Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6 Сабақ №

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жазып білу;
  • берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алу.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • санды теңсіздіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;
  • санды теңсіздіктерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіреді;
  • сан аралықтарын оқиды;

Арнайы лексика және терминалогия: 

 - теңсіздік;

- санды теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- сәуле, ашық сәуле;

- аралық, кесінді;

- теңсіздіктерді шешу;

- жартылай интервал;

- <, >, , ,, ≤, ≥ символдары.   

  Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  •      (а; +) белгілеуін «а-дан плюс шексіздікке дейінгі аралық» деп оқимыз;
  • (–; а) белгілеуін «минус шексіздіктен а-ға дейінгі аралық» деп оқимыз;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.                                                       

 Бағалау

 критерийлері

Білім алушы:

  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жазады
  • берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

 Құндылықтарды

  дарыту

Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету.топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, орыс тілі (тілдік қатынастар бойынша), логика

АКТ қолдану дағдысы

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Бастапқы білім

Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Жақсы қасиеттер түзуі» тренингі. Сандық теңсіздіктер тек математикада емес, онымен қоса әдебиетте, күнделікті өмірде де пайдаланыланатынымызды ескеріп, әдебиетпен, өзін-өзі тану пәнімен байланыстырайық. Оқушыларға адамды координаталық түзу етіп алсақ, олардың бойында теріс жат әдеттермен қатар жақсы оң қасиеттері бар екені туралы айту. Олай болса теріс әдеттерден арылып жақсы қасиеттерді еселей беруге тырысу керекпіз. Әр оқушы қасындағы адамның жақсы бір қасиетін айтып кету ұсынылады.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен материалдарды қысқа жауаптармен шолу, үй жұмысын орындаулары бойынша анализ жасату.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с.

ISBN 9965-34-442-6

Сабақтың ортасы

6 – 18 минут

Ой жинақтау тапсырмалары

№1. (7 ; 12 ]; [- 5 ; 11 ); [0 ; 8]; [ 4 ; + ∞ ); ( - ∞; -4 ];

( 0; + ∞ )

Мына сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, түрін табыңдар, өзіңнің мысал келтір.

Дескриптор:

  • - сан аралықтарын біледі;
  • - мысал келтіре алады.
  • №2. у –тің қандай мәндерінде:
  • а) бөлшегінің мәндері бөлшегінің сәйкес мәндерінен артық болады;
  • в) бөлшегінің мәндері бөлшегінің сәйкес мәндерінен кем болады? Шешімдер жиынын координаталық түзуде кескіндеп, аралықпен жазыңдар.
  • Дескриптор:
  • - есеп шарты бойынша теңсіздік құрады;
  • - теңсіздікті шешеді;
  • - шешімдер жиынын координаталық түзуде кескіндейді, аралықпен жазады.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с.

ISBN 9965-34-442-6

19- 30 минут

31-38 минут

№3.

a) 1,6 – (3,2 – 0,2у) < 5,1 теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды табыңдар;

b) 8(0,6 – y) < 24,2 – 7y теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен кіші санды табыңдар;

c) (2 – 1,2n) – ( 0,5n – 6,5) айырмасы натурал n–нің қандай мәндерінде оқ болады?

  • Дескриптор:
  • - есеп шарты бойынша теңсіздік құрады;
  • - теңсіздікті шешеді;

- есеп шарты бойынша жауап жазады.

Жұппен жұмыс

№1. Берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу тапсырмалары, біртіндеп күрделендіруді ұсыну:

№2. Мына сан аралықтарының сәйкес шешімдерін жазыңдар(қиылысуы, бірігуі)

Дескриптор: Білім алушы:

  • сан аралықтарының өзара орналасуын біледі;
  • аралықпен жазады.

Жеке жұмыс

№1. Координаталық түзудегі боялған бөлікті теңсіздік түрінде және сан аралығымен жазыңдар:

Дайын дескриптор бойынша өзін-өзі бағалайды.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с.

ISBN 9965-34-442-6

Ғаламтор беттерінен

http://zkoipk.kz/math-textbook-project/7-class/2126-algebra-7.html

Сабақтың соңы

  39-40 минут

Қорытынды

Рефлексия өзін- өзі бағалау арқылы қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма: № 1056

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с.

ISBN 9965-34-442-6

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмаларды оқушылар қабілетіне қарай саралау, біртіндеп күрделендіру. Тапсырмалар сызба жұмыстары арқылы ойлау қабілетін шыңдауға бағытталған.

Оқушылардың сабақты меңгергені, санды теңсіздіктің қасиеттерін түсініп, қолдануларын дескриптор бойынша бағалау. Сабақ соңына қарай өзара бағалау жүргізу. Сабақ соңында өзі деңгейін «Білім ағашы» арқылы қорытындылайды.

ТҚ , бөлмедегі жарықтың көзге әсерін қадағалау. Жұптық, жеке жұмыс тапсырмаларының сызба жұмыстарының көрінуіне назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу