Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Оқу мақсаттары:

Бағалау критерийлері:

Психологиялық ахуал

«Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»

Қызыл -

Алқызыл -

Сары -

Көк -

Қоңыр -

Күлгін -

Қара

Ақ -

қуанышты көңіл күй,

ұнамды көңіл күй,

жағымды көңіл күй,

суық көңіл күй,

қиналған көңіл күй,

алаңдаушы көңіл күй,

күш қуаттың төмендеуі,

анықталмаған көңіл күй.

«Әрекет» жаттығуы. 

1.(-1; 3] және [1; 5) сан аралықтарының қиылысуын тап:

А) (1; 3]; B) [1; 3]; C) (-1;3]3.

2. (-3; 4] және [-1; 6]сан аралықтарының бірігуін тап:

А) (-3; 6); В) [-3; 6]; С) (-3; 6]

3. [1; 5) сан аралығына мына сандардың қайсысы жатады?

А) 1;2;4; В) 2;3;5; С) 1;3;55.

4. Екі сәуленің қиылысуы [-4; 5] кесіндісі болатын сан аралығын тап.

А) х≥-4, х<5; В) х≤-4, х≥5; С) х≥-4, х≤5

ДескрипторБілім алушы

- есептің шартына сәйкес сан аралығын табады;

- сан аралықтарының қиылысуын табады;

берілген сан аралықты қос теңсіздік түрінде жазады.

«Ой қозғау»

а) Сан аралығының неше түрі бар?

б) Қандай сан аралығы интервал деп аталады?

в) Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?

г)  Жартылай интервал дегеніміз не?

д) Сәуле, ашық сәуле деп нені айтамыз?

е) Сан аралығының қиылысуы дегеніміз не?

ж) Сан аралығының бірігуі деп нені айтамыз?

Жаңа сабақ

5x-2<8;   х-5>0;   3х+5>21-х – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

Анықтама. ax > b  немесе ax < b түріндегі теңсіздіктер бір айнымалы сызықтық теңсіздіктер деп аталады, мұндағы а және b – кез келген сандар, а ≠ 0х – айнымалы.

Анықтама. Айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі (түбірі) деп атайды.

Мысалы, x + 6 < 18. х-тің орнына 2 мәнін қойсақ, онда 2+ 6 < 188 < 18 дұрыс теңсіздігін аламыз.  х– теңсіздіктің шешімі (түбірі).

Теңсіздікті шешу  – оның барлық шешімін табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік.

«5(x – 3) > 2x – 3 теңсіздігін қалай шешуге болады?»

Сызықты теңсіздікті шешудің алгоритмі

Мысал. Теңсіздікті шешу: 5(x – 3) > 2x – 3

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:

1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;

2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;

3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;

4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;

5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.

Мысалы: 

1. 4(х-3)+5х≥3х                                  2 .7(х+1)-4х>3х+16

  4х-12+5х≥3х                                           7х+7-4х>3х+16

  4х+5х-3х≥12                                               3х-3х>16-7

  ≥12                                                                0х>9

  х≥2                                               Жауабы: шешімдері жоқ

Жауабы: [2; +∞ ) немесе х≥2.

3. 6х+17>2(3х+4)

    6х+17>6х+8

    6х-6х>8-17

    0х>-9

Жауабы: Кез келген сан.

Қорытынды

Жұптық жұмыс

Жауаптары:

№1. 1) d) x < 2; 2) b) x < 5; 3) b) x > 3; 4) a) x > 2; 5) b) – 6 > –10

№2. 7a > 7b.

№4.  x > 2.

Сергіту сәті:

«Еден-төбе-мұрын» әдісі

Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Өз беттік жұмыс

Сәйкестендіру

Рефлексия:

Үйге тапсырма: №1025.

«СЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚ»

Сабақ ұнады ма?  

Қызық болды ма?  

Не қызықтырды?  

Не үйрендіңдер?

- Нені тағы үйренгілерің келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу