.

Өтілу барысы: Оқушылар тапсырманы онлайн режимде орындайды

Дағдылар: білу, қолдану, сыни ойлау

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Дескрипторы:

-Симметрия центрі, симметрия осі ұғымдарын қолдана алады;

-Тапсырманы қатесіз орындаған.

5.2. Көз жаттығуы: слайд №10

  • 5.3. Тапсырма-2: Қосымша №6

http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/geometricheskie-figury-i-tela-simmetriia-na-ploskosti-13781/osevaia-i-tcentralnaia-simmetriia-14716/re-35394a76-ede3-4127-9b47-43d19db311

  • Жұмыс түрі: жеке жұмыс

Мақсаты: Зерттеу жұмыстары бойынша алған білім икемділіктерін саралау.

Өтілу барысы: Оқушылар тапсырманы онлайн режимде орындайды

Дағдылар: білу, қолдану, сыни ойлау

Бағалау: өзін-өзі бағалау, реттеу

Дескрипторы:

-Симметрия центрі, симметрия осі ұғымдарын қолдана алады;

-Тапсырманы қатесіз орындаған.

5.4. Тапсырма-3: Слайд№11

  • Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білім икемділіктерін пысықтау.Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіру.

Өтілу барысы: Оқушылар тапсырманы онлайн режимде орындайды

Дағдылар: білу, қолдану, сыни ойлау

Бағалау: өзін-өзі бағалау, реттеу

Дескрипторы:

-Симметрия центрі, симметрия осі ұғымдарын қолдана алады;

-Сұрақтарға нақты және дұрыс жауап береді.

[1]. Алдамұратова Т.А., ЖББ,6-сыныбына арналған оқулық,Алматы: Атамұра, 2011ж

[2]. http://old.itest.kz/kurs_6_klass_koordinatnaya_ploskost_ru

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

2 минут

VI.Сабақты нәтижелеу:

6.1.Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының танымдық және белсенді әрекетіне сәйкес бағалау парағы толтырылып отырады. Оқушылардың оқу мақсаттарының жетістік критерийлерін орындаулары қадағаланады. Өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап отыру қажет.

6.2. Әр оқушы өздерінің сабаққа қатысу әрекеттерін саралайды. Рефлексия тақтасына стикерлерге жазып орналастырады.

6.3. Көңіл-күй деңгейін белгілейді:

Үйге тапсырма:

Шағын жобалар:

1 жұп:Адам денесіндегі симметрия

2 жұп: жануарлар әлеміндегі симметрия

3 жұп: Өсімдіктер әлеміндегі симметрия

4 жұп: Архитектурадағы симметрия

5 жұп: Қазақ тілдегі симметрия

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы,

құндылықтармен байланыс

Қабілетті оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсыну керек.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау қажет.

Тақырыпқа сай өткен материалдар бойынша оны білу және қолдану, сыни тұрғысынан ойлау дағдылары бағалану керек.

Жақсы меңгерген оқушыларды мадақтап отыру, жалпы өте жақсы орындаған оқушыларға «жетті» бағасын қою керек.

Оқушыларда жұптаса және топтық жұмыс арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті орнығады.

Өзара ой бөлісу және өз-өзін бағалау құндылықтарына ие болады.

АТҚ жұмыс атқарғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қолданылған әдебиеттер мен ресурстар тізімі:

[1]. Алдамұратова Т.А., ЖББ,6-сыныбына арналған оқулық, -Алматы: Атамұра, 2011ж

http://online.anyflip.com/qmwb/evzk/mobile/index.html

[3]. https://www.everydaymathonline.com/family_letters/english/grade_4/EM3MM_G4_U10_Family_Letters_english.pdf

[4]. Алдамұратова Т.А.Есептер жинағы: http://online.anyflip.com/qmwb/evzk

[5].http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/geometricheskie-figury-i-tela-simmetriia-na-ploskosti-13781/osevaia-i-tcentralnaia-simmetriia-14716/re-35394a76-ede3-4127-9b47-43d19db311

[6].http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/geometricheskie-figury-i-tela-simmetriia-na-ploskosti-13781/osevaia-i-tcentralnaia-simmetriia-14716

[7]. http://old.itest.kz/kurs_6_klass_koordinatnaya_ploskost_ru

[8]. http://www.textbooksonline.tn.nic.in/Books/Std07/Std07-I-MSSS-EM-1.pdf

Қосымша №1

 Симметрия

 «summetria»

 

 Симметрия центрі

 Центр симметрии

 

 Центрлік симметриялы фигура

 

 Центрально-симметричная фигура

 Симметрия осі

 Ось симметрии

 

 Симметриялы фигуралар

 

 Симметричные фигуры

Қосымша №2

Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні:________________________

Оқыту мақсаты:

Жетістік критерийі

№1

тапсырма

№2

тапсырма

....

4

З

Барлық ұпай саны

Қосымша №3

Қосымша №4

Жұп

Практикалық қайталау тапсырмалары

№1

О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрышын салыңыз.

№2

О нүктесіне қатысты АВСD төртбұрышына симметриялы төртбұрышын салыңыз.

№3

АВСD квадратына оның В төбесіне қатысты симметриялы квадратын салыңыз.

№4

АВСD квадратына оның АВ қабырғасына қатысты симметриялы квадратын салыңыз.

№5

Координаталар осьтеріне қарағанда АВ кесіндісіне симметриялы кесіндіні салыңыз

Қосымша №5

Қосымша №6

http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/geometricheskie-figury-i-tela-simmetriia-na-ploskosti-13781/osevaia-i-tcentralnaia-simmetriia-14716/re-35394a76-ede3-4127-9b47-43d19db311



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу