Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия

6.3.2.5

тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;

  • тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басына қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салып үйрету;
  • тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салып үйрету.

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Сабақта жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін, оқушылар алынған тапсырмалардың барлығын түсініп орындап, мақсатқа бірігіп жетуі үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру, көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Математиктер биі»

 Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды, қасиеттерді еске түсіре отырып жұмыстанамыз.

Жалпы сыныппен талқылап орындау ұсынылады.

№1. Қай фигураның симметрия осі жоқ?

№2. Дәптерлеріне берілген суреттерді көшіріп алыңыз. k түзуіне қатысты симметриялы фигураны салыңыз.

№3. Қызыл сызыққа қатысты симметриялы екі фигура берілген. Бос орынды толтырыңыз.

А нүктесі ___ нүктесіне симметриялы.

М нүктесі ___ нүктесіне симметриялы

Тапсырмаларды орындау кезінде сырттай бақылаңыз, қажет болған жағдайда көмек ұйымдастырыңыз. Орындалған әр жұмысқа кері байланыс беріңіз.

Сабақ мақсаты бойынша түсіндіріле орындалатын тапсырмалар:

Координаттық жазықтықта нүктелерді салмай,

- абсцисс осіне (көк түсті)

- ордината осіне (қызыл түсті)

симметриялы нүктелердің координаталарын жазыңыз:

- координаталар бас нүктесіне (сары түсті)

симметриялы нүктенің координаталарын жазыңыз.

Мысалы,

– абсцисс осінде 0,2 және -0,2 сандары қалай орналасқан? (координаталар бас нүктесінен бірдей қашықтықта және оған симметриялы).

– ординат осінде 0,3 және -0,3 сандары қалай

орналасқан? (координаталар бас нүктесінен бірдей қашықтықта және оған симметриялы).

– Қандай қорытынды шығаруға болады? (нүктелер координаталар бас нүктесіне симметриялы орналасқан).

– Координаталар бас нүктесіне симметриялы орналасқан нүктелердің координаталарын жалпы түрде жазу формуласын шығарайық.

Координаталар бас нүктесіне симметриялы нүктелердің координаталары (x; y) и (– x; – y).

Абсцисс осіне симметриялы орналасқан нүктелер координаталары(x; y) и (x; – y).

Ордината осіне симметриялы орналасқан нүктелер координаталары(x; y) и (–x; y).

– Тапсырманың жауабы:

Жеке оқулықпен жұмыс (өзі оқып, түсініп орындауға)

№1211

Координаталық жазықтықтағы А(2;5); В(-3;2); С(-4;-4) нүктесіне: ординаталар, абсциссалар остеріне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар

Дескриптор:

  • координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша белгілейді, салады;
  • осьтерге қатысты табылған нүктелердің координаталарын жазады.

№1238 

Координаталық жазықтықта. А(3;4) нүктесі берілген:

1) А нүктесіне ординаталар осіне қатысты симметриялы А1 нүктесін салыңдар;

2) А1 нүктесіне абсциссалар осіне қатысты симметриялы А2 нүктесін салып, оны координаталарымен жазыңдар. Координаталар басы О нүктесіне қатысты А және А1 нүктелері симметриялы бола ма? Дәлелдеңдер.

Дескриптор:

  • координаталар жүйесінде нүктені координатасы бойынша белгілейді, салады;
  • осьтерге қатысты табылған нүктелердің координаталарын салады, жазады;
  • оське қатысты нүктелердің симметриялы болатынын дәлелдейді.

№1240

Координаталық жазықтықтағы А(-3;1) нүктесі төбесі болатын, ABCD тік төртбұрышының симметрия центрі – E(2;3) нүктесі. Оның B, C және D төбелері координаталарымен жазыңдар. ABCD тік төртбұрышының ауданын табыңдар.

Дескриптор:

  • координаталар жүйесінде нүктені координатасы бойынша белгілейді, салады;
  • ізделінді нүктелерді салады, координаталарын жазады;
  • тік төртбұрышының ауданын табады.

Тапсырмалар орындалып болған соң ұсынылған дайын дескриптор бойынша оқушы өзін – өзі бағалайды.

Жұппен орындауға тапсырма

Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік сызба жұмыстарын бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптық жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, бір – бірінің пікірін тыңдап, ой бөліседі, түсіндіреді. Өзге жұптың жұмысын бағалайды, жауапкершілікті ұғынады.

№1.

Координаталық жазықтықта:

1) А(-8; 2); В(-2; 2); С(-2; -4) төбелері бойынша ABCD квадратын салыңдар. Оның D төбесін, координатасын табыңдар.;

2) ординаталар осіне қатысты ABCD квадратына симметриялы A1B1C1D1 квадратын салып, оның симметрия центрі болатын Ғ нүктесін табыңдар. Ғ нүктесін координаталарымен жазыңдар.

№2.

О нүктесіне қарағандағы берілген фигуралардың симметриясын салыңдар.

Дескриптор: Білім алушы:

  • квадраттың D төбесін, координаталарын дұрыс табады;
  • ординаталар осіне қатысты симметриялы фигураны салады;
  • Ғ нүктесін және оның координаталарын табады.

Дайын дескриптор арқылы жұптар арасында өзара бағалау ұйымдастырыңыз.

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.

Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алынған оқу мақсаты, оның орындалуы туралы пікірлерін тыңдау.

Үйге тапсырма № 1241

Тік бұрышты координаталар жүйесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты Е(х; 3) нүктесі Ғ(2; у) нүктесімен симметриялы. х – ті және у – ті табыңдар.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

 Бүгін мен білдім …

 Мен … сезіндім

 Мен үшін қызықты болғаны …

 Бұл туралы менің басқа пікірім бар …

Менің тағы да тыңдағым келеді

Тапсырма бойынша жұмыс маған көмектесті.

Менде ынта пайда болды

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. математика 6 класс, часть 3


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу