Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Центрлік симметрия. Осьтік симметрия | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.5 осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру; | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға:
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сенімді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру, салып білу арқылы қоршаған ортада кездесетін сызбалардан (суреттерден) алынған ақпараттарды талдау және зерттеу. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру, симметриялы фигураларды көрсету. | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Вертикаль және сыбайлас бұрыштардың анықтамаларын білу; координаталық түзуді кескіндей алу және координаталық түзуде нүктелерді белгілей алу. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 4 мин
| Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу Біріккен оқу ортасын құру. Оқушыларға әр түрлі суреттері бар үлестірмелер таратыңыз. Кейбір суреттің центрлік симметриясы, ал кейбіреуінің осьтік симметриясы болсын, ал қалғандарында симметрия мүлдем болмасын. Оқушыларға үлестірмелерді қандай да бір белгі бойынша жүйеге келтіруді (классификациялауды) ұсыныңыз.
Осьтік және центрлік симметрия туралы ұғымды қалыптастыруға көмек беріңіз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялаңыз. |
Қосымша 1 Слайд 4 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 12 мин 12 – 13 мин 13 – 15 мин 15 – 24 мин 24 – 25 мин 25 – 26 мин 26 – 32 мин 32 - 37 мин 37 – 38 мин | Симметрия – грек сөзінен алынған. Ол белгілі бір тәртіптің болуын, бөлшектерді ұйымдастырудағы тұрақтылықты, парапарлықты білдіреді. Симметрияның ең қарапайым түрі түзуге қатысты симметрия. Осьтік симметрия Түзуге қатыстты симметрия (осьтік симметрия) – осьтік симметря болады, ал түзудің өзін симметрия осі деп атайды. Практикалық жұмыс №1. k түзуіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1нүктесін салу: 1) k түзуін және одан тыс А нүктесін салу; 2) А нүктесі арқылы k түзуіне AD перпендикулярын жүргізу ; 3) D нүктесінен бастап ұзындығы АD- ға тең DА1өлшеп салу. Түзуді бүктеу кезінде «жартылары» сәйкес келсе, онда ол осьтік симметриялы.
Практикалық жұмыс №2. s түзуіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрышты салуды өздері орындауды ұсыну. Нәтижесін тақтада көрсету арқылы өзін – өзі бағалауды жүзеге асыру. Қасиеті. Екі симметриялы фигуралар өзара тең. - кез келген бұрыштың бір симметрия осі болады, Жазықтықтағы симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия. Центрлік симметрия – нүктеге қатысты симметрия, яғни нүктеге қатысты оның екі жағында бірдей қашықтықта симметриялы бір нәрсе (мысалы, басқа нүктелер немесе нүктенің геометриялық орны) болуы. Егер O нүктесі AB кесіндісінің ортасында жатса, A мен B нүктелері O нүктесіне қатысты симметриялы болады. O нүктесі симметрия центрі деп аталады, ал фигура центрлік симметриялы болады. Практикалық жұмыс №3. O нүктесі қатысты AB кесіндісіне симметриялы кесіндіні салайық: 1) O нүктесі қатысты А нүктесіне симметриялы А1 және В нүктесіне симметриялы В1 нүктесін салу; 2) А1 және В1 нүктелерін қосамыз, сонда А1 В1 кесіндісін аламыз.
Практикалық жұмыс №4. О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрышты салуды өздері орындауды ұсыну. Нәтижесін тақтада көрсету арқылы өзін – өзі бағалауды жүзеге асыру. Қасиеті: Бір нүктеге қатысты симметриялы фигуралар тең. Координаталық жазықтықта О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама – қарсы сандар болады. Егер O нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура болады. Жалпы сыныптық ауызша талдау тапсырмалары: №1. а түзуі MK кесіндісінің ортасын белгілі бір тік емес бұрыш жасап қияды. а түзуіне қатысты M мен K нүктелері симметриялы бола ма? №2. Берілген фигура жұптары түзуге қатысты симметриялы ма?
№3. Фигуралар белгіленген нүктеге қатысты симметриялы ма?
№4. Қай нүкте A нүктесіне симметриялы екенін тап.
a түзуіне қатысты
арқылы бағалауды ұйымдастырыңыз. Жеке жұмыс №1. m түзуіне қарағанда К нүктесіне симметриялы К1 нүктесін салыңыз. a) Егер тік төртбұрыштан бір нүкте алып, оған симметриялы нүкте салсақ, ол осы тік төртбұрышта жата ма? b) m түзуіне қатысты фигура симметриялы ма? №2. А(-3;3), B(-2;3) нүктелері берілген. A1 нүктесі A нүктесіне, B1 нүктесі B нүктесіне координаталар басы O нүктесіне қатысты симметриялы. A1, B1 нүктелерінің координаталарын табыңыз. №3. Центрлік симметриясы болатын фигураны табыңыз. №4. Екі симметриясы да болатын фигураны табыңыз (центрлік, осьтік) Дескриптор: Білім алушы: - m түзуіне қатысты симметриялы нүктені салады; - координаталық жазықтықта симметриялы нүктелер салады; - центрлік симметриялы фигураны біледі: - екі симметриясы да болатын фигураны біледі. Дайын дескриптор бойынша жұпта өзара бағалау жүргізу. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 5 Қосымша 2 Қосымша 3 Слайд 6 Қосымша 4 Слайд 7 - 8 Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. математика 6 класс, часть 1 Қосымша 5 Слайд 9 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау: - осьтік және центрлік симметрия деген не? - түзуге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды салу алгоритмі; - нүктеге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды салу алгоритмі. Үйге тапсырма: № 1235 Берілген нүктелердің қайсылары О нүктесіне қарағанда симметриялы. № 1224 Симметрия осі бар фигураны таңдап, осін жүргізіңіз. Рефлексия: Бүгін біз сабақта нені білдік, оқушы пікірін тыңдау.
| Слайд 10 - 12 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442- Слайд 13 Қосымша 6 | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделендіріліп практикалық жұмыспен ұсынылады. Оқушының жаңа материалды меңгергенін, салу шеберлігін шыңдау барысында әр түрлі бағыттағы тапсырмалар дайындалды. | Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау, жеке жұмыста өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Орындалатын тапсырмалар практикалық жұмыстар болғандықтан оқушының еркін қозғалыста болуына көңіл бөліңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?