Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3С Координаталық жазықтық

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.6

осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушыларға:

  • осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар білу;
  • симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар біледі;
  • симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • түзуге немесе нүктеге қатысты берілген функцияларға симметриялы фигураларды салады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • симметрия;
  • осьтік симметрия, центрлік симметрия;
  • симметрия осі;
  • симметрия центрі;
  • фигура бейнесі;
  • фигураның бастапқы бейнесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • берілген нүктенің оське қатысты симметриялы нүктесін салу үшін ...;
  • берілген нүктенің центрге қатысты симметриялы нүктесін салу үшін ...;
  • координаталар басына қатысты симметриялы нүктелердің ... болады;
  • - абсцисса осіне қатысты симметриялы нүктелердің ... болады.

 Құндылықтарды

  дарыту

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойымен бөлісу, пікірін көпшілік алдында математикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру, салып білу арқылы қоршаған ортада кездесетін сызбалардан (суреттерден) алынған ақпараттарды талдау және зерттеу.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру, симметриялы фигураларды көрсету.

Бастапқы білім

Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

0 – 3 мин

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Біріккен оқу ортасын құру

Үй жұмысын тексеру, көмек қажет оқушыларға көмек ұйымдастырып, координаталық жазықтықта берілген нүктелердің ішінен симметриялы нүктелерді анықтауды еске салу.

 

 

Сабақтың ортасы

3 – 13 мин

13 – 17 мин

17 – 20 мин

20 – 24 мин

24 – 25 мин

25 - 30 мин

30 - 36 мин

36 – 38 мин

Жаңа тақырып.

Ой қозғау мақсатында

Жалпы сыныптық практикалық жұмыс.

Практикалық тапсырмалар арқылы осьтік және центрлік симметрия анықтамаларын оқушылардың есіне түсіру.

Осы үшбұрыштың нүктеге және түзуге қарағандағы симметриялы фигурасын салыңыз.

Нүктеге қатысты симметрияны орталық симметрия деп атайды.

М және М1 нүктелері О нүктесіне қатысты симметриялы болады, егер О нүктесі ММ1 кесіндінің ортасы болса.

O нүктесі симметрия ортасы деп аталады.

Осьтік симметрия - түзу сызыққа (оське) қатысты симметрия.

M және К нүктелері симметрия осіне бірдей және сол қашықтықта перпендикуляр сызық бойында жатса, онда белгілі бір түзуге (симметрия осіне) қатысты симметриялы болып табылады.

Кейбір фигураларда бірнеше симметрия осі бар:

Бұрыш – осьтік симметриялы фигура.

Жазынқы емес бұрыш үшін симметрияның бір осі бар - бұл бұрыштың биссектрисасы.Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды.

Тең бүйірлі үшбұрыш үшін симметрияның бір осі бар.

Тең қабырғалы үшбұрыш үшін - үш ось.

Тік төртбұрыш пен ромб үшін симметрияның екі осі бар.

Квадрат үшін - төрт ось.

Шеңбердің симметрия осінің (шеңбердің ортасынан өтетін) саны шексіз жиынтық болып табылады.

Симметрия осі жоқ фигуралар бар - бұл параллелограмм және барлық жағы әртүрлі үшбұрыш.

Осы түсініктерді GeoGebra бағдарламасын пайдаланып салып көрсету.

Т е с т тапсырмасы1. Осьтік симметриялы фигураны табыңыз:

а) шеңбер; ә) сәуле; б) төртбұрыш.2. Ордината осьіне қарағанда А (- 3; 2) нүктесіне симметриялы нүктенің координатасын табыңыз:

а) А1 (- 3;- 2) ә) А1 (3; 2) б) А1 (3;- 2).3. Квадраттың неше симметрия осі бар?а) 2; ә) 4; б) 1.4. Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше үшбұрышқа бөледі?а) 5; ә) 3; б) 8.

Жауаптары: 1. а; 2. ә; 3. ә; 4. б.

Дайын жауап арқылы «карусель» әдісімен бірін – бірі бағалауды ұйымдастыру.

Топтық жұмыс

Оқушыларды шағын үш топқа біріктіріңіз, әр топқа суреттерді (осьтік симметрия мысалдары) ұсыныңыз.

Мысалдарды топта талқылап, әр топтан тақтаға оқушылар шығады, түсіндіреді.  Қалған топ оқушылары тыңдайды, топ жұмысына түрлі – түсті стикерлер жапсыру арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

Жұптық жұмыс

Жұпта талқылап орындауға ұсыныңыз.

№1. Берілген фигуралар l түзуіне қатысты симметриялы ма?

№2. l түзуі берілген фигуралардың симметрия осі бола ма?

№3. Дәптерлеріне берілген суреттерді көшіріп алыңыз. Шыққан фигурада симметрияның қандай түрлерін байқауға болады?

Орындалған жұмыстарды жұптар арасында ауызша талдауды ұсыныңыз. Әркімнің пікірі құнды екенін ескертіңіз.

Өзіндік жұмыс

№1. Дәптерлеріне берілген суреттерді көшіріп алыңыз. l түзуіне қатысты симметриялы фигураны салыңыз.

№2. Мына әріптерде симметрияның қай түрі бар, жауабыңызды негіздеңіз.

Б; Г; И; Й; Р; У; Ц; Ч; Щ; Я.

Дескриптор: Білім алушы:

  • берілген сызбаны пайдаланып симметриялы фигураны салады;
  • әріптердегі симметрия түрі бар ма, болса қандай симметрия екенін негіздейді.

Қосымша 1

Слайд 4

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6

Слайд 5

Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. математика 6 класс, часть 3

Қосымша 2

Слайд 6

Қосымша 3

Слайд 7

Қосымша 4

Слайд 8

Қосымша 5

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Слайд 9

Қосымша 6

Слайд 10

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау.

  • осьтік симметрия және центрлік симметрияның ұқсастығымен айырмашылығы неде?
  • симметриялы фигуралар өзара тең болады.
  • бұрыш – осьтік симметриялы фигура.
  • тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар.

Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар.

Үйге тапсырма №1. (Практикалық тапсырма)

Бір бет қағазды алып, суретте көрсетілгендей, бірнеше рет бүгіп, ою-өрнек бойынша қиып алыңыз. Шыққан фигурада симметрияның қандай түрлерін байқауға болады?

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-

Слайд 11

Слайд 12

 Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ барысында тапсырмалар біртіндеп күрделендіріліп берілген. Оқушылар берілген тапсырмаларды, салу жұмыстарын орындауда, жауаптарын негіздеуде теориялық түсінікке сүйенеді.

Топтық жұмыста, жұптық жұмыста, жеке жұмыста бағалаудың әр түрін жүргізеді, мұғалімнің бақылауымен.

Оқушы шаршамас үшін сергіту сәтін ұйымдастырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу