Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.10 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - теңсіздік; - қатаң теңсіздік; - қатаң емес теңсіздік; - теңсіздіктерді шешу; - сызықтық теңсіздік; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу. Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру. Психологиялық ахуал: «Сіздің көңіл күйіңіз қандай?» Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу. 1а) Интерпритация Қызыл-қуанышты көңіл күй, Алқызыл-ұнамды көңіл күй, Сары-жағымды көңіл күй, Көк-суық көңіл күй, Қоңыр-қиналған көңіл күй, Күлгін-алаңдаушы көңіл күй, Қара-күш қуаттың төмендеуі, Ақ-анықталмаған көңіл күй. Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. |
| ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 - 8 мин | «Әрекет» жаттығуы. Оқушыларға тест тапсырмалар берілді. Олар жылдам сан аралықтарының қиылысуын тауып тез жауап қайтарады.. 1.(-1; 3] және [1; 5) сан аралықтарының қиылысуын тап: А) (1; 3] B) [1; 3] C) (-1;3]3. 2. (-3; 4] және [-1; 6]сан аралықтарының бірігуін тап: А) (-3; 6) В) [-3; 6] С) (-3; 6] 3. [1; 5) сан аралығына мына сандардың қайсысы жатады? А) 1;2;4 В) 2;3;5 С) 1;3;55. 4. Екі сәуленің қиылысуы [-4; 5] кесіндісі болатын сан аралығын тап. А) х≥-4, х<5 В) х≤-4, х≥5 С) х≥-4, х≤5 Дескриптор: Білім алушы - есептің шартына сәйкес сан аралығын табады; - сан аралықтарының қиылысуын табады; - берілген сан аралықты қос теңсіздік түрінде жазады. «Ой қозғау» а) Сан аралығының неше түрі бар? б) Қандай сан аралығы интервал деп аталады?в) Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?г) Жартылай интервал дегеніміз не?д) Сәуле, ашық сәуле деп нені айтамыз? е) Сан аралығының қиылысуы дегеніміз не? ж) Сан аралығының бірігуі деп нені айтамыз? |
| ||||||||||||||||||||||
9 – 18 мин | Жаңа сабақ Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. 5x-2<8; х-5>0; 3х+5>21-х – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер. Анықтама. ax > b немесе ax < b түріндегі теңсіздіктер бір айнымалы сызықтық теңсіздіктер деп аталады, мұндағы а және b – кез келген сандар, а ≠ 0. х – айнымалы. Анықтама. Айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі (түбірі) деп атайды. Мысалы, x + 6 < 18. х-тің орнына 2 мәнін қойсақ, онда 2+ 6 < 18, 8 < 18 дұрыс теңсіздігін аламыз. х– теңсіздіктің шешімі (түбірі). Теңсіздікті шешу дегеніміз не? Теңсіздікті шешу – оның барлық шешімін табу немесе шешімдері болмайтынын дәлелдеу. «5(x – 3) > 2x – 3 теңсіздігін қалай шешуге болады?» проблемалық жағдай туындатыңыз. Сызықты теңсіздікті шешудің алгоритмі Мысал. Теңсіздікті шешу. 5(x – 3) > 2x – 3
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.Мысалы: 1.4(х-3)+5х≥3х 2 .7(х+1)-4х>3х+16 4х-12+5х≥3х 7х+7-4х>3х+16 4х+5х-3х≥12 3х-3х>16-7 6х≥12 0х>9 х≥2 Жауабы: шешімдері жоқЖауабы: [2; +∞ ) немесе х≥2. 3. 6х+17>2(3х+4) 6х+17>6х+8 6х-6х>8-17 0х>-9Жауабы: Кез келген сан. Осыдан келіп оқушылардың өздеріне бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуде қандай жағдайда шешімі болатыны, болмайтыны немесе кез келген сан болатынына қорытынды жасату. 1.ax > b, а, х. Ж: ( 2. ax > b, а, х. Ж: ( 3. а = 0, b 0x > b теңсіздігінің шешімі болмайды. 4. а = 0, b 0x > b кез келген сан. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С. Байшоланов, Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. | ||||||||||||||||||||||
19 – 28 мин | Жұптық жұмыс №1. Тест. Теңсіздіктерді шеш. 1) 3x < 8 – x a) x > 2 b) x > 5 c) x > 3 d) x < 2 2) 4x – 3 <12 + x a) x < 2 b) x < 5 c) x > 3 d) x < 2 3) 5 + 4x > 20 – x a) x < 2 b) x > 3 c) x < 5 d) x < 2 4) 2(3 + x) > 18 – 4x a) x > 2 b) x < 5 c) x < 3 d) x < 2 5) 3 < 5 санды теңсіздігінің екі жағының (–2)-ге көбейтіндісін тап. a) 3 < 5 b) – 6 > –10 c) 3 > 5 d) 6 < 10 №2. a > b болғанда 7a мен 7b -ны салыстыр. №3. 8,8 > –7,7 теңсіздіктің екі жағының да (–1) санына көбейтіндісін тап. №4. 4x-8 өрнегі x-тің қандай мәнінде оң мән қабылдайтынын табыңыз. №5. a>b екені белгілі. Салыстырыңыз. a) 18a____18b; b) -6,7a____-6,7b; c) -3,7b____-3,7a. Жауаптары: №1. 1) d) x < 2; 2) b) x < 5; 3) b) x > 3; 4) a) x > 2; 5) b) – 6 > –10 №2. 7a > 7b. №3. - 8,8 7,7. №4. x > 2. №5. а) 18a > 18b; b) -6,7a-6,7b; c) -3,7b3,7a. | Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. «Еден-төбе-мұрын» әдісі Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. | презентация | ||||||||||||||||||||||
31 – 37 мин | Өз беттік жұмыс Оқушыларға сәйкестендіруге берілген жеке тапсырма ұсыныңыз.
| Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. №1025 Рефлексия.
| Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С. Байшоланов, Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жұптық жұмыста және жеке жұмыстарда беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. |
| Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?