Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.11 алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
Шешімін аралық түрінде жаза алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - теңсіздік; - қатаң теңсіздік; - қатаң емес теңсіздік; - теңсіздіктерді шешу; - сызықтық теңсіздік. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| |||||||||||||||||
Бастапқы білім |
| |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу. Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру. Психологиялық ахуал Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап алайық. Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. |
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 - 8 мин | «Миға шабуыл» - Қайталау. Оқушыларға өз беттерімен орындауға тапсырма беру. Теңсіздіктерді шешу алгоритмін қолданып берілген теңсіздікті шешіңіздер. 15y + 3 ≤ 7 + 3y
|
| ||||||||||||||||
9 - 18 мин | Сыныппен жұмыс. №1. Теңсіздіктерді шешіп, координаталық түзуде кескінде. 2(x + 1) – 4x > – 3x + 8 №2. 5x + 1 > 6 теңсіздігінің шешімі табыңыз және жауабын сан аралығы түрінде жазыңыз. №3. Бұл сан аралығы төмендегі қай теңсіздіктің шешімі болатынын көрсет. 1.11x + 1 > – x – 1 2. 10 + x > 0 3. – x + 13 ≥ – 3 4. x ≥ – 13 №4. Теңсіздікті шеш: 5 + x < 3 – x. №5. Теңсіздікті шеш: 8x – 5 ≥ – 24. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С. Байшоланов, Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.
| ||||||||||||||||
19 – 28 мин | Жұптық жұмыс №1. Кестеде теңсіздіктер және оның шешімдері берліген. Шешімі дұрыс көрсетілген болса «+», ал шешімі қате көрсетілген болса «-» қойыңыз.
№2. −3𝑥 ≤ −45 теңсіздігіне қандай сандық аралық сәйкес келетінін табыңыз. №3. Теңсіздікті шеш: 3(x+2)>4(x+3) |
| ||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. «Атомдар мен молекулалар» әдісі Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды. | |||||||||||||||||
31 – 37 мин | Өз беттік жұмыс Теңдеудің түбірлерін тауып, кестені толтыр.
|
| ||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №1028. Рефлексия. «Анкета» әдісі. Оқушыларға кішігірім анкета ұсынылады,ол өзгертуге болатындай толықтырылып отырылады, яғни сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді.Оқушылардан өздерінің жауаптарын дәлелдеп беруін сұрауға болады.
| Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С. Байшоланов, Е.С. Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен жұмыста және жұптық, жеке жұмыстарда беріледі. Жалпы сыныппен, жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. |
| Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?