Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Центрлік симметрия. Осьтік симметрия | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- абсцисса осіне қатысты симметриялы нүктелердің ... болады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту. Жеке тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру, салып білу арқылы қоршаған ортада кездесетін сызбалардан (суреттерден) алынған ақпараттарды талдау және зерттеу. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру, симметриялы фигураларды көрсету. | |||||
Бастапқы білім | Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин
| Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Біріккен оқу ортасын құру. Үй тапсырмасын тексеру, көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастыру. «Математиктер биі» |
https://www.youtube.com/watch?v=fbGl0f6K_9I Слайд 4 | ||||
Сабақтың ортасы 3 – 9 мин 9 – 11 мин 11 – 18 мин 18 – 28 мин 28 – 30 мин
30- 36 мин 36 – 38 мин | Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды, қасиеттерді еске түсіре отырып жұмыстанамыз. Жалпы сыныппен талқылап орындау ұсынылады. №1. Қай фигураның симметрия осі жоқ? №2. Дәптерлеріне берілген суреттерді көшіріп алыңыз. k түзуіне қатысты симметриялы фигураны салыңыз. №3. Қызыл сызыққа қатысты симметриялы екі фигура берілген. Бос орынды толтырыңыз. А нүктесі ___ нүктесіне симметриялы. М нүктесі ___ нүктесіне симметриялы Тапсырмаларды орындау кезінде сырттай бақылаңыз, қажет болған жағдайда көмек ұйымдастырыңыз. Орындалған әр жұмысқа кері байланыс беріңіз. Сабақ мақсаты бойынша түсіндіріле орындалатын тапсырмалар: Координаттық жазықтықта нүктелерді салмай, - абсцисс осіне (көк түсті) - ордината осіне (қызыл түсті) симметриялы нүктелердің координаталарын жазыңыз: - координаталар бас нүктесіне (сары түсті) симметриялы нүктенің координаталарын жазыңыз. Мысалы, – абсцисс осінде 0,2 және -0,2 сандары қалай орналасқан? (координаталар бас нүктесінен бірдей қашықтықта және оған симметриялы). – ординат осінде 0,3 және -0,3 сандары қалай орналасқан? (координаталар бас нүктесінен бірдей қашықтықта және оған симметриялы). – Қандай қорытынды шығаруға болады? (нүктелер координаталар бас нүктесіне симметриялы орналасқан). – Координаталар бас нүктесіне симметриялы орналасқан нүктелердің координаталарын жалпы түрде жазу формуласын шығарайық. Координаталар бас нүктесіне симметриялы нүктелердің координаталары (x; y) и (– x; – y). Абсцисс осіне симметриялы орналасқан нүктелер координаталары(x; y) и (x; – y). Ордината осіне симметриялы орналасқан нүктелер координаталары(x; y) и (–x; y). – Тапсырманың жауабы: Жеке оқулықпен жұмыс (өзі оқып, түсініп орындауға) №1211 Координаталық жазықтықтағы А(2;5); В(-3;2); С(-4;-4) нүктесіне: ординаталар, абсциссалар остеріне қатысты симметриялы нүктені тауып, координаталарымен жазыңдар Дескриптор:
№1238 Координаталық жазықтықта. А(3;4) нүктесі берілген: 1) А нүктесіне ординаталар осіне қатысты симметриялы А1 нүктесін салыңдар; 2) А1 нүктесіне абсциссалар осіне қатысты симметриялы А2 нүктесін салып, оны координаталарымен жазыңдар. Координаталар басы О нүктесіне қатысты А және А1 нүктелері симметриялы бола ма? Дәлелдеңдер. Дескриптор:
№1240 Координаталық жазықтықтағы А(-3;1) нүктесі төбесі болатын, ABCD тік төртбұрышының симметрия центрі – E(2;3) нүктесі. Оның B, C және D төбелері координаталарымен жазыңдар. ABCD тік төртбұрышының ауданын табыңдар. Дескриптор:
Тапсырмалар орындалып болған соң ұсынылған дайын дескриптор бойынша оқушы өзін – өзі бағалайды. Жұппен орындауға тапсырма №1. Координаталық жазықтықта: 1) А(-8; 2); В(-2; 2); С(-2; -4) төбелері бойынша ABCD квадратын салыңдар. Оның D төбесін, координатасын табыңдар.; 2) ординаталар осіне қатысты ABCD квадратына симметриялы A1B1C1D1 квадратын салып, оның симметрия центрі болатын Ғ нүктесін табыңдар. Ғ нүктесін координаталарымен жазыңдар. №2. О нүктесіне қарағандағы берілген фигуралардың симметриясын салыңдар. Дескриптор: Білім алушы:
Дайын дескриптор арқылы жұптар арасында өзара бағалау ұйымдастырыңыз. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 Слайд 5 Қосымша 2 Слайд 6 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г. Слайд 7 Қосымша 3 Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. математика 6 класс, часть 3 Слайд 8 | ||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алынған оқу мақсаты, оның орындалуы туралы пікірлерін тыңдау. Үйге тапсырмасы № 1241 Тік бұрышты координаталар жүйесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты Е(х; 3) нүктесі Ғ(2; у) нүктесімен симметриялы. х – ті және у – ті табыңдар. Рефлексия Бүгін мен білдім … Мен … сезіндім Мен үшін қызықты болғаны … Бұл туралы менің басқа пікірім бар … Менің тағы да тыңдағым келеді … Тапсырма бойынша жұмыс … маған көмектесті. Менде ынта пайда болды … | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 5 Слайд 9-10 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Сабақ барысында шығарылатын есептер деңгейге қарай сараланған. Ұсынылған есептерде оқушы қабілеттері де ескеріледі. | Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. Жұптық және жеке жұмыстарда бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау жүргізіледі. | Іс – әрекеттегі өзгерістер оқушыларға күштері мен көңіл-күйлерін тиімді қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көзге жаттығу орындауды ұсыныңыз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?